Азия өзендеріне жалпы сипаттама

Азия өзендеріне жалпы сипаттама туралы қазақша реферат

Азияның  континенттегі  ішкі  сулардың  таралып  орналасуы  тіпті  әркелкі.  Құрылымы  мен  рельефіндегі  бірқатар  айырмашылықтар,  климаттық  контрастар  және  соған  сәйкес  жауын – шашынның  әркелкі  жаууы  материктің  шегіндегі  жер  беті, сондай – ақ  жерасты  суларын  таралуындағы  үлкен  айырмашылықтарды  тудырады.  Бұл  өзендердің  қабаттық  миллиметрмен  алынған  жылдық  ағыны  таралуының  каратасында  жақсы  көрінген: ағынның  максималдық  жиынтығы ( 1500 мм  ден  артық) субэкваторлық  және  экваторлық  белдеулерге,  әсіресе  Зонд  архипелагы  аралдарына,  одан  кейін  Үндіқытай  мен  Үндістанның  батысында  және  Гималайдың  орталық  бөлігіне  тән.  Басқа  белдеулерде  ағынның  мұндай  жоғары  жиынтығы  Жапон  аралдарының, Альпінің,  Скандинавия  таулы  қыратының  аздаған  региондарына  ғана  тән. Осы  региондардың  айтарлықтай  үлкен  бөлігінде  жылдық  ағын  1500 мм – ден  аз, бірақ  600 мм – ден артық  болады.  Солтүстік  және  Шығыс  Азияда  жылдық  ағын  мөлшерлері  200 – ден  600 мм – ге дейін  жетеді.  Орта  және  Орталық  Азияның  орасан  зор  территориясының, Үнді  бассейннің, Иран  таулы  қыратының  және  Аравия  түбегінің  жылдық  ағын  мөлшері  50 мм – ден  аз, сол  сияқты  көптеген  аудандарындағы  қабаттың  қалыңдығы  15 мм ден аспайды.  Осы  сандар материктің  алуан  түрлі  бөліктеріндегі – жер  бетіндегі  су  торларының  жиілігі  мен  сипатындағы  айырмашылықтарды  белгілі  дәрежеде көрсете  алады.

Азияның  беті Солтүстік  Мұзды, Тынық, Үнді  мұхиттарының  бассейндеріне  жатады.  Материктің  шеткі  бөлікте — әсіресе  батыс,  шығыс, және  оңтүстік – шығысында  жиі  су  торлары  бар, оған  аса ірі  өзен  жүйелері  енеді.

Ішкі  және  оңтүстік – батыс  аудандарда жер  бетіндегі  сулар  мүлдем  болмайды, сондықтан  мұхитқа  қарай  ағын  жетпейді.  Азияның  жалпы  ауданының  30% — тен артығы  (Каспий  теңізі  бассейнін  қосқанда)  ішкі  ағын  территориясына  тиеді.

Жер  бетіндегі  сулардың  осындай  біркелкі  таралмауы  тек  қана  қазіргі  табиғат  жағдайларына  ғана  емес, сонымен  бірге  материктің  даму  ерекшеліктеріне  де  байланысты.

Альпі – Гималай  қатпарлы  белдеуінің  аса биік шеткі  жоталарының  түзілуіне  алып  келген  күшті  көтерілулерге  дейін, сірә  Азияның  ішкі  бөліктерінің  климаттық  жағдайлары, оның  шеткі  бөліктерінің климатынан  үлкен  құрғақшылығымен  ерекшеленгенімен  дәл  қазіргі  кездегідей  соншалықты  аридті  болмаса  керек. Осыған  байланысты  кайнозойдан  материктің  орталық  бөлігінде  солтүстікке, шығысқа  және  оңтүстікке кететін  ағындары  бар  өзендер  мен  көлдердің  дамыған  торлары  болған. Ішкі  аудандарға  қарағанда  қатпарлы  белдеудің  шеткі  бөліктерінде  күшті  өткен  неотектоникалық  қозғалыстар, осы  аудандардың  мұхит  бассейндерінің  әсерінен  бөгеліп  қалуына  әкеліп  соғады. Климаттың  осыған  сәйкес  құрғақтануы  беткі  ағынның  азаюы  және  шыры бұзылуынан, ( Иран таулы  қыраты, Тибет, Қытайдың, Монғолияның  таулы  үстірттері  және  тағы  басқа ) тән  кең  байтақ  ағынсыз  облыстардың  жасалуына  себепші  болады.  Биік  жоталардың  көтерілуіне  дейін  негізі  салынған  аса  қуатты  артериялары, бұл  жоталарды  терең  эпигенетикалық  аңғарларымен  кесе  отырып, өздерінің  алғашқы  бағыттарын  сақтап  қалған. Солтүстік  аудандарда, әсіресе  материктің  солтүстік – батысында  су  торының  қалыптасуына төрттік  мұз  басуы  үлкен  әсерін  тигізеді.  Сөйтіп, кең – байтақ Евразиялық  құрлықтың  ішінде  даму  тарихы  мен қазіргі  рельефіне  байланысты, сонымен  қатар  климаттың  ерекшеліктеріне  қарай су  торлары  мен  өзен  режимінің  алуан  түрлі  региондық  типтері  қалыптасты. Олар  ары  қарай  Азияның  шетелдік  бөліктерінде  қарастырылады.

Азияның  солтүстігінде  өзен  мен  көл  торының  қалыптасуында  тектоникалық  процестер  мен  төрттік  мұз  басуы  үлкен  роль  атқарады.  Өйткені  территория  геологиялық тұрғыдан  қарағанда  мұз  жамылғысынан  жақында  ғана  босағандықтан  су  торабының  басты  ерекшелігі  морфологиялық  жастағы  болып  табылады. Азияның  солтүстігіндегі  өзен  аңғарлары  мен  көл  қазаншұңқырлары  көпшілік  жағдайда  мұзбен  өңделген  тектоникалық  жарықтар  болып  саналады.  Олардың  көлемдері  алуан  түрлі, кескіндері  ғажайып.  Өзендер  әдетте  қысқа  және  көбіне  көлдер  аралығын  жалғастыратын  жол  қызметін  атқарады. Аса  ірі  өзендердің  аңғарларында  көптеген  көл  тәрізді  кеңіген  жерлер  бар  және  ұзына  бойғы  профильдері  жетілмеген. Олар  қатты  тау  жыныстарының  шығыңқы  жерлерін  кесіп  өткен  кезде  көптеген  шоңғалдар  жасайды.

Жауын – шашын  мөлшері  көп  болғанымен,  өзендердің  көпшілігі  бүкіл  жыл  бойы  мол  сулы  болады.  Бұл  суық  климат  жағдайларында  нашар  булануымен,  сондай – ақ өзендердің  көлдерден,  батпақтардан  және  жер  асты  суларының  есебінен  қосымша  су  алуымен  түсіндіріледі.

Азияның  солтүстігіндегі  өзендерде  пайдаланатын  су  энергиясының  мол  қоры  бар.  Азияның  орта  бөлігінде  рельеф  күшті  тілімденген.  Өзендердің  барлығы  дерлік  аласа  таулардан  басталып, жазықтармен  ағып, Азияның  ішкі  бөліктерін  теңіз  бассейндерімен  байланстырады.

Батыстан  шығысқа  қарай  климаттың   континенттігінің  артуы  өзендердің  режимінен  де  көрінеді.  Өзендердің  барлығы  қыста  2 – 3 жетіден  үш  айға  дейін  қатып  жатады.  Таудағы  қардың  еруіне  байланысты  болғандықтан  судың  мол  жұмсалуы  және  тасуы  көктемге  келеді.  Жаздың  соңында  күшті  буланумен  байланысты  өзендердегі  су  деңгейі  едәуір  төмендейтін  кезеңі  болады