Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру мен қорғау

Қазіргі кезде цивилистердің көбі «субъективті азаматтық құқықты жүзеге асыру» түсінігін өкілетті тұлғаның мүддесін қанағаттандыру үшін оның мазмұнын жүзеге асыру ретінде айқындайды. Бірақ Е.А. Сухановтің редакциясымен (1993ж) шықан оқулықта  жоғарыда аталған түсініктерге қоса, өзінің пікірін ұсынды: «Субъективті азаматтық құқық жүзеге асыру бұл процесс, оның нәтижесінде, өкілетті субъекті өзінің заңи мүмкіншіліктері негізінде өзінің материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады» деген.

Сіздің пікіріңізше, бұл ұғымдар тең бе? Келіспесеңіз екі ұғымдардың қайсысы нақтылау және оның басымдылығы неде? Өз пікіріңізді білдіріңіз?

2 Азаматық құқықты жүзеге асыру туралы айтқан кезде, цивилистер жиі осы қағидаларды қолданады:

—  азаматтық құқықты жүзеге асырудың кепілі мен қағидалары;

—  құқықты теріс пайдалану;

—  азаматтық құқыты жүзеге асырудың тәсілдері мен шегі;

—  азаматтық құқықтың субъектілерінің коллизиялары;

—  субъектіге тиісті құқықтардан бас тарту.

Кейде олар, субъектілердің азаматтық құқықты жүзеге асырудың шындығы тәуелді болатын факторлар туралы мәселелерді қарастырады. Жоғарыда көрсетілген түсініктер мен факторлар барлығы көрсетілген бе? Осы тақырыпты оқу үшін факторлардың қайсысы аса қажетті? Оларға келесі ұғымдарды қосуға бола ма: азаматтық құқықты жүзеге асырудың заңдылығы, кәсіби әдебінің тәртібі, қоғамның моральдық қағидалары?

3 Қорғалуға құқық мазмұны әдетте 3 позициядан қаралады:

—  өкілетті субъект қолдана алатын құқық қорғау шаралары;

—  өкілетті тұлғаның өзі құқық бұзушыға тікелей өзі әсер етуі;

—  егер өкілетті тұлғаның әрекеті тиісті нәтижеге әкелмесе, онда мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіншілігі.

Бұнда қорғалуға құқықтың заңды ұғымы орын алмайды. Сіздің ойыңызша, «субъективті азаматтық құқықты қорғау құқығы» ұғымын қалай айқындау тиіс? «Азаматтық құқықтың қорғау нысаны» ұғымын қалай түсіну керек? Сіздің ойыңызша, бұл нысандар қандай?

4 Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 9-бабын басшылыққа ала отырып, «Азаматтық құқықтың қорғау тәсілдері» атты кесте құрыңыз, ол үш сызықтан болуы тиіс:

— тәсілдің атауы;

— оның мәні;

— тәжірибеден мысал.

Сіз атаған тәсілдердің қайсысы юридикциялы болады?

5 Кәсіпкерлер мен тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың ерекшеліктерні сипаттаңыз.