Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы

 Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы туралы қазақша реферат

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьектісін, обьективтік жағын, субьектісін, субьективтік жағын жеке-жеке талдайық.

Дене жарақатының обьектісі – бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып та-былады.

Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың обьективтік жағы – басқа адамның денсаулығына, құқыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет арқылы жасалынады. Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсақ, механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы (улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен (тоқпен ұру), термикалық әсер ету (организмге инфекциялы ауруларды жұқтыру), арқылы, сонымен қатар психикалық әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақатын келтіруі мүмкін, егерде белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.

Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленушіні өзінің организміне хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтар осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жә-бірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмайды. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нықты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған  кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оңың әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

Дене жарақатын келтірудің субьективтік жағы екі нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда ( менмендік және  немқұрайлылық).

Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайлылық түінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субьектілері туралы мәселеге тоқталайық.

Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің  15-бабының  2 тарсағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субьектілер үшін 14-жас белгіленеді:

  1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ( 103-бап );
  2. Ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру ( 104-бап );

 

Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субьектілер үшін 16-жас белгіленеді:

  1. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ( 105-бап );
  2. денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ( 108-бап );
  3. қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінд денсаулыққа ауыр зиян келтіру

( 109-бап );

  1. қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ( 110-бап );
  2. денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ( 111-бап );
  3. қорқыту ( 112-бап );
  4. соз ауруларын жұқтыру ( 115-бап );
  5. адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру ( 116-бап );
  6. заңсыз аборт жасау ( 117-бап );
  7. қауіпті жағдайда қалдыру ( 119-бап );

Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жаса-ған есі дұрыс арнаулы субьектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады:

  1. заңсыз аборт жасау ( 117-бап );
  2. медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап);
  3. ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету ( 113-бап );
  4. науқасқа көмек көрсетпеу ( 118-бап );

Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субьектілер үшін 14-жас, ал кейбір субьектілер үшін 16-жас.

Сонымен қатар дене жарақаты қылмысын жасайтын арнаулы субьектілер де бар.