Аудиттің постулаттары, стандарттары және нормалары

Аудиттің көктейтесті  мәселелерінің бірі – оның пастулаттарын зерделеу болып табылады. Кең мағынадағы постулат бұл басқаша дәлелденбейінше, жоққа шығарылмайынша ақиқат ретінде қабылданатын аксиомалық ережелер.

Постулаттар ғылым және ғылыми тәртіп жүйесінің негізінде жатады. Олар кез келген ғылыми теорияның дамуы үшін одан кейінгі логикалық құрылымды жасау базасына керекті бастапқы алғышарт пен болжаулар болып табылады. Іргелі постулаттарды  негізге алаотырып, ең күрделі мәселелерді түсінуге болады.

Аудит теориясындағы постулаттардың рөлі аса маңызды болады. Батыс ғылымдары мен мамандары олардың қажеттілігін ерте сезінді. 1961 жылы Р.К. Маутц және Х.А. Шараф аудиттің 8 постулатын қалыптастырды. Олар өте әйгілі болып, аудит теориясында кеңінен қолданыла басталы.

Әр түрлі ғалымдар мен маман практиктердің көзқарастарын жан жақты зерделеу арқылы ғылыми негізделген постулаттар болып мыналар саналады:

  1. Қаржылық есеп берулер мен қаржы мәліметтері тексерілуі мүмкін.
  2. Мүддделердің қайшы келіп қалуы ықтималдығы.
  3. Верификацияның мүмкіндігі.
  4. Есептеме дұрыс жасалмаған.
  5. егер қаржылық ақпаратты тексеру тәуелсіз пікір білдіру мақсатында орындалса, онда аудитордың қызметі оның өкілеттілігімен реттемеленеді.
  6. Қате қорытынды жіберіп алудан ешкім де тыс емес.
  7. Аудиторлардың пікірі оның мүдделеріне тәуелді.
  8. Есеп беру мәліметтерінің обьективтілігі ішкі бақылаудың тиімділігіне тікелей пропорционалды.
  9. Әрбір тізбекті тексеру өткен шақтағы тексерулердің құндылығын кемітуі мүмкін және әрдайым ақпараттылығы аз болады.
  10. Аудитордың әрбір пайымдауы белгілі деңгейде иландырады.
  11. Бұрынғы ақпараттың құндылығы.
  12. Жалпы қабылданған бухгалтерлік принциптерді ұдайы сақтау.

Осылайша, аудит саласын стандарттау және теориясын дамытудағы постулаттардың маңызы зор.

Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырыды.

Аудиторлық қызмет заңнан басқа стандарттармен, нормалармен және негізгі постулаттармен реттеледі.

Аудиторлық стандарттар әрбір тексеруші органға кәсіпорынның міндет жүктеушісі болып табылады, алайда олар ревизиялық іс тәжірибелерді қорытындылаудан алынған іріктемелер негізінде әзірленген.

Стандарттардан айырмашылығы аудит нормалары негізгі принциптерді қарастырмайды, сөйтсе де мына жағдайларда қолдануы мүмкін процедуралары бойынша басшылықты қамтиды:

  • өзіндік ерекшелігі бар мәселелерді тексеру
  • жекелеген салаларды ревизиялау
  • бейаудиторлық есеп берулерді дайындау және т.б.

Аудиторлық стандарттар  мен нормалар сияқты жарияланған ресми құжаттарды мемлекеттік, бақылаушы, заңды және басқада өкілетті инстанциялар аудиторлар жұмысының құзыреттілігі мен дұрыстығын қарастырғанда басшылыққа алып, пайдалануы мүмкін.