Ғарыш нарығының ғаламдық конъюктурасы

Табысы 1990-шы жылдардың ортасында 77 млрд. АҚШ долл. құраған ғарыш индустриясы әлемдегі миллионнан астам адамды жұмыспен қамтамасыз ететін әлемдік экономиканың ірі, коммерциялық тартымды құрамдас бөлігіне айналған. Коммерциялық спутниктік қызметтерге деген сұраныстың артуы әлемдің аэроғарыштық саланың едәуір көтерілуін туғызады. 2005 жылы 1999 жылмен салыстырғанда оның орташа жылдық табысы 93,3% өскен, нақты цифрлармен көрсеткенде өсім 168,2 млрд. АҚШ долл., 2006 жылы — 220 млрд. АҚШ долл. құраған. Қазіргі кезде әлемдік ғарыш нарығы 10 пайыздан асатын жыл сайынғы табысты көрсетіп отыр, ал 2007 жылдың соңындағы деректер бойынша нарықтың жиынтық көлемі 251,16 млрд. АҚШ долл. құраған. Шамасы, «ғарыштық бәліштің» көп бөлігін соңғы тұтынушыларға қызмет көрсететін провайдерлер алары сөзсіз. Шолулардан байқағанымыздай, спутниктік қызметтер (байланыс, теледидар және т.б.) көлемі спутниктерді өндіру мен ұшыру құнынан бір саты артық болып отыр. Бұл сегмент бірінші орында тұр. Екінші орында — спутниктермен ұсынылатын мүмкіншіліктерді пайдалануға арналған терминалды құрылғылар нарығы, одан кейін спутниктер мен ғарыштық аппараттар өндірісі тұр, ал тізімді ұшыру қызметтері аяқтайды. Талдау көрсетіп отырғандай, 1997–2007 жж. аралығында коммерциялық ғарыштық ұшырулар нарығында өсіп отырған бәсекелестік сұраныстың артуымен орны толтырылды. Кейінгі 10 жылда спутниктерді геостационарлық орбитаға белсенді түрде шығарумен байланысты ұшыру нарығы секторын біршама кеңейту жүзеге асырылады. Ғарыштық микроэлектроника саласындағы алға басу түрлі мақсаттардағы аз габаритті ғарыштық аппараттар, ел алдымен, Жерді қашықтықтан барлап тексеру аппараттары санының өсуіне әкеп соқтырады. Байланыс, навигация және Жерді қашықтықтан барлап тексеру технологияларын синтездеу жаңақпараттық қызметтер мен сервистердің пайда болуына жетелейді.