Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы

Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы туралы қазақша реферат

Экономиканың қазіргі заманғы жағдайы мен оның интернациалдандырылуы бизнестің біріккен нысанын қалыптасуының ұйымдық-экономикалық негізін әзірлеу қажеттілігімен байланысты.  Мұндай қажеттілік елдегі кәсіпкерлік  қызмет жағдайларымен байланысты. Қазіргі таңда көптеген адамдардың арман мақсаты франчайзингтің арқасында айналуда. Франчайзинг 20 ғасыр бизнесінде «төңкеріс» тудырып, жалпы қалыптасақан іскерлік қарым-қатынас нормаларына қатысты көзқарасты түбегейлі өзгертті. Ешқандай да экономикалық жаңа енгізілімдер, франчайзинг сияқты бүкіл әлем экономикасына, оның ішінде, экономикасы дамыған алдыңғы  қатарлы елдерге елеулі әсер бере алған жоқ. Сондықтан  да, франчайзинг 21 ғасырдың ұтымды, оңтайлы іскерлік үлгісі болып табылады.

      Франчайзинг – белгілі бір бизнесті жүргізуге арналған фирманың ұзақ мерзімдік келісім-шарттық қатынастары. Ол кәсіпкер өз тауарларын сату құқығын немесе лицензиясын шектеулі сауда кәсіпорындарына тік кооперация арқылы ұсынатын өткізу жүйесі.

   Қазақстанның нарықтық экономикаға өтуіне байланысты шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту маңызды шарттардың бірі болып табылады. Шағын және орта кәсіпкерлікті жүргізудің құралы ретінде біздің нарыққа – франчайзинг жүйесі енді. Жалпы айтқанда, франчайзинг дегеніміз – тауарлар мен қызмет көрсетулерді сатудың түрі, сонымен қатар, ірі және белгілі бір фирманың ұсақ кәсіп иесіне өнім сату үшін берілген лицензиясымен  және оның брендімен қандай да бір қызмет көрсету. Франчайзингтік жүйеде ірі фирма (фрначайзер) ноу-хау, технологиялардың иесі, өзінің әріптесіне (франчайзи) консультациялық көмек көрсетуге мүмкіншілігі үлкен.  Франчайзинг екі жаққа да тиімді, бір жағынан лицензия берушіге – франчайзерге, екінші жағынан, лицензия алушыға – франчайзиге. Себебі, лицензия үшін, консультациялық көмек үшін, сонымен қатар, сауда маркасын (франшиза) пайдалануға, франчайзи, яғни кәсіпкерлік иесі, адам франчайзерге төлем ақша (роялти) төлеп отырады.  Сондықтан да, франчайзинг бизнесті жүргізудің ең тиімді түрі.

Қазіргі таңда франчайзинг 70-тен астам шаруашылық салаларында қолданылады.

         Франчайзинг менің көзқарасым бойынша,  қазақстандық нарыққа өте оңды болып табылатын, тауар  мен қызметтерді үйлестіруде және маркетингтің бірегей жүйесі. Ең алдымен, бұл жағдай сауда-саттық және әр түрлі қызмет көрсету аясына тән мазмұнында дамиды. Франчайзидің артықшылығы – олардың әріптестер репутациясы, тәжірибесі және қалыптасқан жетістілігі. Франчайзер және франчайзи, бірге жұмыс істей отырып, бір-бірінің жетістігін алмастыру арқылы және жіберген қателіктер төмендету шарасында бизнесте инвестиция жасап, пайда табады. Осы тұрғыдан алғанда, Франчайзинг бизнесті жүргізудің ең прогрессивті түрі болып табылады.

      Жоғарыда атап көрсетілген менің ұсыныстарым  Қазақстандағы франчайзингті  кең дамуына өз үлесін қоса алады. Елімізде франчайзингтің дамып,кең етек алуы келесі жетістіктерге жетелейді:

—         инвестицияның ішкі және сыртқы ағымын күшейтеді;

—         жаңа технологиялардың, құралдардың, бағалы ноу-хаулардың пайда болуына септігін тигізеді;

—         жаңа жұмыс орындарының пайда болуына әсерін тигізеді;

—         шағын және орта кәсіпкерлік аясының кеңеюі мен бекітілуіне тұыр болады;

—         елімізді сапалы тауарлар мен қызметтерге  толтыруға жылдамдатады;

—         қазақстандық өнімді жаңа нарықтарға өткізуге мүмкіндік тудырады;

        Қазіргі таңда, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың ең тиімді жолы – франчайзинг екенін баяндама барысында атап көрсеттім.

Франчайзингтің Қазақстандағы болашағы – үлкен жетістіктерге жетелейді.

             Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Довгань В. « Франчайзинг: путь к расширению бизнеса» — Тояльтти: Дока-пресс, 

1996 г.-231

      2.  Тэлман Л. Н. «Предпринимательское  управление», 2004.-224б.

     3. Рыкова И. В. « Франчайзинг: новые технологии, методология, договоры» Совр. Экономика и право, 2000.-224б.

     4. Любушкин Н. П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособиедля вузов. – М.: «Юнити», 2000

    5. Экономический рост предприятий РК. Сборник научных трудов. – Алматы: «Экономика», 2000

    6. Земляков Д. Н., Макашев М. О. «Франчайзинг. Интегрирование формы организации бизнеса» , 2003 – 142б.

    7. Мюррей Я. «Франчайзинг» , 2004-144б.

    8. «Кешенді кәсіпкерлік лицензиятуралы» 2002 жылдың 28 маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңы.

    9.  Амирбекова С. Франшиза для всех. «Эксперт Казахстан» 15 нөмірі,  16-29 август, 2004ж

   10. Панкратов Ф., Серегина Т. К. « Коммерческая деятельность» , Маркетинг,

 2000 ж  — 500 б.