Аннуитеттік сақтандыру шартының жалпы сипаттамасы

Аннуитеттік сақтандыру шартының жалпы сипаттамасы туралы қазақша реферат

Сақтандыру шарты аннуитеттiк сақтандырудық жүрегi болып табылады. Сақтандыру көбiнесе шарт түрiнде жасалады. Сақтандырудық шартсыз түрлерi де бар, осындай жағдайда қатысушы жақтардың құқықтары мен мiндеттерi тiкелей нормативтi aктімен белгiленедi. Бiрақ нарықтық экономика заманында сақтандырудың басым белiгi шарт түрінде жасалынады.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде сақтандыру шартының мынадай анықтамасы берiлген:

Сақтандыру шарты бойынша бiр тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлықақысын төлеуге мiндеттенедi, ал екiншi тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгiленген сома (сақтандыру сомасы) шегiнде өзiнiң пайдасына шарт жасалған өзге тұлғаға (пайда алушыға) сақтандыру төлемін төлеуге мiндеттенедi. [11]

Аннуитеттiк сақтандыру шарты туралы айтқанда оның мынадай белгiлерiн атап өтуге болады:

а) өтелмелiк – сақтандыру негiзiн құрайтын сақтандыру қорғанысы сақтандырушымен сақтанушыға сақтандыру сыйлықақысы түрiндегi төлем үшiн берiледi;

ә) екiжақтылық – шарттың қатысушы жақтары болып екі субъект табылады: сақтанушы және сақтандырушы, ал сақтандыру шартының талаптары бұл жерде екі жақтық да өздерiне тиесiлi субъективтiк құқықтары мен мiндеттерiн, демек, олардың ақылдасқан айтылған epкін бiлдiредi;

б) мерзiмдiлiк – сақтандыру шартының әрекет ету мерзiмi туралы талап сақтандыру шартының мiндеттi талабы болып табылады.

Аннуитеттiк caқтaндыpy шартының нақты ма, әлде консенсуалды ма eкенін анықтау үшiн сақтандыру шартының қай кезден бастып жасасқан деп есептелетінін анықтау керек. Ол Азаматтық кодекстiң 827-бабында бекiтiлген:

«Сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысының төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп-бөлiп төлеу кезiнде, егер шартrа немесе мiндетri сақтандыру туралы заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе, бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады».

Жазылғынға қарағанда аннуитентriк сақтандыру шарты нақты шартrар қатарына жататындығын көреміз. Бiрақ кодекстiң өзінде көрсетіліп отырғандай шарт кей жағдайларда консенсуалды болуы да мүмкін. Осы жағдайда, егер сақтандыру жағдайы сақтандыру сыйлықақысын төлеуден бұрын пайда болса да, сақтандырушы сақьанушыға сақтандыру төлемін төлеуге мiндетri болады.

Жинақтаушы сақтандыру шарты тек сақтандырылушы тұлғаның жеке басына басына жасалуы ықтимал. Сақтандырушыны шартта белгіленген мерзім ішінде пайда алушының пайдасына мерзімді төлемдер түрінде сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттей тін аннуитеттік сақтандыру шарты жинақтаушы сақтандыру шарттарының қатарына жатады. Аннуитеттік сақтандыру сақтанушының не сақтандырылған тұлғаның көзделген белгілі бір жасқа жетуіне не сақтандыру шартында белгіленген мерзімге жетуіне орай сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылғанға) қатысты сақтандыру қорғауын (қамсыздандырылуын) қамтамасыз ету мақсатында тиісті мөлшердегі сақтандыру төлемдерін әр ай сайын (тоқсан сайын, жыл сайын) жүзеге асры жөніндегі міндеттемелеріне байланысты болады. Аннуитеттік сақтандыру барсында сақтаншы сақтандырушыға тиесілі келісілген сақтандыру сыйлықақысын бір уақытта әрі толық көлемде немесе шартта белгіленген мерзім ішінде бөліп-бөліп төлеуге ат салысады. Осындай біруақытта төленетін сақтандыру сыйлықақысының сомасы не бөліп-бөліп жүзеге асырылатын сақтандыру жарнасының сомасы сақтандыру сомасынан аз болады. Өйткені сақтандыру компаниясының қарамағындағы сақтандыру сомасының қаражаттары қосымша кіріс алу барысында инвестицияланады. Осыған байланысты сақтандыру тарифі инвестицияланған қаражаттардан түскен кірістер шамасына азайтылады. Сақтандырылған тұлға сақтандыру компаниясы пайдаланып жатқан сақтандыру сомасынан ұдайы төлемдер нысанындағы рентаны алып отырады.

Аннуитеттiк сақтандыру шарты мiндеттi түрде жазбаша нысанда жасалады. Жазбаша шарттың нысаны сақтандырушымен немесе қатысушы жақтардың келiсiмiмен анықталады [12].

Аннуитеттiк сақтандыру шартының жазбаша нысаны eкi түрлi жолмен жасалуы мүмкін:

1) тараптардың бiр құжат жасауы арқылы;

2) сақтанушыны бiр жақты тәртiпте (бiрiгу шарты) сақтандырушы әзiрлеген үлгiлiк шарттарға (сақтандыру ережелерiне) қocy және сақтандырушының сақтанушыға сақтандыру полисiн беру.

Сонымен қатаp сақтандыру тараптардың шарт жасауға өз еркімен келiскендiгiн және оның барлық елеулi талаптары бойынша келiсiмге қол жеткiзгендiгiн құжатпен pacтауғa мүмкiндiк беретiн өзге де әдiспен жасалады.

Кез келген шарттың сонымен қоса, аннуитеттiк сақтандыру шартының да талаптарын маңызды немесе маңызды емес деп eкігe бөлу қарастырылған. Маңызда талаптар деп қатысушы жақтар келiсiмге келуi қажет талаптарды айтады. Егер қатысушы жақтар олар жайлы келiсiмге келе алмаса, шарт жасаспаған деп саналады.

Аннуитеттiк сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуiн талап етуге құқылы. Тиiсiнше (өз кезегiнде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемiн жасау бойынша мiндетi орындалуын талап ете алады.

Шартты рәсiмдеушi құжаттар қатысушы жақтардын; epкін бiлдiру керек, қатысушы жақтардың келісімге келгені туралы куәландыру керек және сақтандыру талаптарын шартта бекiту керек.

Шарттың жазбаша нысанын дұрыc құрастырмау шарттың заңсыз деп саналуына әкеп соғады. Ал оны дұpыc құрастырy үшiн сақтандыру шартында мыналар болуы тиiс:

— сақтандырушының атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;

— сақтанушының (егер ол жеке адам болса) тeгi, аты, әкесiнiң аты (егер бар болса) және тұрған жерi немесе (егер ол заңды тұлға болса) оның атауы, орналасқан жерi және банктiк реквизиттерi;

— сақтандыру объектiсiн көрсету;

— сақтандыру жағдайын көрсету;

— сақтандыру сомасы мен сақтандыру төлемiн жүзеге асырудың тәртiбi мен мерзімдері;

— сақтандыру сыйлықаысының мөлшерi, оларды төлеудiң тәртiбi мен мерзімдері;

— шарттың жасалу күні және қолданылу мерзімі;

— егер олар сақтандыру қатынасына қатысушылар болса, сақтандырылған адам мен пайда алушы туралы көрсету;

— шарттың (сақтандыру полисiнiң) нөмері, сериясы;

— шарттың талаптарына өзгерiстер енгiзу жағдайлары мен тәртiбi;

— сатып алу сомасын (жинақтаушы сақтандыру үшiн) төлеудiң шарты және оның мөлшері.

Осының бәрi көрсетілген аннутиеттік сақтандыру шарты заңды деп саналып, сақтанушыға сақтандыру қорғауын беретiн ресми құжат деп саналады.

Сақтандыру ережелерi сақтандырушымен сақтандырудың әр түpi үшiн бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргiзуi үшiн лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкiлеттi мемлекеттік органымен келiсуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшлылыққа сақтандыру ережелерiндегi жағдайлар алынуы тиic.

Аннуитеттiк сақтандыру ережелерi мыналарды қарастыруы керек:

1) аннуитеттiк сақтандыру объектiлерiнiң тiзiмiн;

2) аннуитеттiк сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртiбiн;

3) аннуитеттік сақтандыру тәуекелдерді;

4) аннуитеттік сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар;

5) аннуитеттiк сақтандыру шарты қолданылуының мерзiмi мен орнын;

6) аннуитеттiк сақтандыру шартын жасаудың тәртiбiн;

7) тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн;

8) сақтандыру жағдайы oрын алғандағы сақтанушы жасауы тиic әрекеттердi;

9) сақтандыру жағдайының орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін;

10) сақтандыру төлемдерiн жасаудың жағдайлары мен тәртiбiн;

11) сақтандыру төлемi немесе сақтандыру төлемiнен бас тарту жөнінде шешiм қабылдау мерзiмiн;

12) аннуитеттiк сақтандыру шарты жағдайларының тоқтатылуын;

13) дауларды шешудiң тәртiбiн;

14) сақтандыру тарифтерiн және оларды экономикалық егіздеу;

15) ерекше жағдайлар.

Сақтандыру ережелерiндегi жағдайларды сақтандьrpудың әдет ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 825-1-бабының 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейдi. Келiсім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайларды eскepeтін сақтандыру шарты жасалуы мүмкін. Қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белriлi түpi бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжiрибесiнің бөлiгi ретiнде қарастырылады.

Аннуитеттiк сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық. 3аңнамадағы анықтамасына сәйкес аннуитеттік сақтандыру шарты консенсуалды болыл қаралады. Бiрақ Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнiң 827-бабына сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөлiп – бөлiп төлеу қарастырылса бiрiншi сақтандыру жарнасы төленген кезден 6астап күшiне енедi және тараптар үшiн мiндеттi болады. Осыны ескерсек iс жүзiнде жалпы тәртiп бойынша сақтандыру шарты реалды болып келетiнi түсінікті. Аннуитеттiк сақтандыру шартына консенсуалдық мінез тараптардың келiсiмiмен немесе жеке заң актiлерiмен берiлуi мүмкін.

Аннуитеттiк сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негiзгi құқықтары мен мiндеттерiне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуiн талап етуге құқылы. Тиiсiнше (өз кезегiнде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сақтандыру төлемiн жасау бойынша мiндетi орындалуын талап ете алады.

Аннуитеттiк сақтандыру шарты – ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берiлгеннiң орнына мүлiктiк қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлықақылары түрiнде мүлiктiк қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немеее пайда табушы сақтандыру төлемiн алған ретте мүлiктiк қанағаттандыруға қол жеткізеді. Аннуитеттiк сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала бередi. Оның орнатылуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезiнде тараптардың ниетiмен қамтылады [13].