Функциялар мен әрекеттер (іскерліктер)

Педагогикалық іс-әрекет белгілі бір педагогикалық жағдайларда түрлі әрекеттердің жиынтығы – перцептивті, мнемикалық, коммуникативтік, заттық-қайта түрлендірші, зерттеушілік, бақылаушы (өзін-өзі бақылау), бағалаушы (өзін-өзі бағалау) және т.б. арқылы жүзеге асады. Бұл әрекеттер белгілі бір мақсаттарға бағынған және саналы (мақсатты  бағытталған) немесе стихиялы түрде ұстаздың ішкі түйсікпен қалыптастыратын педагогикалық жағдайда қандай да бір педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған. Осындай белгілі бір түрлі әрекеттердің жиынтығы педагогикалық іс-әрекеттің құрылымдық ұйымдасуын көрсете отырып, қандай да бір психологиялық-педагогикалық функцияның жүзеге асуын анықтайды.