Алматы қаласының сыртқы экономикалық қызметі

Бүгінгі таңда Алматы қаласында 36 тіркелген (аккредитациядан өткен) дипломатиялық өкілдіктер (елшілік пен консулдықтар) және БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ пен т.б. өкілдіктер орналасқан.

Алматы қаласының сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени бағытта өзара ынтымақтастықтық туралы келісімдерге қол қойған 19 бауырлас қалалар бар:
таяу шет ел:

Мәскеу, Қазан, Санкт-Петербург, Минск, Бішкек, Челябинск, Вильнюс, Рига
алыс шет ел:

Тусон (АҚШ), Ренн (Франция), Тэгу (Оңтүстік Корея), Үрімші (ҚХР), Тель-Авив (Израиль), Стамбұл (Түркия), Будапешт (Венгрия), Төменгі Аустрия Жері, Александрия (Мысыр), Аурих Округі (Германия), Модена (Италия).

2004 жылы Алматы қаласының сыртқы сауда айналымы 5294,6 млн. АҚШ долларын, оның ішінде экспорт – 1069,9 млн. доллар, импорт – 4224,7 млн. доллар құрады.