Дүниежүзілік сауда ұйымы және Қазақстан курстық жұмыс

МАЗМҰНЫ

Кіріспе…………4

1. Дүниежүзілік сауда ұйымының қалыптасуы……………..7
2. Қазақстан ДСҰ-ға кіру мүмкіндіктері мен дайындық процесі………….12
3. ДСҰ-ға мүше болу үшін Қазақстандағы іш шаралар жүйесі……..16

Қорытынды…………..30
Қолданылған әдебиеттер тізімі………35

Кіріспе

Әлемдік шарушылықтың түпнегізі – бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда әр мемлекет түрлі мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. 21 ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда-саттық жасап, капитал айналымын жасап, капитал айналымын жандандыруда. Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді, өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық. Тауарын қай мемлекетке сатам десе де өз еріктері.Ал біздің мұндай құқығымыз шектеулі. Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмеген. Неліктен? Себебі, біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру деңгейі мен кедендік базасы халықаралық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе де, аталмыш ұйымға қайткен күнде де кіру керек.

Соңғы жылдары дамыған елдер арасында өндіріс және маркетинг саласындағы бәсеке арта түсті. Әлемдік нарықтан әркім өзінше орын табуға тырысуда. Сол үшін көптеген мемлекеттер өз аймақтарында ұйымдарға бірігіп, ортақ мүдделерге жетуге күш жұмылдыруда. Осы тұрғыдан келгенде, Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) әрбір мемлекеттің еркін сауда жасауына орасан зор мүмкіндіктер береді. 2002 жылдың 31 қаңтарына дейін аталмыш ұйыммен 162 аймақтық әріптестік шарт жасалған екен. Оның саны жылдан жылға артпаса, кемімейтіні де белгілі болып отыр. Өз кезегінде ТМД-ның бірқатар елдері сияқты Қазақстан да осы ұйымға мүше болуды мақсат етіп отырғанын айта кету керек.

Отандық өнім өндірушілердің тауарлары әлемдік сауда қақпасынан сығалап тұрғаны дұрыс па, әлде біздің бұйымдарды дүниежүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине, екіншісі дұрыс. Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз өндірісті тауар сипатына қарай бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар «баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады» дейді. Бұл нені білдіреді? Яғни, бір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауыл шаруашылық және шетелдік колония. Экономикада саудагерлер нарықтық қатынасты дамытушылар болып есептелсе, еңбек негізгі өндіруші фактор болып табылады.

Мемлекетте алтын мен күмістің қоры қаншалықты мол екеніне қарай сыртқы сауданың меркантилистік мектебі елдегі ұлттық экономиканы дамыту үшін мыналарды орындау керек дейді:

* сауда балансын сақтау: шеттен тауар әкелгенше, керісінше, сыртқа көп өнім шығару, осы арқылы алтын ағымын төлем ретінде көбейту. Бұл өз кезегінде ішкі өндірісті кеңейтіп, жұмыссыздықты жояды. Шикізаттық бағыттан өндірістік өнеркәсіпке көшу арқылы ұлттық нарықтан шетел өнімдерін ығыстырады.

* экспортты арттыру және импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы тұрақты реттеу. Бұл сауда саясатының тарифтік құралы арқылы жағымды сауда сальдосын қамтамасыз етеді.

* шикізат шығыруға тыйым салу немесе қатаң шектеу қою, сондай-ақ елдің ішкі нарығына шикізат импортын салықсыз ендіру. Бұл алтын қорын молайтып, дайын өнімге деген арзан бағаны қалыптастырады.

Жаһандану жағдайында үлкен тауар айналымы кедендік тарифсіз жүзеге аспайды. Кедендік тариф дегеніміз кедендік салықтардың жүйеленген мөлшермелік тізімі.

Осы арқылы мемлекеттің кедендік шекараларынан тауар алып өтудің импорттық және экспорттық бағытынан салық ұсталынады. Кедендік тариф саясаты ДСҰ-ға ену үшін кез келген мемлекет орындайтын бірінші талап. Қазақстан ДСҰ-ға кіре отырып, мынадай міндеттемелерді орындайды:

— кедендік тарифті айтарлықтай мөлшерде төментеду және тарифтік емес өлшемдерді тарифтендіру;

— ауыл шаруашылық өнімдерінен дотация мен субсидияны алып тастау;

— кедендік шараларды ДСҰ талаптарына сәйкестендіру;

— тауар нарығы мен қызметі, капитал айналымын барынша кеңейту;

— өзінің тауар, қызмет көрсету және капитал нарығын максималды ашу;

— ДСҰ-ның барлық ережелері мен қағидаларын орындау.

  Курстық жұмыс / 35 бет