Еңбек ресурстарын ұйымдастыру және жетілдіру дипломдық жұмыс

МАЗМҰНЫ
Кіріспе………4

1-бөлім. Еңбек нарығының теориялық негіздері ……6
1.1. Еңбек нарығының мәні, мағынасы және мазмұны……..6
1.2. Еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен шарттары……13
1.3. Еңбек нарығын кешенді бағалаудың теориялық негіздері……..18

2-бөлім.. Еңбек нарығында кәсіпорынның жағдайын талдау ……..24
2.1. Кәсіпорынның негізгі қызметінің сипаттамасы…..24
2.2. Кәсіпорынның ұйымдық құрылымы………27
2.3. Кәсіпорынның оқыту үрдісі бойынша сипаттамасы…..30
2.4. Персоналды құрамы және ұйымның әлеуметтік дамуына талдау…….35

3-бөлім. Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары …37
3.1. Ақтөбе облысының тілдерді оқыту орталығының стратегиялық жоспары ……37
3.2. Тілдерді оқыту орталығының қаржы-экономикалық көрсеткіштерін жақсарту бағыттары…..39
3.3. Экономикалық жүйеде еңбек нарығын тиімді пайдалану жолдары ….40

Қорытынды………..47
Қолданылған әдебиеттер тізімі………50
Қосымшалар

Кіріспе

Еліміздің нарықтық экономикаға көшуі экономикамызға көптеген түбегейлі өзгерістер енгізіп, осы өзгерістерге сай жаңа міндеттер қойды. Соның ішіндегі ең маңыздыларының бірі өндіріс тиімділігін арттыру мақсатында адам потенциалын барынша тиімді пайдалану. Бұл тек Қазақстан қоғамы үшін ғана емес, әрбір өндіріс орындары, ұйымдар, ірілі – ұсақты кәсіпорындар үшінде маңызды мәселе болып табылады. Өйткені, әр уақытта да кез – келген өндіріс ошағы өзінің басты байлығы – еңбек нарығына сүйенеді.

Өндірісті тиімді ұйымдастыру қағидасы, әрине маңызды бірақ, басқарудың жаңа тәсілдеріне негізделген барлық мүмкіндіктерді жүзеге асыру адамдарға, олардың біліміне, біліктілігіне, мамандығына, тәртібіне, ынтасына, кәсібилігіне, шығармашылық қабілеттеріне тәуелді болды. Және еңбек нарығының осы келтірілген сапалары кәсіпорын қызметі нәтижесінің жоғары болуы мен оның нарықтағы бәсеке қабілеттілігіне бірден – бір ықпал етуші фактор болып табылады. Сондықтан да нарықтық экономикаға өтуге байланысты еліміздің көптеген өндіріс орындарының алдында еңбек нарығын мейлінше тиімді пайдаланып, олардың еңбек потенциалын пайдалануды арттыру мәселесі тұр.

Жаңа  онжылдық жаңа экономикалық өрлеу Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері атты Республика президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010 жылғы 29 қаңтардағы жолдауының  аса маңызды мiндетi – Қазақстанның барлық азаматтарының өмiр сапасы мен деңгейiн жақсарту, әлеуметтiк тұрақтылық пен қорғалуды нығайту. Ел халқы санының 2020 жылы 10%-ға өсуi үшiн мемлекет тарапынан барлық жағдайдың жасалатыны.

Жолдауда «бiздiң мемлекеттiк әлеуметтiк саясатымыздағы басты басымдық халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету болып табылады.

Сондықтан мен 2020 жылға қарай жұмыссыздық деңгейi 5%-дан, ал табыстары ең төменгi күнкөрiс деңгейiнен төмен халықтың үлесi 8%-дан аспайтын болсын деген мiндет қоямын.

Әлеуметтiк қызметтер тек мұқтаж адамдарға көрсетiлiп, қазiргi заманғы стандарттар мен Қазақстандағы өмiр деңгейiне сәйкес болуы керек.

2015 жылға қарай базалық зейнетақы төлемдерi ең төменгi күнкөрiс деңгейi көлемiнiң 60%-ы деңгейiне дейiн өсiрiлiп, мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар мөлшерi 2010 жылмен салыстырғанда 1,2 есе арттырылуы тиiс» делінген.

Дипломдық жұмыстың мақсаты, жоғарыда келтірілген негізгі мәселені шешу үшін аймақтағы  еңбек нарығын тиімді пайдалану жолдары бойынша ұсыныстар ұсыну және еңбек нарығының дамуы және ұйымдастыру, оның әлеуметтік көрсеткіштеріне талдау жасау болып табылады.

Жұмыс мақсаты келесі міндеттерді қою мен шешуге себепші болды:

•   нарықтық жағдайда еңбек нарығын тиімді пайдалану;

•  Еңбек нарығында кәсіпорынды басқару;

Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны – «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК әлеуметтік дамуына талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негізінде Қазақстан Республикасының Заңдары мен отандық және шетел ғалымдарының, мамандарының ғылыми еңбектері қолданылады.

Қойылған міндеттерді шешу үшін топтау, экономикалық талдау, жүйелік талдау, салыстыру және тағы да басқа математикалық әдістер қолданылады.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

«Еңбек нарығының  теориялық негіздері» деген атаумен берілген Ι – ші бөлімде еңбек нарығының теориялық негіздері: Еңбек нарығының мәні,мағынасы және мазмұны, еңбек нарығын қалыптастырудың ерекшеліктері мен шарттары, еңбек нарығын кешенді бағалаудың теориялық негіздері сипатталады.

«Еңбек нарығында кәсіпорынның жағдайын талдау» деп аталған ІІ-ші бөлімде оқыту орталығының еңбек нарығының әлеуметтік-экономикалық жағдайы, еңбек нарығының қалыптасу жағдайы, олардың пайдалану жағдайын талдау, еңбек нарығын кешенді бағалау әдіс-тәсілдеріне талдау жасалынады.

«Еңбек нарығындағы кәсіпорынның қызметін жетілдіру жолдары» атты ІІІ –ші бөлімде  еңбек нарығын тиімді пайдаланудағы қаржылық-экономикалық талдау, еңбек нарығын ұтымды, тиімді пайдалану жолдары қарастырылады.

 Дипломдық жұмыс / 51 бет