Аралық соттардың судьяларына қойылатын талаптар

Аралық соттардың судьяларына қойылатын талаптар Қр-ның Аралық соттар туралы заңында айқындалған. Яғни оларға:

-Қажеттi бiлiмге ие, жоғарғы бiлiмi бар, жиырма бес жасқа толған және аралық судьяның мiндеттерiн орындауға келiсiм берген, тараптардан тәуелсiз және iстiң нәтижесiне мүдделi емес жеке адам аралық судья болып сайлануы (тағайындалуы) мүмкiн.

— Дауды жеке-дара шешетiн аралық судьяның жоғары заңгерлiк бiлiмi және заңгерлiк мамандығы бойынша кемiнде екi жыл жұмыс стажы болуға тиiс. Дау алқалы түрде шешiлетiн жағдайда аралық сот құрамы төрағасының жоғары заңгерлiк бiлiмi болуға тиiс.

— Аралық судьялыққа кандидаттарға қойылатын талаптарды тараптар тiкелей соттың құрамын түзу кезiнде айқындайды немесе олар тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттардағы ережелермен (регламенттермен) айқындалады.

Мынадай жағдайларда:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен — құзыреттi соттың судьясы болып сайланған немесе тағайындалған;

2) заңда белгiленген тәртiппен сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабiлетi шектеулi деп таныған;

3) соттылығы алынбаған немесе өтелмеген не қылмыс жасады деп айып тағылған;

4) мемлекеттiк қызметшi, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң депутаты, өз қызметiн тұрақты немесе мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен ағысы төленетiн, жұмыстан босатылған негiзде жүзеге асыратын мәслихат депутаты және әскери қызметшi болып табылатын адам аралық судья бола алмайды.[4]

Аралық соттың құрамы. Аралық соттың құрамын түзу аралық судьяларды (аралық судьяны) сайлау (тағайындау) арқылы жүргiзiледi. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық соттың құрамын түзу тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. Аралық сотта нақты дауды шешуге арналған аралық соттың құрамын түзу тараптармен келiсiлген тәртiппен жүргiзiледi. [4]

Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда нақты дауды шешуге арналған аралық соттың құрамын түзу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:

1) үш аралық судьядан тұратын аралық соттың құрамын түзу кезiнде әр тарап бiр аралық судьяны сайлайды, ал осылай сайланған екi аралық судья үшiншi аралық судьяны сайлайды. Егер тараптардың бiрi басқа тараптан бұл туралы өтiнiш алғаннан кейiн он бес күн iшiнде аралық судьяны сайламаса немесе сайланған екi судья өздерi сайланғаннан кейiн он бес күн iшiнде үшiншi аралық судьяны сайламаса, онда аралық сотта дауды қарау тоқтатылады және бұл дау құзыреттi соттың шешуiне берiлуi мүмкiн;

2) егер дау аралық судьяның жеке-дара шешуiне жатса және бiр тарап басқа тарапқа аралық судьяны сайлау туралы ұсыныспен жүгiнгеннен кейiн тараптар он бес күн iшiнде аралық судьяны сайламаса, онда аралық сотта дауды қарау тоқтатылады және бұл дау құзыреттi соттың шешуiне берiлуi мүмкiн.

Аралық судьядан бас тарту ҚР- ның Аралық соттар туралы Заңның 11-бабының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тараптар судьядан бас тарту туралы мәлiмдеуi мүмкiн. Қандай да бiр жеке адамға оны аралық судья етiп сайлау (тағайындау) мүмкiндiгiне байланысты жүгiнген жағдайда, аталған адам одан бас тарту үшiн негiз болып табылатын мән-жайлардың бар екендiгi туралы хабарлауға тиiс. Егер көрсетiлген мән-жайлар аралық сотта iс қарау кезiнде туындаған жағдайда, аралық судья бұл туралы тараптарға дереу хабарлауға және өздiгiнен бас тартатынын мәлiмдеуге тиiс. Тарап, егер бас тарту үшiн негiздер болып табылатын мән-жайлар оған осы аралық судьяны өзi сайлағаннан кейiн белгiлi болған жағдайда ғана, ол осы бапқа сәйкес өзi сайлаған аралық судьядан бас тартатынын мәлiмдеуi мүмкiн. Тұрақты жұмыс iстейтiн аралық сотта аралық судьядан бас тарту рәсiмi тұрақты жұмыс iстейтiн apaлық соттың регламентiмен айқындалуы мүмкiн. Нақты дауды шешуге арналған аралық сотта тараптар аралық судьядан бас тарту рәсiмiн келiсуi мүмкiн. Егер аралық судьядан бас тарту рәсiмi тараптармен келiсiлмесе немесе тұрақты жұмыс iстейтiн аралық соттың регламентiнде айқындалмаса, онда тарап аралық судьядан бас тарту туралы дәлелдi жазбаша өтiнiштi аралық соттың құрамы түзiлгенi және осы Заңның 11-бабына сәйкес аралық судьядан бас тарту үшiн негiздер бар екендiгi туралы белгiлi болғаннан кейiн бес күн iшiнде беруге тиiс. Егер бас тарту мәлiмделген аралық судья өздiгiнен бас тартпаса немесе басқа тарап аралық судьядан бас тартумен келiспесе, онда аралық соттың құрамына кiретiн аралық судьялар аралық судьядан бас тарту туралы мәселенi тараптардың жазбаша дәлелдi өтiнiшi алынған сәттен бастап он күн мерзiмде шешедi.

Дауды жеке-дара қарайтын аралық судьядан бас тарту туралы мәселенi сол аралық судья шешедi. Аралық судьяның өздiгiнен бас тартуына немесе аралық судьяның осы Заңда көзделген негiздер бойынша бас тартуына байланысты, сондай-ақ аралық судья қайтыс болған жағдайда, тараптардың келiсiмi бойынша аралық судьяның өкiлеттiктерi тоқтатылуы мүмкiн. Аралық судьяның өкiлеттiктерi нақты iс бойынша шешiм қабылданғаннан кейiн тоқтатылады. ҚР – ның Аралық соттар туралы Заңының 37-40-баптарында көзделген жағдайларда аралық судьяның өкiлеттiктерi қайта басталады, ал содан кейiн аталған баптарда көзделген iс жүргiзу әрекеттері  жасалған соң тоқтатылады.

Аралық судьяның өкiлеттiктерi тоқтатылған жағдайда, ауыстырылатын аралық судья сайланған (тағайындаған) кезде қолданылған ережелерге сәйкес басқа аралық судья сайланады (тағайындалады).i жасалған соң тоқтатылады.Аралық сот талап-арызды қабылдап, өзiнiң ережесiне (регламентiне) немесе Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңнамасының нормаларына сәйкес аралық сотта ic қарауды қозғау туралы ұйғарым шығарады, тараптарға оның қаралу орны туралы хабарлайды, жауапкерге талап-арызға жазбаша пiкiр берудi ұсынады.

Талап-арызды қайтару

Аралық сот, егер:

1)  тараптар арасында аралық келiсiм болмаса;

2) аралық келiсiмнiң қатысушылары болып табылмайтын үшiншi тұлғалардың мүдделерi қозғалса;

3)  талап қою аралық келiсiмде көзделмеген аралық сотқа берiлсе;

4) талап-арызға қол қоюға немесе оны беруге өкiлеттiгi жоқ адам оған қол қойса немесе оны берсе;

5) талапкер талап арызды қайтару туралы өтiнiш берсе;

6) осы немесе басқа аралық соттың iс жүргiзуiнде сол тараптар арасындағы дау бойынша, сол нысана туралы және сол негiздер бойынша iс болса, талап-арызды қайтарады.

Қарсы талап қою және қарсы талаптарды есепке алу. Қарсы талаптың талапкердiң талаптарымен өзара байланысы болған кезде, сондай-ақ аралық сот қарсы талап қоюды аралық келiсiмге сәйкес қарауы мүмкiн болған кезде, жауапкер талапкерге қарсы талап қоюға құқылы.

Егер тараптар қарсы талап қою үшiн өзге мерзiмге келiспесе, аралық сот шешiм қабылдағанға дейiн, аралық сотта iс қарау барысында қарсы талап қойылуы мүмкін.

Қарсы талап ҚР-ның Аралық соттар туралы Заңның 22-бабы 2-тармағының талаптарын қанағаттандыруға тиiс.

Талапкер аралық сотта iс қарау регламентiнде немесе ережелерiнде көзделген тәртiппен және мерзiмдерде қарсы талапқа қарсылықтарын ұсынуға құқылы. Егер тараптар өзгеше уағдаласпаса, онда жауапкер азаматтық заңнаманың талаптарын сақтай отырып, қарсы талапты есепке алуды талап етуге құқылы.

Тараптардың құқықтары. Аралық сотта iс қарауға қатысушы тараптардың:

1) iс материалдарымен танысуға, олардан үзiндiлер жазып алуға және көшiрмелер түсiруге;

2) дәлелдемелердi табыс етуге;

3) өтiнiш бiлдiруге, аралық судьялардан бас тартуға;

4) процеске қатысушыларға сұрақтар қоюға, ауызша және жазбаша түсiнiктемелер беруге;

5) процесс барысында туындайтын барлық мәселелер бойынша өз дәлелдерiн беруге;

6) басқа тараптың өтiнiмдерiне және дәлелдерiне қарсылық бiлдiруге;

7) аралық сот отырысының хаттамасымен танысуға және ол бойынша жазбаша ескертпелер беруге;

8) құзыреттi сот алдында аралық соттың шешiмiн мәжбүрлеп орындату туралы өтiнiш беруге;

9) заңда белгiленген жағдайларда аралық соттың шешiмiне шағымдануға құқығы бар.

Аралық сот шешiмiнiң мiндеттiлiгi. Аралық келiсiм жасасқан тараптар аралық соттың шешiмiн орындауға мiндеттеме алады. Тараптар және аралық сот аралық сот шешiмiнiң заң тұрғысында орындалуына барлық күш-жiгерiн жұмсайды.[5]

Аралық соттың шешiм қабылдауы. Аралық сот iстiң мән-жайы зерттелгеннен кейiн аралық соттың құрамына кiретiн аралық судьялардың көпшiлiк даусымен шешiм қабылдайды. Шешiм аралық соттың отырысында жарияланады. Аралық сот шешiмнiң тек қарарлық бөлiгiн жариялауға құқылы. Мұндай жағдайда, егер тараптар шешiмдi жiберуге арналған мерзiмдi келiспесе, шешiмнiң қарарлық бөлiгi жарияланған күннен бастап отыз күн iшiнде тараптарға дәлелдi шешiм жiберiлуге тиiс. Аралық сот мүшелерiнiң көпшiлiгiнiң шешiмiмен келiспеген судья өзiнiң айрықша пiкiрiн мәлiмдеуге құқылы, ол шешiмге қоса тiркеледi. Тараптар аралық судьяның айрықша пiкiрiмен танысуға құқылы. Аралық сот, егер оны қажет деп таныса, ҚР – ның Аралық соттар туралы Заңның 27-бабы 3-тармағының ережелерi сақталған жағдайда, шешiм қабылдауды кейiнге қалдыруға және тараптарды қосымша отырысқа шақыруға құқылы. Егер аралық сотта iс қарау барысында тараптар дауды Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтiн және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзбайтын бiтiмгершiлiк келiсiм жасау жолымен реттесе, аралық сот аралық сотта iс қарауды тараптардың өтiнiшi бойынша тоқтатады және оның тарапынан қарсылықтар болмаған кезде бұл реттеудi аралық соттың келiсiлген жағдайлардағы шешiмi ретiнде тiркейдi.

Аралық соттың келiсiлген жағдайлардағы шешiмi ҚР – ның Аралық соттар туралы Заңының 35-бабының ережелерiне сәйкес шығарылады және онда бұл аралық соттың шешiмi болып табылатынына нұсқау болады. Аралық соттың бұл шешiмiнiң даудың мәнi бойынша аралық соттың кез келген шешiмi сияқты осындай мәртебесi және күшi болады. Аралық соттың шешiмi аралық сотта iс қарау орнында қабылданған болып есептеледi және оған аралық судья (судьялар) қол қойған күнi күшiне енедi.