Ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай?

Ауыл шаруашылығы бүгінгі күні елдің тұрғындарын азық-түлік өнімдерімен, ал өндірістік кешенді шикізатпен  қамтамасыз ете алатын басты күш болып отыр.  Агроөндірістік кешен өнімдерінен барлық тауарлар мен тұтыну заттарының 70%-ға жуығы өндірілетін болғандықтан, халықтың өмір сүру деңгейі мен моральдық бет-бейнесі тікелей осы саланың тиімділігіне тәуелді болып отыр.

 Өсімдік шаруашылығын субсидиялау. Өсімдік шаруашылығынсубсидиялау мына бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағармай мен басқа да тауарлар мен материалдар бағасын (40 %-ға дейін) арзандату;

2) көпжылдық жеміс-жидек екпелері мен жүзімді отырғызуға және өсіруге кеткен шығындардың құнын ішінара (40 %-ға дейін) өтеу;

3) шитті мақтаның сапасын және мақтаны қайта өңдейтін ұйымдар қабылдау кезінде шитті мақтаның сапасын сараптауға кеткен  шығындарды мақта иелеріне толық өтеу;

4) тыңайтқыштардың бағасын (органикалықты қоспағанда) және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындардың құнын (50 %-ға дейін) арзандату;

5) тұқым шаруашылығын субсидиялау.

Жанар-жағар май материалдарын және басқа да тауарлар мен материалдарды сатып алуға байланысты субсидиялар төлеу:

1) дәнді дақылдар (күріш пен дәндік жүгеріден басқа) бойынша: eгic науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына – 100 %.

Осы дақылдар ғылыми негізделген аймақтық агротехнологияларды сақтай отырып, өсірілген жағдайда көбейтілген субсидия нормасымен төленеді;

2) қант қызылшасы, майлы дақылдар, күріш, дәндік жүгері, сүрлемдік жүгері, сүрлемдік күнбағыс, мақта, көкөніс-бақша (қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдарын қоспағанда), жемшөптік, жеміс-жидек дақылдары, жүзім және картоп бойынша: егіс науқанының нәтижесіне сай, субсидияның базалық нормасы бойынша 1 гектарына — 100%. Бұл ретте егу алаңы 50 гектардан кем мақта, 200 гектардан кем күріш алқабы бар мақта мен күріш өсірумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге (бұдан әрі – АШТӨ) базалық норманың 50 % мөлшерінде бюджеттік субсидия төленеді;

3) қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары бойынша: әрбір дақылға субсидияның тиесілі сомасының 50 %-ы.

Субсидия алу үшін АШТӨ субсидия алушылардың тізіміне қосуға арналған өтінімді мынадай құжаттарды қоса отырып ұсынады:

1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмелерін (жеке тұлға үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмелерін);

2) жер учаскесінің сәйкестендіру және (немесе) құқық белгілейтін құжатының көшірмелерін;

3) тауар өндіруші ауылдық тұтыну кооперативінің немесе су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативінің анықтамасын;

4) банктік шоттың бар екендігі туралы (нөмірі көрсетілген) банктік анықтама.

Жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелеріне арналған субсидиялар АШТӨ-дің өткен жылдың күзінде және (немесе) ағымдағы жылғы көктемде жүргізілген жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көп жылдық екпелерін (интенсивті (қарқынды) бақтар, жидектіктер және жүзімдіктер) отырғызуға және оларды ағымдағы жылы өсіруге жұмсаған шығындарын ішінара өтеуге арналады.

Субсидияларды алу үшін АШТӨ тізбесі облыстың жергілікті атқарушы органының шешімімен анықталатын құжаттардан тұратын өтінішті береді. Бұл ретте субсидияларды төлеу үшін:

сатып алу-сату және (немесе) қаржы лизингісі шартының, бастапқы есеп құжаттарының (кіріс және шығыс кассалық ордерлері) көшірмесі;

1) отырғызу материалы;

2) тамшылатып суару жүйесі;

3) типті жобаны сатып алу бойынша шот фактураның көшірмелері міндетті құжаттар болып табылады.

Мақта талшығының сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта талшығының сапасын сараптауға жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайтын сарапшы ұйым мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетуші болып табылады. Мақта иелері мақта талшығының сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

Мақта талшығының сапасын сараптауды Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы № 1173 қаулысымен бекітілген Мақта талшығының сапасына сараптама жүргізу және мақта талшығы сапасының паспортын беру ережесіне сәйкес қызметтерді көрсетуші жүзеге асырады.

Шитті мақтаның сапасын сараптауға арналған субсидиялар мақта иелеріне мақта өңдеу ұйымдарына қабылдау кезінде жұмсаған шығындарының құнын толық өтеуге арналады.

Аккредиттелген шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі зертханалар (орталықтар) шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді көрсетушілер болып табылады. Шитті мақта иелері шитті мақтаның сапасын сараптау жөніндегі қызметтерді сатып алушылар болып табылады.

Шиттi мақтаның сапасын сараптауды қызметтерді көрсетушілер Шиттi мақтаның сапасына сараптама жүргiзу және шиттi мақтаның сапасы туралы куәлiктi беру ережесiн, шитті мақтаның сапасы туралы куәліктің нысанын (үлгісін) бекiту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң 2007 жылғы 26 қарашадағы № 710 бұйрығына сәйкес жүзеге асырады.

Тыңайтқыштардың (органикалықты қоспағанда) бағасын және ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған шығындарды арзандатуға арналған  субсидиялар:

1) ағымдағы жылы отандық тыңайтқыш өндiрушiлер сатқан тыңайтқыштардың құнын iшiнара арзандатуға;

2) тыңайтқыштарды ағымдағы жылы тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) тiкелей шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

3) тыңайтқыштарды алдыңғы жылғы 4 тоқсанда өндiрушiден және (немесе) тыңайтқыш жеткiзушiден және (немесе) шетелдiк тыңайтқыш өндiрушiлерден сатып алған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге;

4) ауыл шаруашылығы дақылдарын отандық өндірушілер өндірген (формуляциялаған) гербицидтермен өңдеуге жұмсалған АШТӨ шығындарын iшiнара өтеуге арналады.

Субсидиялар алуға арналған құжаттарды жинау және рәсімдеу, АШТӨ-ге бюджеттік субсидиялар төлеу тәртібі, АШТӨ-дің бюджеттік субсидияларды алуға арналған есепті беру тәртібі мен формасы облыс (Астана қаласы) әкімінің шешімімен анықталады.

Тұқым шаруашылығын субсидиялау элиталық және суперэлиталық тұқымдардың құнын 40%-ға дейін арзандату, сұрып (сорт) оригинаторларының көбейту көшеттігін және будандардың аналық формаларының өндірісіне арналған шығындарының 40%-ына дейін өтеу, сол сияқты жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің көпжылдық екпелерінің аналықтарын отырғызуға арналған шығындарды толықтай (100 %) өтеу арқылы жүзеге асырылады.

1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарды (сорттарды) көбейту питомниктерінің тұқымдары мен аналық нысандар будандарын өндіруге жіберілген шығындарды ішінара өтеуге бюджеттік субсидиялар алу үшін оригинал тұқым өндірушілер (оригинаторлар) тиісті жылдың 10 қарашасынан кешіктірмей, облыстың жергілікті атқарушы органына көрсетілген тұқым өңдіру фактісін растайтын құжаттар тізбесін (нақты өндірген тұқым көлемі жөніндегі тізілімді, кіріске алу актілерін, тұқымдар егістігін сынақтан өткізу актілері мен есепті, тексерілген тұқымның саны мен сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесі) ұсынады.

2. Жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салуға және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсетуге жұмсалған шығындарды толық өтеу үшін оригинаторлар жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарын салу және салынған жеміс-жидек дақылдары мен жүзімнің көп жылдық екпелері аналықтарының аяқталмаған өндірісіне қызмет көрсету жөнінде келтірілген шығындардың нәтижелері бойынша облыстың жергілікті атқарушы органына жасалған шарттардың және жұмсалған шығындар бойынша төлеу фактісін растайтын барлық құжаттардың, сондай-ақ кіріске алу актілерінің көшірмелерін тапсырады.

3. Нарықтық құн бойынша сатылып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің суперэлиталық тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін элиттұқымшарлар ай сайын 1-күнге қарай ауданның жергілікті атқарушы органына сатып алушылар бөлінісінде сатылып алынған элиталық тұқымның саны мен сапасы туралы ақпарат береді. Сонымен бірге элиттұқымшарлар суперэлиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растау үшін мынадай мерзімде: жаздық дақылдар бойынша тиісті жылдың 20 маусымына дейін, ал күздік дақылдар бойынша тиісті жылдың 10 қарашасына дейін ауданның жергілікті атқарушы органына құжаттар тізбесін ұсынады (элиттұқымшар нақты сатып алған суперэлиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді, тұқымға арналған аттестаттың көшірмесін, тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы тұқым сапасына сараптама жасау жөніндегі зертхананың анықтамасын, сатылып алынған суперэлиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, сондай-ақ тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың көшірмелерін, элиттұқымшар мен бірегей тұқым өндірушінің арасындағы сатылған және сатып алынған суперэлиталық тұқымның көлемі туралы сатып алу-сату шартын ұсынады.

4. Нарықтық құн бойынша сатып алынған ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің элиталық (жүгері, мақта және күнбағыс тұқымынан басқа) тұқымына бюджеттік субсидиялар алу үшін тұқымшарлар және тұқым тұтынушылар ауданның жергілікті атқарушы органының  шешімімен құралған ведомствоаралық комиссияға өтінімді және  заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы құжаттың көшірмесін (жеке тұлға үшін шаруа қожалығын құруға әкім шешімінің көшірмесін), жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелерін, Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сорттарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының (сорттарының) тұқымдарын сатып алынған жағдайда — лицензиялық шартты, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиттұқымшарға немесе тұқым тұтынушыға (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді, сондай-ақ элиталық тұқымдарды сатып алу фактісін растайтын құжаттар тізілімін ұсынады (тұқымшар немесе тұқым тұтынушы нақты сатып алған элиталық тұқымдардың көлемі жөніндегі жиынтық тізілімді, тұқым аттестатының көшірмесін, тексерілген тұқымның саны мен сапасының стандарттар талаптарына сәйкестігі туралы зертхана анықтамасының көшірмесі, сатып алынған элиталық тұқымның бастапқы төлем құжаттарының, оның ішінде ішінара өтеуді растайтын, сондай-ақ тиеп жөнелтуге арналған жүкқұжаттың және шот-фактуралардың көшірмелерін, элиттұқымшар мен сатып алушылар арасындағы сатылған және сатып алынған элиталық тұқымның саны туралы элиталық тұқымды сатып алу-сату шарты).

5. Арзандатылған құн бойынша сатылған жүгері, мақта және күнбағыс элиталық тұқымдары мен элиталық бюджеттік субсидиялар алу үшін  Қазақстан Республикасының қорғалатын өсімдіктер сұрыптарының (сорттарының) мемлекеттік тізіліміне енгізілген ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының (сорттарының) тұқымдары мен көшеттері белгіленген квоталар шегінде сатылған жағдайда,  элиттұқымшарлар ауданның жергілікті атқарушы органына лицензиялық шартты береді, ол бойынша патент иесі (лицензиар) элиталық тұқым шаруашылығына (лицензиатқа) Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы заңға сәйкес селекциялық жетістікті уақытша пайдалану құқығын береді.

Мал шаруашылығын субсидиялау.

Республикалық бюджет есебінен мал шаруашылығын қолдауға мемлекеттік қолдау бюджеттік бағдарламалар аясында2 бағыт бойыншажүзеге асырылады.

1. Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдау (083 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты –  малдың жалпы санынан шаққанда асыл тұқымды малдың үлес салмағын арттыру.

Субсидиялар:

Тауар өндірушілер отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) шаруашылықтардан сатып алған асыл тұқымды төлдің, тауар өндірушілер дистрибьютерлік және (немесе) малды асылдандырушы орталықтардан сатып алған, ұрпағының сапасы бойынша бағаланған тұқымдық бұқалардың ұрығының, тауарлық құс фабрикалары етті бағыттағы құс шаруашылығы бойынша асылдандырушы шаруашылығынан және құс шаруашылығы саласындағы асыл тұқымды мал шаруашылықтарынан сатып алған асыл тұқымды тәуліктік балапандар (бұдан әрі – балапандар) және асыл тұқымды жұмыртқа құнын ішінара (50%-ға дейін) арзандатуға, сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты РМАО «Асыл түлік», «Астана құс» АШ АҚ және «Қазақ тұлпары» ЖШС шығындарын өтеуге жұмсалады.

Субсидия алу тәртібі:

Субсидиялау бағдарламасына қатысушылар бюджеттік субсидияларды алу үшін мәмілелердің жасалуына қарай, бірақ сәйкес қаржылық жылдың 20-желтоқсанынан кешіктірмей, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алғандығын растайтын құжаттарды өткізеді.

Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда асыл тұқымды өнімді (материалды) сатып алғаны туралы жиынтық акт жасайды және бекітеді, және төлем құжаттарының көшірмелерін қоса беріп, басқармаға ұсынады. Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бөлім екі жұмыс күнінен кешіктірмей, олардың сәйкес келмеу себептерін көрсетіп, тауар өндірушілерге қайтарады.

Тауар өндірушілердің банк шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру (088 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы).

Мақсаты – Мал шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайту және сапасын арттыру.

Субсидиялар:

Сиыр, бройлерлік құс, жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын өндіру үшін пайдаланылатын құрама азықтың және құнарлы жемшөптің  құнын ішінара арзандатуға (45%-ға дейін), сондай-ақ сүт, биязы қойлардың жүнін, қой етін, жылқы етін, қымыз және шұбат өндірісіне жұмсалатын шығындарды ішінара өтеуге арналады.

Субсидия алу тәртібі:

Бюджеттік субсидиялар алу үшін тізімге енгізілген тауар өндірушілер өнімнің сатылуына қарай ай сайын, бірақ сәйкес қаржы жылының 20-желтоқсанныан кешіктірмей, аудандық ауыл шаруашылығы бөліміне өнімнің ішкі нарықта сатылғанын растайтын құжаттарды өткізеді.

Бөлім ай сайын, құжаттардың түсуіне қарай бес жұмыс күнінің ішінде, бірақ сәйкес қаржы жылының 25 желтоқсанынан кешіктірмей, ұсынылған құжаттарды тексереді. Олар белгіленген талаптарға сәйкес болған жағдайда, аудан бойынша өнімді сату туралы жиынтық акт жасайды және жиналған құжаттарды Басқармаға қарауға және ақысын төлеуге ұсынады.

Ұсынылған құжаттар белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, Бөлім үш жұмыс күнінің ішінде оларды тауар өндірушілерге сәйкес келмеу себептерін сипаттай отырып, пысықтауға қайтарады.

Тиісті тауар өндірушілердің және құс фабрикаларының банктік шоттарына тиесілі бюджеттік субсидияларды аударуды Басқарма төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асырады.

Субсидиялар жергілікті бюджет қаражаты есебінен ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне келесі бағыттар бойынша төленеді:

1) ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру бойынша қызмет ұсынушылардың шығынын 50%-ға дейін қайтару;

2) сатып алынған арнайы технологиялық, зертханалық жабдықтардың және ауыл шаруашылығы малдарын қолдан ұрықтандыру үшін пайдаланылған арнайы техниканың құнын, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер сатып алған мал өнімдерін өндіру, пайдалану үшін сатып алған жабдықтары мен техникаларының құнының 50%-ына дейін қайтарып алу;

3) қатты және сулы азықтарды өндіру және дайындау шығындарын 50%-ға дейін қайтару;

4) мал өндіру және құс өндіру нысандарын салу және қайта салу шығындарын 50%-ға дейін қайтару.

Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді субсидиялау жылына бір рет мына бағыттардың тек біреуі бойынша жүзеге асырылады:

1) бірінші, екінші және үшінші репродукциялық өнімінің тұқымын (жақын және алыс шет елдерден және республикамыздың басқа облыстарынан енгізілетін тұқымдарды қоса алғанда) сатып алатын АШТӨ шығындарын ішінара бірінші, екінші және үшінші репродукциялық өнімнің тұқымының сатып алынған толық құны жергілікті атқарушы орган белгілеген (әрі қарай облыстың жергілікті атқарушы органы) әр ауданға ағымдағы жылдың жиын терімі бойынша жиналатын әр тұқым көлемі мен қаржыландыруы шегінде қайтаратын субсидия төленеді,

2) отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің шығарған бірінші, екінші және үшінші сортты тұқымдарының құнын жартылай арзандатуға субсидиялау тиісті жылдың өнімінен алынған тұқымның әрбір түріне әрбір аудан үшін тұқым беру және қаржыландыру көлемі бойынша облыстың жергілікті атқарушы органы белгілеген шеңберде бірінші, екінші және үшінші сортты тұқым көлемінің құнын арзандату бойынша отандық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге нақты іске асырылған тұқым өндіру шаруашылығына (бұдан әрі – тұқым шар-ғы)төленеді.

Субсидия алатын АШТӨ тізімін және оларға тиесілі субсидия көлемін анықтау үшін әкімдік Ведомство аралық комиссия құрады (бұдан әрі — ВАК). Комиссияның жұмысшы органы Ауыл шаруашылығы басқармасы болып табылады.

Субсидия алу үшін құжаттар жинау және рәсімдеу:

1. АШТӨ жұмысшы орган белгілеген мерзімде ВАК-тың жұмысшы органына Министрлік бекіткен формада субсидия алуға болатын АШТӨ тізіміне (бұдан әрі – АШТӨ тізімі) енгізу үшін өтініш ұсынады:

1) заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы немесе жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеу туралы куәлік көшірмесі;

2) клиентті салық есебіне қою фактісін растайтын салық қызметінің органы берген құжаттың көшірмесі;

3) жер учаскесін сәйкестендіру құжатының көшірмесі;

4) ағымдағы шоттың болуы туралы банк анықтамасы;

5) түпнұсқалар: шот-фактура, тауарлар мен қызметтер сатушысы берген тауар-көліктік тауар құжаттамасы;

2. ВАК жұмысшы органы құжаттарды қабылдау күні аяқталған сәттен бастап он жұмыс күні ішінде оларды өңдеуді жүзеге асырып, ВАК қарауына ұсынады. Құжаттарды қабылдап алған күні АШТӨ-ге толық көлемде қабылданған құжаттар туралы анықтама береді.

3. ВАК бес жұмыс күні ішінде ВАК жұмысшы органы ұсынған құжаттарды қарастырады және берілетін субсидия сомасын көрсете отырып АШТӨ тізімін қалыптастырады.

АШТӨ өтініште көрсетілген көлемдегі тыңайтқыштарды, жабдықтарды, техниканы немесе өзге да заттарды сатып алудан немесе қайтарудан бас тартса, ВАК осы көлемді АШТӨ тізіміне енгізілген басқа АШТӨ арасына бөліп береді.

4. ВАК үш жұмыс күні ішінде Министрлік бекіткен формада АШТӨ-нің соңғы тізімін құрастырып, аудан (облыс, қала) әкіміне бекітуге жібереді.

АШТӨ тізіміне енгізуден бас тартқан жағдайда жұмысшы орган соңғы тізім құрастырылған сәттен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей АШТӨ-ға бас тартудың себебін көрсетіп, жазбаша хабарлама таратады.

5. Аудан (облыс, қала) әкімі екі жұмыс күнінің ішінде АШТӨ тізімін бекітеді.

Пайдалы сілтемелер:

1) http://minagri.gov.kz/ – Ауыл шаруашылығы министрлігінің cайты;

2) www.kaf.kz/ — «Қазаргофинанс» АҚ-ның сайты;

3) www.fad.kz/ — «Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры» АҚ-ның сайты

4) http://nhkazagro.kz/jo/index.php?lang=russian– «Қазагро» Ұлттық басқару холдингі» АҚ-ның сайты;

Интернет арқылы іздеу. Сіз Интернет арқылы да осы тақырып бойынша көптеген материалдармен таныса аласыз. Ол үшін іздеуге арналған сайттар, мысалы www.google.kz, www.rambler.ru, www.yandex.ru сияқты жүйелерде «ауыл шаруашылығы субсидиялары», «ауыл шаруашылығы субсидияларын алу» және т.б. кілт сөздерді теру керек.