ЭЕМ-де информацияны өңдеу

ЭЕМ-де информацияны өңдеу туралы қазақша реферат

Кез келген ЭБМ өте қарапайым командалардың аз мөлшерін орыңдай алады, мысалы: нөлді бірге алмастыру, бір байтқа сегіз нөлді жазу, екі савды қосу немесе азайту. ЭЕМ қуаттылығының құпиясы оның осындай командаларының ұзын тізбегін тез орындайтындығында және информацияның үлкен көлемін өңдеу мүмкіңдігінде.

ЭЕМ информацияның қандай үлесіне, қандай әрекеттерді және қандай ретпен орындауының сипатталуы ЭЕМ-ге арналган программа деп аталады. Бейнелеп айтқанда, программасыз ЭЕМ информацияны өңдеуге ешқандай қабілеті жоқ, тек темір үйіндісі ғана, ол кассетсіз магнитофон сияқты, одан келер пайда жоқ. Сондықтан программа күру — программалау — ЭЕМ-ді кез келген түрде қолданудың негізін құрайды.

Белгілі     бір     ЭЕМ-ді     пайдалану     ортасы     оның құрылымымен емес,   оған арнап  жасалған программалар жиынтығымен   анықталады.   Бір   ЭЕМ-нің   өзі   ракетаны басқару     жүйесінде     де,     медициналық     аспапта     да қолданылуы   мүмкін;   күні   бойы   еңбекақыны   есептейтін ЭЕМ-мен кешке қарай шахмат ойнауға болады және т. с. с. ЭЕМ-ді бір жұмыстан басқа жұмысқа ауыстырып қосу үшін оның зердесіндегі программаны алмастыру жеткілікті.