Инвестицияның мәні, мазмұны және ерекшелігі

Пол Хейне өзінің «Экономикалык ойлау» еңбегінде инвестиция түсінігіне анықтама берген: Жиынтық өндіріс тұрақсыздығы мен пайданың тұрақсыздығы Кейнс бойынша инвестициялық шығындардың мөлшері. Инвестиция дегеніміз не екенін есімізге түсірейік. Инвестициялау дегеніміз – бізге болашақта пайда әкелетін игіліктерді сатып алу. Сондықтан да, фирма өзіне қажет құрал-жабдықтарды сатып алғанда инвестор болады.
Инвестиция өндірісті дамыту мен жаңарту процесіне келетін шығындардан тұрады, ол жаңа технологияны енгізумен байланысты.
Жинақ пен инвестиция арасында үлкен айырмашылық бар:
1.    Жинақты тұтынушы, ал инвестицияны инвестор жүзеге асырады.
2.    Жинақ инвесторларға  өз мүддесін қорғайтын адамнан келеді.
Сонымен, инвестиция динамикасын анықтайтын факторлар:
— табыс.
— құрал көлемі
— салық салу
— инвестициялардан келетін пайда
Айта кететін жағдай инвестиция денгейі қоғамның ұлттык табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көтеген макро- пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді.
Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процессін анықтайды. Инвестиция  көзі – жинақ. Жинақты бір шаруашылық агенті жүргізіп отырса, ал инвестицины  басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субъектілер жүргізуі мүмкін.
Инвестиция кандай факторларға тәуелді?
Біріншіден, инвестиция процесі құтылып отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабелділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабелділік төмен болса , онда қаржыландыру жүзеге аспайды.
Екішіден, инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының  альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады  және  мұндағы  шешуші фактор процент ставкасының денгейі. Егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан жоғары болса, инвестиция жузеге аспайды, керісінше, егер процент нормасы күтіліп отырған пайда нормасынан төмен болса, кәсіпкерлер  күрделі қаржыны  іске қосады.
Процент нормасы, инвестициялар мен   жинақтар арасындағы  өзара байланысты графикпен былайша көрсетуге болады.
( 1 график)
Графикте жинақ пен инвестицияның өзара теңдігі  көрсетілген. II – инвестиция; SS — жинақ координата өсіндегі процент нормасы (ч); абцисса өсіндегі жинақ пен инвестиция. Олай болса, инвестиция процент нормасының қызметі,  I=I® кемітін қызмет: процент ставкасы жоғары болса, инвестиция төмендейді. Жинақта процент нормасының қызметі S=S (r) бар, бірақ, ұлғаятын, өсетін  r0-ге тең процент дәрежесі бүкіл экономика көлеміне жинақ пен инвестицияның теңдігін қамтамасыз етеді,  ол  r1 және r2 дәрежелер бұл жайдан  ауытқуды көрсетеді.
Ескертетіін жағдай: процент дәрежесімен  инвестиция және жинақ көлемдерінің  арасындағы қызмет  байланыстары. Жаңа классиктер мектебі теоретиктерінің еңбектерінде орын алған. Инвестицияның  кейнсиандық  тұжырымында, классиктер еңбектеріндегі  сияқты процент нормасының қызметі көрсетілген, ал жинак болса Дж. Кейнстің пікірінше табыстың қызметі: S=S (V)
Бұл жерде Дж. Кейнстің пікірі, мысалы,  жинақ көлемінің процент ставкасының мөлшерімен байланысты деген А. Маршалдың пікірінен өзгеше.
Үшіншіден, инвестиция сол елдегі салық салу  деңгейіне  тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы  инвестицияны ынталандырмайды,  сонымен  қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп  үзілді-кесілді қарауға болмайды.
Инвестициялардың жинак пен  табыстың өзара әрекетін анықтаушы маңызды макроэкономикалық  пропорцияларды былайша  сипаттауға болады:
Y=C+I яғни, ұлттық табыстың  пайдаланылған бөлігін тутыну (С) және жинақ () шығындарының  саласына тең.  Мұнда тутыну табыстың қызметін атқарады, яғни С=С( Y)
Екінші жағынан, өндірілген ұлттық табысты былайша көрсетуге  болады: Y=C+S мұнда S табыс қызметін атқарады, олай болса S=S(V). Сонымен, егер  C+I=C+S  болса, онда  I=S, инвестиция қызметі  r:1=1(r) болады да,  ал жинақ   қызметі  V:S=S(V)  болады.
I(r)=S(V)  теңдігі экономикада  жиынтық сұраныс пен жиынтык  ұсыныс арасындағы тепе-теңдік үшін белгілі бір пропорцияларды сақтаудың маңыздылығын көрсетеді.
Енді жинақ пен инвестицияның тепе-теңдігі жағдайындағы ұлттық табыс деңгейін анықтайық. Графикалық талдауды қолдана отырып,  кейнсиандык  концепцияның I=S түсіндіруінің  классиктер теориясынан айырмашылығын қарастырайық.
Абцисса өсінде кескінделген ұлттык табыс деңгейі ордината өсінде кескінделген жинақ пен инвестиция (S, I), I  сызығы ұлттық табыстың кез — келген дәрежесінде  инвестицияның  өзгермегендігін  көрсетеді, яғни  I I  ұлттық табыстан тәуелсіз. Графикте көріп  отырғанымыздай, ұлттық табыстың  өсуімен  жинақта өседі.
Ұлттык табыстың қандай дәрежесінде  I I  мен   SS  арасында теңдік орындалады? Графикті талдау Е нүктесінде  I I  және SS сызықтары қиылысады.
Абцисса өсімен тік сызық өсін жүгіртсек, ұлттық табыстың көлемі ON–ге тең болған  жағдайда инвестиция  мен  жинақ  арасында тепе-теңдік орындалады. Бұл жерде  ұлттық табыстың бұл деңгейі  жұмыс пен толық қамтуды F F  сызығы қамтамасыз ете алмайды. Бұл сызық S пен I қиылысу нүктесінің оң жағынан өтеді, сөйтіп Кейнстің ұлттық табыс тепе-тендігі жұмыспен толық қамтылған жағдайда да орын алады дегенді қуаттайды. N нүктесі ұлттык табыстың тепе-теңдікте болуы жағдайын көрсетеді. I мен S  арасындағы тепе-теңдік бұзылғанда елдің экономикасы әрдайым соған қарай  ұмтылады.
Егер SS сызығы II-ден артса, онда қоғамдағы жинақ көлемінің инвестиция көлемінен көп екендігін сипаттайды.  Сонда шаруашылыктың қандай жағдайы болмақ?  Бұл тауарлы өнімнің бір бөлігі өтпейді деген сөз, ал II=SS жағдайында адамдар тұтынуы азаяды. Тауар өндіруші фирмалар сұраныстың азаюына жолығады да, өндірісті бірте-бірте қыскартады. «Көрінбейтін  көл» қоғамдык өндіріс  деңгейін итермелейді, сөйтіп ұлттық табысты N нүктесіне қарай қозғайды. Егер II>SS кері процесс орын алады.
S пен I сызықтарының тепе-теңдігінің классикалык моделінің кейнсиандык моделінен айырмашылығы неде?  Айырмашылығы мынада  біріншіден, классикалық модельде ұзақ мерзімді жұмыссыздықтың орнын алу мүмкін емес сияқты. Бағаның икемі ықпалы бұзылған тепе-теңдікті қалпына келтіреді.
Ал Д. Кейн моделі  бойынша I мен S теңдігі жұмыспен толық қамту болмағанда жүзеге асады. 2–суретте ұлттық табыс денгейі N нүктесінде жұмыспен толық қамту деңгейінен төмен. Пунктирлі сызық, егер ұлттық табыс көлемі F нүктесінде жатса  жұмыспен толық қамту орын  алатындығын көрсетеді. Бұл деңгейге қалай жетуге болады және бір мезгілде I мен S-тың  теңдігін қалай сақтау керек? Бұл мәселе былайша шешіледі: II сызығын жинақ сызығында орналаскан F нүктесімен қиылысқанга дейін жоғары көтеру керек. Басқа сөзбен айтқанда, егер инвестициялық процесс жанданып, ұлғаятын болса, онда тепе-тендікке жету жұмыспен толық қамтылғанда ғана мүмкін.