Дебиторлық қарыздар есебі

Дебиторлық берешек-сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің шаруашылық жүргізуші субъект алдындағы өткізілген тауар (жұмыс, көрсетілген қызмет) үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы емес болып бөлінеді. Дебиторлық берешек үш топқа бөлінеді: алынуға тиісті шоттар, алынған вексельдер және басқалар.

Алынуға тиісті шоттарға: ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсетілген қызметке және субъектілердің ақшалай емес активтеріне  деген тілек-талаптары кіреді. Дебиторлық берешек ағымдағы және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.

Күмәнді дебиторлық берешек және оны бағалау, вексельдер есебі.

Күмәнді талаптар – ҚР-ң заңды және жеке кәсіпкерлері – резиденттеріне, сондай-ақ ҚР-да тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар- резидент еместерге тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болған және талап пайда болған сәттен бастағанда үш жыл ішінде қанағаттандырылмаған талаптар; сонымен  қатар өткізілген тауарлар, орындалған жұмыс, көрсетілген қызметтер бойынша пайда болған және ҚР-ң заңдарына сәйкес салық төлеуші- дебиторды  банкрот деп тануға байланысты қанағаттандырылмаған талаптар да күмәнді деп танылады.

Есеп беретін адамдармен және басқа да дебиторлармен есеп айырысу.

Субъект қызметкерлеріне кассадан шаруашылық шығындарына және іс сапар бойынша шығындарға берілетін ақшалай аванс есеп берілетін сома деп аталады. Ақша бойынша есеп айырысуда қызметкерлердің іс сапарларына байланысты шығындарды өтеуін мынадай мөлшерлері белгіленген Салық кодексінің 93 бап 1 тармағында басшылыққа алынды:

— пәтер- тұрақты жалға алуды төлеу – тиісті құжаттармен расталған, орын сақтағаны үшін төлем де кіретін, іс жүзінде шыққан шығындар бойынша;

— ҚР шегіндегі іс сапарда болған әрбір күн үшін тәуліктің төлеу мөлшері тәулігіне екі айлық есептік көрсеткіштен аспауы керек;

— Іс сапар орнына бару мен қайтаруға іс жүзінде шыққан шығындар,  бұған орын сақтағаны үшін төлеу де кіреді – тиісті құжаттармен расталған нақты сомада төленеді;

— ҚР-нан тыс жерлерге іс сапарда болған әрбір күн үшін төленетін тәуліктілікті  төлеу- ҚР Үкіметі белгіленген мөлшерлер шеңберінде.

Қызметкерді іс сапарға жіберу үшін субъект басшысы іс сапардың орны мен мерзімі ескертілетін бұйрық шығарады. Бұйрық негізінде қызметкерлерге іс сапарлық немесе № 1а формасымен беріледі және іссапарлық сома есебі жүргізіеді.

Есеп беру үшін берілген аванс сомасын заңда белгіленген мөлшерге сәйкес жолақы, тәуліктік, пәтерлік ұндарды алдын-ала есептеу бойынша анықтайды. Алынған ақшаны тек берілген мақсатқа жұмсауға  рұқсат етіледі. Есеп беретін адамдар белгіленген мерзімде ақтаушы құжаттарды тіркеп, іс жүзінде жұмсалған сома жайлы есеп тапсыруға міндетті.

   Міндеттемелер есебі, талдауы мен аудиті

Міндеттемебұл бір тұлғаның нақты әрекетпен басқа тұлғаның пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті.

Міндеттеме өткен кезең оқиғасынан пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы  мол ресурстар ағынына әкеп соғады.

Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдердің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.

Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдермен іс-жүзіне асырылады:

—  ақшалай қаражат төлеу;

— активтерді табыстау;

— қызмет ұсыну;

— міндеттемені басқа міндеттемемен ауыстыру;

— міндеттемені капиталға аудару.

Міндеттеме ағымдық және ұзақ мерзімді болып жіктеледі.

Банктің қарыз есебі.

Қарыз ресми мәртебесі бар банктерге, мерзім, төлеу және қайтару шарттарын қарастыратын коммерциялық келісім-шарт негізінде кредитті төлеу қабілеті бар ұйымдарға беріледі.

Банк қарызы – бұл банктің клиентке соманы белгілі бір мерзімге сыйақы төлеумен ұсынуы және бөлісуі.

Банктен тыс мекемелерден қарыз алу — «қарыз беруші» жақ «қарыз алушы» жаққа белгілі бір кезеңде қайтару шартымен ақша немее материалдық қорды келісімшарт бойынша қарызға береді.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу.

Жабдықтаушылар мен мердігерлерге шикізат, материал және тауарлы-материалдық қорды жеткізушілер жатады, сондай-ақ әр түрлі қызмет түрлерін көрсетушілер және    әр қилы жұмыс  орындаушылар жабдықтаушылар мен мердігерлер болып табылады.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу – не тауарлы-материалдық құндылықтарды тиеу жұмысын орындағаннан кейін  немесе қызмет көрсеткеннен кейін, не олардың кәсіпорынмен келісуі арқылы бір мезгілде немесе олардың тапсырмасы бойынша , не алдын-ала төлеуі бойынша жүзеге асырылады. Кәсіпорынның келісімінсіз ризалықсыз тәртіппен газды, суды, жылуды, электр энергиясын есептеу шотының көрсеткіштері негізінде және т.б.  есептен шығару арқылы олардың босатылуы үшін есеп айырысу құжатымен төленеді. Есеп айырысу, сонымен қатар, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі әрбір шот-фактура бойынша және әрбір жеке жабдықтаушы бойынша жүргізіледі. Есеп айырысу құжатын алу барысында олар жабдықтаушылармен есеп айырысу кітапшасына жазылады. Төлеу шотына қабылдау бойынша акцепт төлем тапсырмасын жазады және оны есп айырысу құжаттарымен бірге қаражаттың қайта есептелуі үшін банкке береді.

Төлем тапсырмасымен банк мекемелері арқылы алынған және қабылданған тауарлар үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүргізіледі. Сондай-ақ салықтық шот-фактураның нөмірі мен күніне, тауар-көлік жүкқұжатына  және тауар босатуды немесе қызмет көрсетуді растайтын басқа құжаттарға, сонымен бірге тауарлық емес операция бойынша тапсырмаларына сілтемесімен қызметтердің есеп айырысуы жүргізіледі. Төлем тапсырмасы – бұл қызмет етуші кәсіпорынның банкке рнайы бланкке рәсімдеу арқылы  өз шотынан  белгілі бір соманы басқа кәсіпорын шотына аудару туралы нұсқау. Қаражатты 3 немесе одан да көп алушыға аудару арқылы қызмет еткен бір банкке төлем тапсырмаларының жиынтығы жазылады.

Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу алынған ТМҚ-р, орындалған жұмыстар мен қызметтер үшін алдын-ала төлем, инкассо, аккредитивтер, чектер тәртібімен жүзеге асырылады.

Жабдықтаушылармен есеп айырысу есебі бір айға ашылатын  № 6 журнал-ордердегі төлемді талап ету-тапсырудың әрбір шот-фактура бойынша жүргізіледі. Бұл журнал-ордердегі сәйкесетін шоты бойынша жазудан басқа корреспонденттік шоты қоса көрсетіліп, жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу бойынша дебеттік айналым да көрініс табады.

Айдың аяғында айналымдар саналады, ал төленбеген шоттар бойынша қалдықтары шығарылады.