Инновациялық қызметінің басқару принциптері

Инновациялық менеджменнтің принциптері — ережелер жүйесі. Осы талаптың тура сәйкестігінде ғана инновациялық менеджменттің басқару нәтижесі жүзеге асады. Инновациялық менеджменттің принциптері-  объективті жұмыс істейтін заңдар мен заңдылықтардың жалпылауының нәтижесі мен оларға тән ортақ мінездемелі факторлар және белгілер болып табылады. Осының барлығы қызметтің басы болып есептеледі.

Принциптердің негізінде келесі заңдылықтар жатады :

1.Басқару жүйесінің бірлігі–сыртқы ортаның жай-күйі өзгергенмен ішкі байланыс жүйесінің тұрақты болып қалатынын білдіреді.

2.Өндіріс пен басқарудың пропорционалдығы-жоғары өндіріс еңбегінінің бір шарты-негізгі және қосалқы өндірістердің дамуы үшін, олардың бірдей бар болуының қажеттілігі анық.

3.Басқарудың орталықтандыруы және децентрализациялауы-басқару иерархиясының деңгейілеріне қарап, мақсатты, функцияларды, өкілеттілікті, құқық пен жауаптылықты бөлу.

4.Басқарушы және басқарылатын жүйелердің міндетті түрде бар болуы және араларында барабарлық жүру керек.

Инновациялық қызметтің басқару принциптері:

1.Демократиялық орталық-орталықтандырылған басшылық шаруашылығы мен оның дербес бөлек элементтердің  үйлесімі.

2.Шаруашылықты жоспармен басқару-өндірістің дамуы үшін оның бағытын, екпінін, пропорциясын ұзақ аралыққа дейін айқындау.

3.Құрылым мен бөлімшесінің мақсаттық бірлігі — ұйымның мақсаты оның құрылымдағы бөлімшесіне бағынушылығын анықтайды.

4.Үнемділік пен нәтижелік-  еңбек өндіргішін артырып, ал еңбек күштерді үнемдеу  мақсатына жету.

5.Адамгершілікті және заттықты ынталандыру.

6.Жауаптылық–жұмыста жіберілген қатеге заттық           жауаптылықтықты  айқындау, қызметкерлерді премияландыру және  депремияландыру туралы бағдарламасын өңдеу.

7.Ғылыми басқару- бүкіл жүйені ғылымның жаңартылған мәліметтерінің арқасында құру.

8.Кадрлардың дұрыс іріктелуі мен орналастыруы.

9.Шаруашылық шешімдердің жалғастырушылығы — уақыт аралығында және кеңістікте болатын сандық және сапалық өзгертулерден шығатын экономикалық құбылыстар мен процесстердің бірлігі.

10.Басқарудың салалық  және аймақтық үйлесім принципі.