Загрузка...

Арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі экономикадағы орны дипломдық жұмыс

Загрузка...

МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 БӨЛІМ АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, ҚҰРЫЛУ САТЫЛАРЫ МЕН ДАМУЫ
1.1. Арнайы экономикалық аймақтардың пайда болуы және қалыптасу мақсаттары
1.2 Каспий бассейніндегі теңіз порттарының қызмет етуінің Қазақстандық және халықаралық тәжірибесі

2 БӨЛІМ. «АҚТАУ ТЕҢІЗ ПОРТЫ» АЭА –НЫҢ АРҚЫЛЫ ӨТЕТІН ЖҮК АҒЫМЫНА ТАЛДАУ
2.1 «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймақ аумағындағы қызметтерді ұйымдастыру
2.2 «Ақтау теңіз порты» АЭА 2004 – 2008 жж. қызметінің тиімділігін талдау.
2.3 Ақтау теңіз портымен тасымалданатын құрғақ жүктер мен мұнай өнімдеріне талдау

БӨЛІМ 3 АРНАЙЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ РЕТІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТЕҢІЗ ПОРТТАРЫНЫҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 «Ақтау теңіз порты» АЭА-ның даму концепциясы.
3.2 Арнайы экономикалық аймақ ретіндегі Ақтау теңіз портының бәсеке қабілеті стратегиясы мен нарық сегменттері.

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Арнайы экономикалық аймақтардың экономикасы экономиканың маңызды саласы болып табылады және бұл сала бүгінгі таңда ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосып отыр.

Арнайы экономикалық аймақ – капиталды инвестициялау және экономиканы дамыту үшін жағдай туғызатын шетел және отандық кәсіпкерлерге ерекше экономикалық жеңілдіктері бар ұлттық-мемлекеттік шектелген аумақ бөлігі. Арнайы экономикалық аймақтар ішкі сауда, жалпы экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық мәселелерді шешу үшін құрылады.

Арнайы экономикалық аймақтардың мамандандырылуына сай көптеген арнайы экономикалық аймақтарға тән құқықтық реттеудің төмендегідей механизмдері бар::

  • Белгілі жағдайларға сәйкес белгіленген мерзімде инвесторларды толық және ішінара салықтан босату;
  • өнім шығару, құрылғылар мен шикізаттар тасымалын кедендік төлемдерден босату, бұл принцип қазір кеңірек қолданылады, арнайы экономикалық аймақтар кедендік территория ретінде қарастырылмайды.
  • Либералдық валюталық режим, шетелдік инвесторлар табысына валюталық және салықтық шектеулердің жоқтығы;
  • Тіркеу, есептілік және басқа да нысандардың  жеңілдетілуі;
  • Сәйкес өкілеттілік шеңберінде аймақта арнайы басқару органдарын құру;
  • Ғимарат пен жерді жалдауға, әртүрлі қызмсеттерге жеңілдетілген тариф; -Аймақтағы іскерлік белсенділікті қамтамасыз ету үшін сәйкес инфрақұрылымды қалыптастыру.

Арнайы экономикалық аймақтар қоғам өміріне әртүрлі және көп жақты әсерін тигізеді. Ол экономикалық өсуді қамтамасыз ету мақсатында халық пен өндіріс орындарының прогрессивті құрылымдық және географиялық өзгерістеріне алып келеді, соның нәтижесінде,  халықтың өмір сүру деңгейі мен тұрмыс жағдайының өзгереді, халықаралық еңбек бөлінісін қамтамасыз ете отырып әлемдік экономикаға, мәдениет пен халықаралық қатынастарды жүзеге асыруда өз ықпалын тигізеді. Арнайы экономикалық аймақтарды қалыптастыру экономикалық жағынан да саяси жағынан да маңыздылығы әлемдік тәжірибеде дәлелденіп отыр. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасы үшін арнайы экономикалық аймақтардың маңыздылығы  өте зор,  оның мәселелері мен шешу жолдарын айқындау — бүгінгі таңдағы өзекті тақырып.

«Ақтау теңіз порты» арнайы аймағын құрудағы басты мақсат — өңірдегі экономикалық саланы дамыту және аймақтың табиғи ресурстарын барынша тиімді пайдалану. 2004-2008 жылдар аралығында экономикалық аймақта бірнеше зауыттар салынып, Маңғыстаудағы қайта өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығару деңгейі 1,7 есеге артты. Қазіргі кезеңде арнайы экономикалық аймақта өз бизнесін бастауға ниет білдірген тағы 5 қаржы салымшысы бар.

Ақтау арнайы экономикалық аймағы 2004 жылы өз жұмысын бастап, Ақтау қаласы теңіз порты жанындағы өндірістік аймаққа орналасты. Бұл орын осындай аймақ үшін өте ыңғайлы, себебі басқа мемлекеттермен (Түрікменстан, Иран және Әзірбайжан) шекаралас, сондай-ақ мұнда теңіз сауда порты, көлік желілері және өндірістік орталықтар бар. «Ақтау теңіз порты» әкімшілігінің басты жұмысы – инвестиция тарту, инвесторлармен жұмыс істеу.

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылғы «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында, Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» жолдауында  көлік саласының дамуына байланысты: «Қазақстанның көлік-коммуникация кешенінің басты мақсаты еуразиялық көлік жүйесіне кірігу болып қала береді. Көлік-коммуникация кешенін дамыту Еуропа мен Азия ортасындағы аралық көпір болып отырған еліміздің геостратегиялық орналасуының артықшылықтарын пайдалануды толығымен қамтамасыз етуге тиіс. Жүктердің тез өткізілуін ұйымдастыру жөнінде тиімді рәсімдер енгізу үшін көршілермен арадағы нақтылы уағдаластықтарды дамыту қажет»   делінген. Сонымен қатар теңіз көлік саласының әлеуетін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Көлік стратегиясында келесідей жоспарланған: «Теңіз порттарының өндірістік қуаттарын кеңейту және жаңғырту жөніндегі жұмыстарды аяқтау; Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде жүктерді (порттарды) ауыстырып-тиеудің балама бекеттері инфрақұрылымын, олардың қуаттарын жүктерді ауыстырып тиеудің болжамды өсуін қамтамасыз ететін және даму бағдарламаларын перспективалы іске асыруды ескеретін деңгейге дейін кезең-кезеңімен жеткізе отырып дамыту».

Мемлекет тарапынан әзірленген стратегиялық жоспарларды жүзеге асыру барысында қазіргі күні проблемалы мәселелердің орын алып отырғандығын ескеруіміз қажет. Бұл проблемаларға келесі факторлар әсерін тигізіп отыр; көлік қызметінің бәсекелестік қабілеттілігінің төмендігі; транспорттық дәліздердің техникалық жабдықтануы халықаралық стандарттарға сәйкес келмеуі; теңіз көлік инфрақұрылымында контейнерлі жүк тасымалдау мүмкіндігінің төмендігі; жүк тасымалдауда тартымды тариф режимінің жоқтығы; шекаралық аймақта жүк тасымалын рәсімдеу жұмыстарының күрделілігі; халықаралық теңіз көлік рыногында бәсекелес порттардың қызметі.

Аталған проблемалардың шешілу мүмкіндігін арттыруға әсерін тигізетін теңіз көлік әлеуетін дамытуға бағытталған ғылыми зерттеу жұмысының қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан Қазақстанның теңіз көлік әлеуетін дамытуды теориялық зерттеу негізінде, оның даму әлеуетінің мүмкіндіктерін талдау және бағалау арқылы теңіз көлігі әлеуетін дамыту бағытын зерттеу өзекті мәселе болып отыр.

Сондықтан мен диплом жұмысымды нарықтық инфрақұрылымды дамытудағы  арнайы экономикалық аймақтардың ролі тақырыбына арнадым.

Дипломдық жұмыстың мақсаты: арнайы экономикалық аймақтардың даму жағдайларына сипаттама бере келіп туындаған мәселелер мен оны шешу жолдарын іздеу.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, ІІІ бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

Дипломдық жұмыстың І бөлімінде арнайы экономикалық аймақтардың қазіргі экономикадағы орны мен ролі айқандалып, даму жағдайына сипаттама берілген.

ІІ бөлім арнайы экономикалық аймақ ретінде Ақтау теңіз портының маңыздылығын айқындайтын тасымал бағыттарының дамуы мен жүзеге асырылу жағдайларына талдау жасалынып, Ақтау теңіз портының қаржылық-экономикалық көрсеткіштері талданған.

ІІІ бөлімде жүргізілген талдаулар мен зерттеулер нәтижелері бойынша анықталған мәселелер мен шешімін таппаған сұрақтар талқыланып, бүгінгі таңдағы теңіз көлігін дамыту бағыттары қарастырылған.

Ақтау теңіз порты инфрақұрылымдық сипатқа ие, себебі ол материалдық өндірістің жалпы жағдайларымен байланысты жалпыэкономикалық, әлеуметтік, мәдени және саяси маңыздылығы бар, мемлекеттік және басқа да функцияларды атқарады. Шаруашылық қызметтің түрі ретінде ол салалық сипатқа ие бола отырып, ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде ықпал етеді, яғни, ұдайы өндірісті жандандырады немесе баяулатады, айналымдағы отын мен шикізаттың және де басқа да жылдық өнімдердің массасын көбейтеді, сондай-ақ  белгілі-бір өлшемде географиялық сфераға, пайдалы қазбалар, еңбек және басқа да табиғи ресурстарға өз әсерін тигізеді.

 Дипломдық жұмыс / 64 бет

Загрузка...