Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың педагогикалық көзқарастарының өзіндік ерекшеліктері

Ахмет Байтұрсынов та Мағжан Жұмабаев та Алашордашылар. Бар жандары елдің ертеңі. Надандықтан құтылу. Бірақ әр ақынның өзіндік ерекшеліктері бар. Мәселен, Ахмет Байтұрсынов педагогика тұрғысынан қалай білім берген дұрысы жайлы жазды. Онымен қоса ол, қазақ тілі, әдебиет саласына орны толмас еңбек етті. Оған дейін ешкім ондай ерен еңбек еткен емес. Қазақ әліпбиін жазып, араб әрпіне сай қазақтың тіл жүйесін реттеп, дәл сол қазақ тілі жағынан көптеген терминдер енгізген. Ал Мағжан Жұмабаев та өзіндік ерекшелігі бар еңбектер қалдырған. Оған біз ерекше « Педагогика» кітабын айтып өткеніміз жөн болар. Бұл кітап қазақ педагогикасыныің алғашы еді. Одан кейін тек 80 жыл өткен соң Қоянбаев Рамсейіт ғалым ағайымыз педагогика оқулығын жазады. Мағжан Жұмабаевтың « Педагогикасының» тағы бір ерекшелігі, онда тек тәрбие беру ғана емес, пәлсапалық ойлардың да кең етек жайылуын айтып кетсек болады.

Еліміздің келешекте үлкен бір жетістікке жетіп, бәсекеге қабілетті елдердің қатарында болуына білім саласының орны бірінші екені анық. Сол білім жүйесін одан әрі берік ету әр педагогтардың міндеті. Бірақ тарихымызды білмей, өрге асқанымыз болмас. Сондықтан Алордашыларымыздың еңбектерін оқып үйренгеніміз жөн болар. Соның ішінде Мағжан Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсынұлының еңбектерін оқып – үйрену аса үлкен байлық. Олардың педагогикалық еңбектері, ойлары тек оқушыларға ғана емес, сонымен  бірге педагогтарға таптырмас байлық. Мағжан Жұмабаевтың «Педагогика» кітабы керемет туынды. Ол педагогқа үлкен әдістемелік құрал. Ал Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары бастауыш сыныптарға үлкен тәлім – тәрбие берерлік өсиет. Мағжан Жұмабаев пен Ахмет Байтұрсынұлының өлеңдері қазақ әдебиеті саласында орны толмас керемет. Осындай ақын, ғалымдардың еңбектерін зерттеу, құндылықтарын ашу және мектеп бағдарламасынакөптеп енгізу біздің парызымыз болып отыр. Себебі ол еңбектерді оқыған әр бала елім деп, жерім деп сусындап өсері анық. Ал ол патриот халықтың өсеріне үлкен септігін тигізеді.

Халқымыздың рухани көсемі әрі ұстаздары Ахаң мен Мағжан ұлы Абайдың ойымен,шығармаларымен үндес жатқан, қазақтың төл әдебиетінің биік шығармалары дейтін болсақ,әділет,шындық алдында азаматтық парызымыз өтелген дер едік.

Өзімнің зерттеу жұмысымды Ахмет Байтұрсыновтың белгілі «Адамдық диқаншысы» өлеңімен аяқтағым келіп отыр.

…Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Төлі жоқ,көгалы жоқ-қырға шықтым,

Тұқымын адамдықтың шаштым,ектім,

Көңілін көтеруге құл халықтың…

Қорытындылай келгенде мына рухани азғындаған заманда Алашордашылардың еңбектері таптырмас олжа. Сондықтан оларды оқыған жөн болар. Мен осы үшін де бұны зерттеу жұмысымның тақырыбы ретінде алғанмын. Мағжан сенген жастары болып, жасампаз Қазақстанның өрлеуіне ақындарымыздың еңбектерін оқи отыра бәріміз атсалысайық.

                            Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Этнопедагогика ( оқулық) – С. Қалиев, Ж. Ж. Молдабеков, Б.І. Иманбекова. Астана: Фолиант, 2010
  2.  Этнопедагогика ( оқу құралы) – Б.Мұқанова, Р. Ильясова, Астана: Фолиант, 2008
  3.  Қазақ этнопедагогикасы (оқу құралы) – Ә.Табылдиев, Алматы: «Санат»,2001
  4.  Бес арыс – Д.Әшімханов. –Алматы: Жалын, 1992
  5. Ғаббас Қабышұлы. «Қазақ әдебиеті» 2003 ж. 30 мамыр
  6. Жұмабаев М. Педагогика. Алматы. 1992
  7. «Мағжанның педагогикалық мұрасы жайында».
  8.  Әбиев. Педагогика. Алматы. 2004
  9.  Қоянбаев.Педагогика. Алматы.
  10.  С.Сеңкібаев. М.Жұмабаевтың тәрбиелік ілімі – ғасырлар тоғысында
  11.  С.Сеңкібаев. Мағжанның тәрбиелік идеялары – тәуелсіз ел
  12.  Б.Байменова. М.Жұмабайұлының педагогикалық мұрасы // Ұлт тағылымы.
  13. М.Бағыбаева. М.Жұмабаевтың психологиялық мұрасы // Ұлағат. 2003.
  14.  Б.Бекматова. Мағжанның «педагогикасы // Ұлағат. 2003. №5
  15.  М.Бағыбаева. М.Жұмабаев және ұлттық тәлім-тәрбие // Ұлағат.
  16.  С.Сеңкібаев. Мағжанның ұстаздық-тәлімгерлік идеялары және олардың дамуы
  17.  Қ.Сұлтанов. Халықтың кіршіксіз махаббаты // Қазақстан мектебі.1993.
  18.  К.Құнантаева, И.Халитова. Қазақ мектебіне негіз іздегенде //
  19.  Б.Дәрімбетов. Мағжанның бір мақаласы // Қазақстан мектебі.
  20.     “Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6
  21.     «Маңғыстау» энциклопедиясына, Компьютерлік-баспа орталығы, 2007
  22.     «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясы, Алматы, 2002;
  23.     Тарихи тұлғалар. Танымдық — көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
  24.     Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 ж., 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  25.     Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса — Алматы: “Аң арыс” баспасы, 2009
  26.     “Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9
  27.     Қазақстанның қазіргі заман тарихы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған окулық. 2-басылымы, өңделген.