Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу

Есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу туралы қазақша реферат

       Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде алғаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі зат-тар – адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулы-сымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады.

Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар – адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және та-ғы басқа жатады.

Қылмыс обьективтік жағынан көрсетілген заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Респу-бликасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы » №3 қаулысында тиісінше түсінік берілген.

Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына сәйкес жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып алғанды иелену, құрамында есірткі бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейі-нгі қалдығын жинап алуды тағы басқа заңсыз алу деп түсіну керек.

Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез-келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.

Осы көрсетілген әрекеттер заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жаса-луы тиіс. Осы қылмыстың обьективтік жпғының міндетті белгісі заңда көрсетілген заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып табылады.

Заңсыз сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын, психот-роптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну қажет.

Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-әрекетте көрсеиілген қылмыс құрамы болмайды.

Қылмыс құрылысы жөнінен формальдық құрамға жатады Сол себепті ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған борып та-былады.

Субьективтік жағынан қылмыс тек қана тікелей қасақаналықпен істеледі. Адам есірткі немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз алғаны немесе сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.

Қылмыстың субьектісі 16-ға толған адам, есі дұрыс кез-келген адам.

Қылмыстық Кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды, жүй-кеге әсер ететін заттарды өз еркімен тапсырған адам немесе есірткі заттарды ме-дициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенділік көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қазақстан Республикасы Жо-ғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 қаулысының 18-тарма-ғына сәйкес жоғарыда көрсетілген «заттарды нақты қолдану мүмкіндігі бола тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады »