Гүлдің суретін салу

Сабақтың түрі: сәндік сурет салу.

Сабақтың мақсаты: оқушылардың сәндік сурет салу дағдыларын қалыптастыру. Көрініс бейнесін дұрыс бейнелеуге үйрету. Түстерді бояуларды араластыру арқылы табу жолдарын көрсету.

Сабақтың көрнекілігі: гулдің көрінісін бейнелеу жолдарын көрсететін таблица. Әр түрлі гүлдердің суреттері. Бірнеше гүлдерді бір түзудің бойына орналастыру жолдарын көрсететін таблица

Сабақтың кезеңдері: бірінші — гүлдер туралы әңгіме; гүлдердің суретін көрсету; екінші — гүлдердің суретін салу жолдарын тақтаға көрсету немесе таблицалардан көрсетіп оларды оқушылардың өз бетінше жұмысы.