Азаматтық құқық – ғылым, құқықтың бір саласы ретінде

ҚР-ның жаңа Азаматтық Кодексінде қабылданғанға дейін азаматтық құқықтың пәні ретінде әдеттегідей қоғамдық қатынастың үш түрі қарастырылды: мүліктік; мүлікпен байланысы бар мүліктік емес; мүлікпен байланысы жоқ мүліктік емес. Бірақ қазіргі кезде осы түсінікке бір қатар өзгерістер енгізілді.

Сіздің ойыңызша қазіргі азаматтық құқықтың пәніне қандай қоғамдық қатынастар жатады? Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің қандай бабында ол туралы айқын  айтылған? Сіздің ойыңызша бұл енгізілген өзгеріс азамттық құқық пәнінің анықтамсын дәлелдеді ме?

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің баптарын көрсете отырып мүліктік қатынастар және жеке  мүліктік емес қатынастарға үш мысал келтіріңдер.

2 Азаматтық құқық басқа құқық салаларынан құқықтың рттеу әдісі, пәні және қағидасы арқылы ажыратылады. Қағидаларға қатысты цивилистер арасында келіспеушілік жоқ, ал әдіске қатысты әр маман өзінше бағалайды.

Сіздің пікіріңізше, неге азаматтық құқық әдісін айқындағанда келіспеушілік болады да, ал азамттық құқық қағидасына келетін болсақ ортақ пікір орын алады. Сіздің пікіріңізше, азаматық құқық «әдісі» және «қағидасы» ұғымының қайсысы ең қолайлы? Жауапты дәлелдеңдер?

3 Азаматтық құқық  жүйесін, институтын және саласын қалай түсінесіз? Сіздің ойынызша меншік құқығы, заттай құқық, патентік құқық, авторлық құқық, мұра құқығы иниституты және саласы болып табылады ма?

4 Көптеген мемлекеттердің цивилистері құқықты жалпы және жеке деп бөледі. Кеңес одағында құқықты осылай бөлу орын алған жоқ. Ақырғы жылдары құқықты болу қайтадан басталды. Сіздің пікірінізше неге кеңес одағы кезінде құқықты жеке және жалпы етіп бөлу орын алған жоқ. Аталған екі салаға адам құқығын жатқызуға және жеке салаларынына қатыстығының мәні неде?

5 Англо – американдық азаматтық құқықтық жүйеде нормативті құқық танылмайтынымен ерекшеленеді және онда құқықтық прецеденттің танылатындығы айтылған. Қазақстанда азаматтық құқық нормаларын кодикациялауға жатады. ҚР Азаматтық Кодексі панденттік жүйе бойынша құрылған.

Сіздің ойыңызша, неге Қазақстандық азаматтық құқық кодифинацияға жатады? Панденттік жүйенің мәні неде? ҚР-ның Азаматтық  Кодексі неге панденттік жүйе бойынша құрылған?

6 Соңғы жылдары азаматтық құқықпен қатар, өзге оған жақын бірақ өзге құқық салаларды бөліп қарастырады. Азаматтық құқықты сауда және кәсіпкерліктен бөліп тастау туралы мәселе әлі қарастырылу сатысында. Танымал орыс цивилисті Г.Ф.Шершеневичтің пікірінше сауда құқығы өз алдына жеке ғылым емес. Ол азаматтық құқықтың бір бөлігі. Қазіргі кездеотбасы құқығының азаматтық құқықтың негізінде қалыптасқанынада даулы жағдайлар туындауда. Мысалы, отбасы құқық саласындағы маман М.В Антоколский оны азаматтық құқықтың бір бөлігі деп түсінуді ұсынған.

Сіз қай пікіріді қолдайсыз? Сіздің пікіріңізше азаматтық құқықтың кәсіпкерлік  және отбасы  құқығымен ара қатынасы қандай? Олардың әрекет ету саласын қалай бөлу керек және қандай жағдайларда мүліктік және мүліктік емес қатынас құқықтың нормаларын қолдану қажет.