Бейнелеу өнері туралы әңгіме

Сабақтың мақсаты: оқушыларды қазақ суретішлерінің шығармаларымен таныстыру, картинаның көркемдік ерекшелігі туралы түсінік беру.

Сабақтың көрнекілігі: М.Кенбаевтың «Қашағанды қуу» атты картинасының репродукциясы

Сабақтың барысы: Мұғалім аталған картина репродукциясын тақтаға іліп, оқушыларға оған зер сала қарауды тапсырды. Әсіресе негізгі фигураларға көңіл бөлуді ескертеді. Мұнан соң сурет мазмұны туралыоқушылардың пікірлері сұралады. Картина мазмұнын аша түсу үшін мұғалім мынадай жетекші сұрақтар беруі мүмкін.

1.Суретте қай жыл мезгілі деп ойлайсыңдар?

2. Жылқышылардың іс-әрекеті жайлы не айтасыңдар?

3. Шығармада қандай түстер басым?

М.Кенбаевтың «Қашаған қуу» атты картинасының мазмұнын мұғалім былай талдауы мүмкін. Алыстан мұнартып тау көрінді. Оның шыңтарын мәңгі қар басқан. Картинада суретші күзгі жайлауды әсем бейнелеген. Дала шөптері  алтын сары түске боялғандай.

Тау етегіндегі жылқышылар ауылын айқын байқауға болады. Суретте екі жsлқышы қашаған қуып келе жатқаны көрінеді. Олардың оң жақтағысыжирен қасқа ат, сол жақтағысы торы ат мінген. Қашағанның түсі шымқай ақ. Аспан ашық. Аспан ашsқ, көгілдір бұлтсыз. Шығармада негізінен жылы түстер де суық түстер де бар.