Инновациялық үрдістің мәтіні мен құрылымы

Инновациялық үрдіс — кезең-кезеңмен өтетін процес. Яғни, жаңалықтардың басты ойларынан іске асыруға дейін, сатуға және сол жаңалықтың диффузиясына дейін апаратын іс-әрекеттер.

Инновациялық үрдіс — кез келген экономика субъектісінің инновациялық қызметі. Басты бағыты аяқталған ғылыми зерттеулердің нәтижелерін жаңа немесе жетілдірілген өнім түріне келтіріп, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процестің нарыққа сату.

Инновациялық процесстің маңызы – жаңалықтардың инициациялық мақсат бағытымен жүретін әрекеттер. Яғни жаңа өнімдерді өңдеп, оларды базарларға сату және әрі қарай диффузияландыру.

Инновациялық процестің құрылымына 7 элемент кіреді. Олардың бір жүйелілікке бірігу нәтижесінде инновациялық процестің құрылымын құрайды.

1. Инициация;

2. Инновацияның маркетингі;

3. Инновацияны өндіріп шығару;

4. Инновацияны сату;

5. Инновациялардың өтуі;

6. Инновацияның экономика тиімділігін бағалау;

7. Инновацияның диффузиясы.

Инициация — жаңалықтардың жасауларымен күнделікті тұрмысқа енгізу кезеңі. Оның негізі ғылым- новаторлар мен ұйымдастырушылар ұжымының жұмысынан тұрады. Олар түрлі творчестволық шешімдердің және дәстүрлі емес әдістерін қолдана отырып өмірге инновацияларды негіздеп, енгізеді.

Инновацияның маркетингі – стратегиялық және оның шапшаң құрастырушысынан тұратын кезең. Басты мақсаты базар конъюктурасының зерттеуінің нәтижесіне сүйене отырып, базардың сегменттерін құру, сұранысты ұйымдастырып, қалыптастыру, сатып алушының мінез — құлықтарын үлгіге алу, фирма қызметін шапшаңдату, жағдайға қарап нәтижелілікпен басқару, жаңалықтарға бәсеке стратегиясын қалыптастыру.

Инновацияны өндіріп шығару — өндіріс процесін жинақты орындау. Яғни, еңбек заттары мен еңбек құралын таңдау, өндірістік процесін керекті қорлармен, жабдықтармен, жұмыс аспаптарымен, бақылау құралдарымен қамтамасыз ету. Оларға келесі факторлар әсер етеді:

— механикаландырудың, автоматтандырудың, мамандандырудың деңгейі;

— технологиялық процестердің  деңгейі;

— технологиялық процестердің және жабдықтаудың орта жасы;

— жабдықтау жұмысының ауысымдылық коэффициенті;

— фирманың штаттық кестесінің жинақылығы;

— қор қырағының  еңбегі (негізгі қорлардың белсенді бөлім құнының

қызметкерлер санына қатынасы);

— өндіріс құндылығының көрсеткіштері (кадрлардың тұрақсыздығы, еңбек өнімі, жұмыс уақытының бос өтуі, өндіріс процестердің пропорционалдығы, параллельдігі, ырғақтылығы).

Инновацияны сату- сату, нарық сегментациясын өткізуі арқылы пайда болған инновациялық партиялардың базарға шығуы (нарық сегментациясы: әлеуметтік–демографиядан, пайда, мінез — құлық, әлеуметтік–мәдениеттен және өнеркәсіп тауарларының сегментациясынан тұрады), мақсат сегментациясын таңдау (тұтынушылардың тобын анықтау); тауарлардың позиционерлеу (тауардың имиджін жасап шығару); тауарды сатуға арналған шапшаң маркетинг бағдарлама мен нәтижелі жарнама шығару; тауардың өтуіне байланысты ынталандыру әдісін ұйымдастыру.

Инновациялардың өтуі- инновациялардың өтуіне, өтім желілер (тарату каналдары) функциясының орындалуы көмектеседі:

— базар сегментациясының нәтижелерін зерттеу мен жарнаманы   жоспарлау;

— тұтынушылар мен делдалдармен  келісім-шарт орнату;

— клиенттерге келген тауарлардың түсіру жоспарын құру;

— өтім каналдарын анықтау (көтерме, бөлшектер, саудагерлер, агенттер, делдалдар, қызмет ететін сауда ұйымдар, меншікті өтім  желілері);

— тауарлардың қабылдауын, сақтауын, қорабшасын, сорттарға бөліп және түсіруін ұйымдастыру;

— тауардың ақпараттық, қорлық және техникалық түрімен қамтамасыз  етіп, оның өтімін ұйымдастыру;

— өтімнің жоғарлауына байланысты ынталандыру әдісін ұйымдастыру (тұтынушыларға, сауда желілеріне жеңілдіктер жасау);

— тұтынушылармен кері байланысты құру және оны ретке келтіру.

Инновацияның экономика тиімділігін бағалау — инновацияның шығындар мен табыстылығын, рентабельдік көрсеткішін, инвестицияның инновацияға есесін қайтару аралығын анықтайтын кезең.

Инновацияның диффузиясы — тауарларды сыртқы нарықтарға көпшілікке тарату кезеңі. Ол инновациялардың өту функциясына ұқсас, яғни қалаған тарату каналдарымен немесе басқа өтім желілері арқылы инновацияларды тұтынушыларға дейін жеткізіп салу қызметін атқарады.