ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Ипотекалық несиелендіру жүйесі: ұғымы, бағыттары, түрлері
1.2 Нарықтық экономикаға өту барысындағы ипотекалық несиелендірудің рөлі
1.3 Ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін тұрақтандыру үшін қажетті шарттар
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІ ТАЛДАУ
2.1 Ипотекалық несиелендірудің Қазақстандағы рөлі мен алғышарттары
2.2 АҚ «Қазақстан Ипотекалық Компаниясының» ипотекалық несиелендіру шаралары
2.3 Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің ипотекалық несиелендіру жүйесін талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕНДІРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМУЫ
3.1 Ипотекалық несиелендірудің келешектері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмыстың мақсаты: Тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесi Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үй жағдайын жақсарту үшiн қарыз алу мақсатында жеке жинақтардың (қазiргi кезде тұрғын үй құнының 25%-нен кем емес) қорлануына негiзделген тұрғын үйлердi қаржыландыру тетiгiн бiлдiредi. Тұрғын үй құрылысы жинақтарының осы жүйесi көп жағдайда екiншi деңгейдегi банктерден ипотекалық кредиттер алу кезiнде бастапқы жарнаны енгiзу үшiн жеткiлiктi қаражаты жоқ, бiрақ жеткiлiктi тұрақты кiрiсi бар азаматтардың санаттарына арналған.

Құрылыс жинақтары жүйесiнiң субъектiлерi арасындағы қатынастардағы мемлекеттiң рөлi Қазақстан Республикасының азаматтары салымшыларға көрсетiлген жинақтарға салымдар бойынша сыйлық төлеу жолымен тұрғын үй құрылысы жинақтарының жүйесiне қолдау көрсету болып табылады. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкi, банк салымшылары және салымдар бойынша сыйлықтарды тұрғын үй құрылыс жинақ банкiне аудару мен төлеудi жүзеге асыратын мемлекет құрылыс жинақтары жүйесiнiң қатысушылары болып табылады.  Тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесiнiң Мемлекеттiк бағдарламаны iске асыруға iс жүзiнде қатыспайтындығы оның әлсiз жақтары болып табылады. Сөйтiп, Мемлекеттiк бағдарлама бойынша ТҚЖБ жүйесi енгiзiлуiнiң басы — 2005 жыл, қаражатты жинақтау мерзiмi — 3 жыл болса, ТҚЖБ жүйесiнiң қолданысқа енгiзiлуiнiң басы — 2008 жылдан басталады. Қандай  да экономикалық қызмет болмасын ол адамдардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға бағытталады. Яғни, экономикалық дамуда әлеуметтік мәселе бірінші орында болады. Ал осы әлеуметтік мәселелердің ең бастысы қандай да жеке тұлға болмасын ол отбасын құрап, өзінің баспанасы болуын қалайды. Бірақ әрбір жас отбасылардың қазіргі таңдағы элиталық немесе қарапайым үйлерді алуына қаражаттары жетпейді. Сонымен қатар әрбір тұлғаның өзінің жеке кәсібімен шұғылдануына және де көптеген әлеуметтік қажеттіліктерге қол жеткізуіне жағдайы келе қоймайды. Осы әлеуметтік мәселелерді шешуде несиелеу механизмінің маңызы ерекше. Осы аталған қажеттіліктерге байланысты қаражаттары шамалы, бірақ тұрақты жалақылары бар азаматтарды несиелеудің ең ыңғайлы жолы мен түрі ипотекалық несиелеу болып табылады.  Зерттеудің мақсаты ретінде қазіргі күнгі Қазақстандағы ипотекалық  несиелендірудің даму жолдарын  талдау  көзделіп отыр. Мұндай мақсатқа  коммерциялық банкте тұтынушылық несиелендіру жөніндегі қалыптасқан  көзқарастарды   және  оны арттыруға бағытталған  іс-шараларды жүйеге келтіру  қажеттілігінен  туындап отыр.   Ипотека — бұл несие берушінің алдында бұл мiндеттемелердiң қамтамасыз етуге арналған жылжымайтын мүлiктiң кепiлдiктерi. Ипотекалық несие беру барысында, несие алушы, жылжымайтын мүлiктi немесе басқа мақсаттарға қарыз алады. Несие алушының, несие берушінің алдындағы мiндеттемесi қарызды өтеуi болып табылады, бұл мiндеттемені орындауды қамтамасыз ететін, жылжымайтын мүлiктi айтуға болады. Сонымен бiрге тек қана тұрғын үйді емес, жылжымайтын мүлiктiң басқа да объектілерін сатып алуға немесе қарызға қоюға болады: жер, автокөлiк, яхта және т.б. Ипотекалық несиелендіру арқылы алынған жылжымайтын мүлiк, жылжымайтын мүлiкті алғаннан бастап несие алушының меншiгі болып табылады.

Қазақстандағы ипотеканы пайдаланудың кең таралған түрі – несиеге пәтер алу болып табылады. Ережеге сәйкес кепілдікке, жаңа алынған үй және жеке меншігінде үй қойылады.  Ипотекалық  несиелендіру халықтың – тұрғын үй жағдайын жақсартудағы, банктің –  тиімді және табысты жұмыстағы, құрылыс  кешенінің – өндірістің және халықты  ипотекалық несиелендіруді кеңімен  таратуға ықпал ететін экономикалық өсуге мүдделі мемлекеттің серпінді жұмыс істеуіне деген мүдделерді келісуге мүмкіндік береді. Ипотекалық несиелер екінші деңгейлі банктермен беріледі және әр қайсысының несие беру шарттары әр түрлі. Ипотека шарттары, басқа несиелер сияқты несиелендіру мерзімі және пайыздық мөлшерімен сипатталады. Сонымен қатар ипотека жағдайында несие соммасы алынатын үй құнының біршама пайызын құрайды. Құнның қалған бөлігі, бастапқы жарна болып есептеледі және ипотекалық несие алу үшін несие алушы да болуы қажет. Ипотеканың маңызды шарттарының бірі, өзінің жаңа үйі үшін ипотекалық банкке беретін төлемдерді жүргізу тәртібі болып табылады.Ипотекадағы несие валютасы ұлттық және шетелдік болуы мүмкін. Қай валютада ақша салу, несие алушының өз еркі. 2005-2007 жылдарға арналған Қазақстан  Республикасының тұрғын үй құрылысын  дамытудың Мемлекеттік бағдарламасына  сәйкес, Тұрғын үй құрылысы Қазақстанның  дамуында басты бағыттарының біріне айналуда. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылғы 23 ақпандағы Парламенттегі «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауында: «Нарықтық жағдайда әлеуметтік саланы дамыту үшін тұрғын үй сатып алу мәселесі мен жылжымайтын мүлік нарығының дамуы өте маңызды. Тұрғын үй құрылысын дамытуға арналған. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың екі жылында ғана тұрғын үйдің 11 миллион шаршы метрі енгізілді. Бағдарлама 30 пайызға озып, алда жүруде. Біз осы Бағдарламаны жасап, тұрғын үйді кімнің алатынын анықтадық». Бағдарламада қолжетімді тұрғын үй мен жылжымайтын мүлік нарығы дамуының саласындағы саясаттың тізбектілігіне ерекше назар аударылды. Әрине бұл мәселелер Қазақстандағы тұрғын үйді ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайына байланысты туындап отырғаны анық. Халықтың  барлығына қолжетімді тұрғын үй құрылысының  тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның құнын арзандатпайынша, тұрғын несие мерзімі ұзартылмайынша және несиелеу мөлшерлемесі төмендемейінше мүмкін емес. Мұндай мақсатқа тек тұрғын үйді ипотекалық несиелеу жүйесін дамытып, жетілдіру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Ипотекалық  несие – бұл тұрғын үй құрылысына инвестиция тартудың ең тиімді тәсілі. Ипотекалық несиенің халықтың тұрғын үй жағдайының жақсаруына, банктердің тиімді және пайдалы жұмыс жасауына, сондай-ақ еліміздегі құрылыс кешенінің қарқынды дамуына мүмкіндік жасайтынын әлемдік тәжірибе дәлелдеп берді.  Жылжымайтын мүлік бағасының шамадан тыс  өсуіне, тұрғын үй құрылысына инвестиция жұмсау деңгейінің төмендігі жағдайына  байланысты орташа табысы бар әлуетті  қарыз алушы ипотекалық несие  алу мүмкіндігінен айырылып қалуда.  Мұндай  мәселелерді шешуде Қазақстан жұмыс  жасап отырған қазіргі тұрғын үй ипотекалық жүйесін дамыту мен  жетілдірудің маңыздылығы теориялық  және тәжірибелік тұрғыдан арта түседі. Қазақстан Республикасының экономикасындағы ипотекалық несиелендірудің тиімді пайдалануы барысындағы жоғарыда аталған  мәселелердің бүгінгі күнге дейін  жете зерттелмей келуі, әлемдік дәрежедегі ипотекалық дағдарыс, бұл курстық жұмыста зерттеуге себеп болды.

 Курстық жұмыс / 34 бет