Экологиялық топтар,оларға анықтама

Экологиялық топтар, оларға анықтама туралы қазақша реферат

Біздің планетамыздағы континнентер 150 млн.км.кв. жерді алып жатады. Олардың көпшілігін өсімдіктер жауып тұрады. Тіптен климаты ең қатал шөлдердің өзінде өсімдіктедің тіршілігі тоқтамайды. Тек полюстердің мұз басқан  кеңістіктері мен таулардың ең биік шыңдарында ғана өсімдік болмайды.

Өсімдіктің  сырт кескіні, ол жекелеген  өсімдіктің  сыртқы ортаның  әртүрлі  жағдайына  бейімделушілігін көрсететін тіршілік формалары болады.  Сыртқы ортаның қандай да бір факторына  бейімделген, формалар түзуде  маңызды роль атқаратын  өсімдіктерді экологиялық топтарға бөледі. Ылғалдылыққа байланысты өсімдіктерді мынадай топтарға бөлінеді:

Мезофиттер деп ылғадылығы жеткілікті, әрі бірқалыпты болып келетін жерлерде өмір сүретін өсімдіктерді айтамыз.

Гидрофиттерге суда өсетін өсімдіктер жатады. Олардың біреулері толығымен, ал кейбіреулері жартылай суға батыптұрады. Олар не судың түбіне бекініп тұрады.

Гиггрофиттер ауаның ылғалдығы жоғары болатын жерлерде өсетін өсімдіктер, олардың суды булануын шектеуге арналған бейімделушілігі болмайды.

Ксерофиттер  деп ылғалдың көп мөлшерде  жетіспейтін  жерлеріде  өмір сүретін өсімдіктерді айтады. Ксерофиттерге судың булануын азайтатын әртүрлі  бейімделушіліктер тән. Кутикуласы мен сыртқы эпидермисінің қабықшасының қалың болуы, түктерінің қалың болуы, устьица аппартатының ойыстау жерде орналасуы, ұлпаларының ұсақ клеткалы болып келуі, клетка қабықшасының сүректенуі, жапырақтарының  шиыршықталып қалуы, жапырақтарының  редукцияға ұшырауы және т.б. Кейбір  өсімдіктердің тамырына немесе  жапырақтарына көптеген мөлшерде су жинайды. Жақсы жетілген тамыр системасын түзеді. Ондай өсімдіктерге неігізінен мысал бола алатын кактустар мен суккуленттер болып табылады.

Суккуленттер сабағы қысқа  болып келетін жапырақтары жиналып жертаған түзеді, жіңішке,көп жағдайда жуан, етжеңді болып  еледі.  Гүлдері үлкен гүлшоғыры масақтарға және сыпырғыларға жиналады; қосжынысты, сирек даражынысты, актиноморфты немесе аздап зигоморфты гүлсерігі күлте жапырақшалардан тұрады.  Біреулерінің күлте жапырақшалары бос орналасады, ал екіншілернікі бірікккен болып келеді, аталықтары екі шеңбер  түзеді және олар  жапырақшаларымен бірігіп кетеді. Гүлтүйіні жоғарғы немесе төменгі, әдетте үш ұялы, жатынының түзілуі орталық бұрыштамалы,  тұқым бүршігі көп немесе біреу  болып келеді. Жемістері қауашақтар және жидектер.

Кактус -өсімдіктері. Өсімдіктің  сырт пішіні мен ішкі құрылысына оны қоршап тұрған ортаның қалай әсер ететіні түсіну үшін кактусты мысалға алуға болады. Қуаңшылыққа икемделген бұл өсімдікттердің бір ерекшелігі — олардың денесінде  су қоры жиналып сақталатын орын болады. Біз сөз етіп отырған кактус өсімдігі де шөлді өңірлерде өсетін, қуаңшылыққа ерекше биімделген өсімдікке жатады. Бір дана кактус өсімдігінің құрамындағы су қоры кейде 40-50 литрге жетеді.