Автомобиль көлігі

Автомобиль көлігі — қазір басты катынас құралы. Автомашиналар икемді әрі жүйрік болғандықган ең түпкірдегі аудандарға оңай бара алады, сонымен қатар олар үнемді әрі жақын жерге жүк тасуға ыңғайлы.

Республикада жақсы жабдықгалған автомобиль жолдары желісі бар. Олардың коп бөлігі қатқыл табанды жолдар, Оңтүстік және Шығыс Казақстанда орналасқан. Бұл жерлерден Орта Азия елдеріне карай шығыс аудандарды (Алматы, Сарыөзек, Қорғас, Аягөз-Бақгы, Жаңғызтөбе- Зайсан) қамтамасыз ететін автомобиль жолдары (Алматы- Бішкек- Шымкент-Ташкент) етеді.

Шығыс Қазақстанада «Шығыс шеңбері» Кеңді Алтайдың өнеркәсіп
орталықгарын    (Өскемен—Алтай—Самар—Көкпекті—Георгиевка—Өскемен)

байланыстырады. Оның Көкпектіден Зайсан казаншұңқырына баратын тармағы бар. Әрбір облыс орталығынан аудан, ауылдарға  автобус катынайтын көптеген жеңіл тапті жолдар салынған. Жолдардың сапасы, әсіресе Солтүстік Қазақстан аудандарында,оларды жыл бойы пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Казақстанда тас жол, кара жол желісі канша жиі болғанымен, олардың 10%-ы ғана қатқыл табанды, бұл автомобилъ көлігінің калыпты жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Кыршық тасты жолдар — катқыл табанды жолдардың басым типі.

Халық жиі қоныстанған Іле Алатауьшың етегімен өтетін Алматы-Шелек-Нарынқол (Райымбек) даңғыл жолының рөлі күшті. Маңызы жағынан Карағанды—Теміртау—Астана, Семей—Павлодар—Омбы, Атырау—Орал жолдарын бөліп атауға болады.

Тасымал көлемі жағынан автомобиль көлігі републикада бірінші орын алады. Бұл салада темір жол көлігіндей емес, ірі тораптар түзілді. Бұлар — Алматы, Өскемен, Карағанды, Астана, Семей, Костанай, Ақтөбе.

Казақстанда  дүние  жүзілік  бес негізгі автокөліктік (коридор) жол қатынасы қалыптаскан, жалпы ұзындығы 7,6 мың шақырым. Ташкент-Шымкент-Тараз— Бішкек—Алматы-Харгос;

Шымкент—Қызылорда—Ақтөбе—Орал—Самара;

Алматы-Карағанды—Астана-Қостанай—Екатеринбург-Петропавл;

Астрахань-Атырау-Ақтау;

Омбы-Павлодар—Семей-Майкапшағай;

2001-2005 жылғы Республиканың автомобиль жолдарын дамыту жоспары бойынша бюджеттен 244 млрд. теңге бөлінсе 16,5 мың шақырым жол және 289 көпір салынбақ, ал 194 млрд  теңге  каржы бөлінсе 14,5 мың шақырым жол және 141 көпір салыпбақшы 2001 жылы автокөлік кұрылысына бюджеттен төмендегідей каржы бөлінген:

—     Кызыл-Әскер-Киров—1,9 млрд.теңге (14 км)

—     Астананың солтүстік бөлігі — 1,85 млрд.теңге (14 км)

—     Орал өзеніндегі көпір — 330 млн.теңге

—     Астана-Борабай жолы — 3,4 млн.теңге (260 км)

—     Лениногор (ШҚО) —Ресей шекарасына дейін—1000 млн теңге (62 км).

—     Сороковая-Павловка—26 млн теңге (12 км).

Катты жамылғысы бар автомобиль жолының ұзындығы 115 мың шақырым. Автомобиль көлігінің жұмысын жақсартудың маңызды бағыты -республика жолдарының  бүкіл  желісін  катқыл табанды жолға айналдырып, жақсартылған магистральды автомобиль  жолдарын салу. Автомобиль көлігі бұл көліктің басты міндеті — республиканың  бүкіл  көлік  желісін  біртұтас жүйеге біріктіру, жүктерді ұсақ дайындаушылардан көліктің магистральді түрлеріне және кері бағытта жеткізу. Бір мезгілде көп жүкті немесе жолаушыларды жақын аралыққа жеткізу қажет болатын жағдайларда автомобильдерді пайдалану ерекше пайдалы.