Аристотельдің адамға берген анықтамасының мәні

 Жоспар

Кіріспе

Негізгі бөлім:

1. Аристотельдің өмірбаяны

2. Аристотельдің   адамға берген анықтамасыны

Қорытынды 

Аристотельдің өмірбаяны  

Аристотель  (б.з.д. 384 – б.з.д. 322 жылдар) — грек философы, Платонның шәкірті, Ұлы Александрдың ұстазы. Ол түрлі-түрлі тақырыптарға зерттеулер жазған, соның ішінде физика, метафизика, ақындық өнер, театр, музыка, логика, шешендік өнері, саясат, үкімет, этика, биология және зоология.

Аристотель Халкидика түбегіндегі Стагейра қаласында б.з.д. 384 жылы туған. Оның әкесі Македония патшасы Аминтастың жеке дәрігері болған. Аристотель ақсүйектерге лайықты тәрбие және білім алды. Шамамен он жасында Аристотель Афины қаласына барып, Платон Академиясында білім ала бастады. Ол сонда шамамен жиырма жыл бойы, б.з.д. 347 жылы Платон қайтыс болғанға дейін қала берді. Аристотельдің баласы Александрдың ұстазы болуға шақырады.Александр патша болғаннан кейін Аристотель алдымен Стагирға, одан 335 жыл- Афиныға оралады.

Мұнда  келгеннен кейін өзінің мектебін- ликей  ашады. Бұл мектеп сол  кездегі философия мен ғылым дамыту орталықтарының біріне айналады.Содан соң ол Ксенократпен бірге Кіші Азиядағы Һермиас патшаның иеліктеріне сапар шекті. Азияда болған кезінде ол Теофрастпен бірге Лесбос аралына сапар шегіп, екеуі аралдың өсімдік және жануар әлемін зерттеді. Аристотель Һермиастың қызы (не қарындасы) Питияға үйленді. Ол туған қызды ол Пития деп атады. Һермиас қайтыс болғаннан кейін Аристотельді Македония патшасы Филипп өзінің ұлы Александрға тәлімгер болуға шақырды. Ол Александрды сабап оқытты деседі.

Александрға бірнеше жыл тәлім бергеннен кейін Аристотель Афиныға қайтып оралды. Б.з.д. 335 жылға дейін ол сонда Лүкейон деп аталатын өзінің мектебін ашып алған болатын. Афиныда оның әйелі Пития қайтыс болып, ол Стагейралық Һерпиллида атты бір әйелді кездестіреді. Ол ұл туып, оның атын Аристотель өз әкесінің құрметіне Никомах деп қояды.

Аристотель көптеген еңбектерін өмірінің осы кезеңінде жазған болуы мүмкін. Ол тек кейбір бөліктері ғана сақталған диалогтар жазған. Бізге келіп жеткен еңбектерінің көбі «трактат» түрінде өзінің шәкірттеріне арналған оқу құралы ретінде жазылғандықтан көпшілігі жалпы таратуға арналмаған. Оның ең маңызды еңбектері ретінде «Физика», «Метафизика», «Никомахтың этикасы», «Жан туралы» және «Поэтика». Бұл еңбектерлдің арасында өте маңызды байланыстар мен үндестіктер болса да, олардың ситілі мен тақырыптары жағынан әртүрлі болып келеді.

Аристотельдің   адамға берген анықтамасы 

Аристотель адамды саяси жануар деп қарауы оның адам мемлекет, қоғам жөніндегі мәселерді шешудегі ұстанымы болды. Бірақ Аристотель мемлекеттің шығу себептерін қоғамдық өмірден, ондағы даму қайшылықтарынан іздемей, адамның өз табиғаты мен мүдделерінен іздейді. Аристотель құл иеленушілермемлекетінің әртүрлі формаларына (монархия, демократия, олигархия) терең талдау жасап, олардың ішінен мемлекеттің алғашқы формасы боолып табылатын монархияны алдыңғы қатарға қояды. Мемлекет билігін қолына алған “кемеңгер адам” қоғамның материалдық және моральдық  жағынан өркендеуіне зор ықпал етеді деп ойлайды. Аристотельдің этикалық көзқарасы оның адам жөніндегі ұғымына негізделген. Этикалық идеялар тек қоғамда ғана іске асырылып отырады. Платонның адамды сезімнен тыс о дүниеге тәуелді деп санауына қарсы шығып, Аристотель адамға белсенділіктің тән екендігін атап көрсетеді. Стагирктің пікірінше, мемлекеттің азаматы реелды сезімдері басылып, жаншылған жағдайда емес, қайта жер бетіндегі қасиеттіліктер мен “сыртқы игіліктерді” игеруіне сонымен бірге адамгершілік пен ғылымға деген анта жігерінің дамуына сай қалыптасады. Аристотель өз ілімінде адамгершілік пен этиканы адамдардың маңызды сипаттымасы деп таниды.

Адам –табиғилықтан және қоғамдықтың бірлігі.Бұл орайда олардың бір-бірінсіз өмір сүре алмайтынын атап көрсету қажет.Адам биологиялық тіршілік иесі ретінде өзінің <кіші бауырларының>,яғни жан-жануарлар мен хайуанаттардың тағдырын бөліседі.:туады,ауырады,ішіп-жеуге қажеттілікті басынан өткізеді,соңынан ұрпақ қалдырады,өледі.Адам бойындағы биологиялық жағдай оны хайуан<бабаларымен >жақындастырып,туыстырып қана қоймайтынымен бірге оның жана,жетілген биологиялық жағдайының сол жан-жануарлардан айырмашылығын да білдіретіне назар аудару қажет.Адамның қоғамдық өміріне ықпал ететін оның төмендегі тұқымдық организмі ерекшеліктерін көрсете кетуге болады:анатомиялық ерекшклігі ретінде және қоршаған орта жағдайларын жақсы көруіне қолайлы тік жүруі,икемді саусақтары бар ебдейлі қолдары,үш өлшемді көріп ,кеңістікте бағытты дұрыс ұстауға жәрдемдесетін және екі жаққа емес,қарсы алдына тура біткен қырағы көзжанары,психикалық жағынан алғырлыққа бастайтын үлкен миы мен күрделі жүйке-жүйесі,дауыс ырғақтарының алуан механизмі,тілді дамытуа жасайтын көмейі мен ернінің орналасуы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

  1. Алтай Ж., Қасабек А.,  Мұхамбетәлі  Қ.  Философия  тарихы.     Алматы, 1999
  2. Әбішев Қ.,Әбжанов Т. Философия тарихындағы таным теориясы және метод проблемасы. Алматы, 1997
  3. Мырзалы Серік Философия . – Алматы: «Бастау», 2008
  4. Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов

“Қысқаша философия тарихы”

“Қазақ энциклопедиясы”, Алматы, 1999 ж.