Адам өміріне қарсы қылмыстар түсінігі, түрлері

Адам өлтіру қылмысы өмірге қарсы қылмыстардың ішіндеп ең ауыр түріне жатқызылғандықтан, оны ашу өте қиындыққа әкеліп соғады.
Қылмыскерлер әр түрлі айла-амалдарды, беттерін көрсетпеу, т.с.с.қылмысты жасыру үшін артына із қалдырмауларына тырысады, сол себептен қылмыстарды ашу өте қиын. Қылмыс жасаған кезде қылмыскер қылмысты ашық, айналадағылар көзінше, жабық, тығылып немесе жасырып, қылмыстық әрекеттер жасауы мүмкін(жасайды).
Адам өлтіру қылмысының (тергеу эрекеті)істі қозғау әрекеті өлік табылғаны хабарланғаны кезінде, куәлардың немесе жәбірленушілердің арызымен, тірі қалғандар мен жақын туыстарының арызы бойынша, жоғалып кетті деп жазылған арыздары келіп түскен кезден басталады.
Осы айтылып кеткендер бойынша (тек жоғалып кеткеннен басқа)істі қозғаудың сүрағын шешу оңайырақ, бірақта өлімнің қалай болған себебін білу керек, яғни адам қартайып, не ауырып, не сәтсіз оқиға жағдайынан қайтыс болды ма, әлде жоқ па?
Адамды іс-түссіз жоғалды деп тану үшін, яғни істі қозғау үшін тексерулер бастан аяқ жүргізіледі, содан кейін ғана адамды іздестіру шаралары жүргізіледі.
Егер де істі қозғау үшін жеткілікті материалдар болмаса, онда тергеуші тиісті тергеу әрекеттерін жүргізуге құқылы.
Кісі өлтірудің криминалистикалық сипаттамасын мына элементтер қүрайды: қылмысты жасыру; қылмыскердің жеке түлғасы мен жэбірлденуші туралы мәліметтер.[2, С.201]
Қылмысты жасалу тәсіліне қарай кісі өлтіруді екі негізгі түрге бөліп қарауға болады:
• ашық түрде кісі өлтіру, яғни кісі өлтірушінің жанында оны
білетін адамдардың болуы. Егер көрген адам болмаған
жағдайдың өзінде де, кісі өлтіруші өзінің істеген ісін жэне кінәсін
жасырмаған жағдайда.
• жасырын түрде кісі өлтіру, яғни қылмыстың ешкім көрмеген
жағдайда жасалуы, қылмыскердің өзі кінәсін белсенді түрде
жасыруға тырысуы, куәгерлер қатысқан жағдайдың өзінде
бейтаныс адамның қылмыс жасап, жауапкершіліктен қүлылып
мақсатын іске асыруы.
Қылмыстың бүл түрі тергеу үшін күрделі болады. Тергеу әдістемесін жасағанда кісі өлтірудің әдістерін зерттеумен қатар, олардың қылмыстарын жасыру тэсілдерін де зерттеу керек. Кісі өлтірушілер көбінесе бір нәрсені теріс көрсетуге тырысып, түрлі айла жасайды. Әр түрлі жағдайларға сэйкес олар: табиғи болған өлім, өзің-өзі өлтіру, жазатайым жағдайда, абайсызда болған өлім жэне т.б.көріністер.

Қылмыскердің айлаларын анықтау барысында мына негізгі
факторларға көңіл бөлінуі қажет: жәбірленушілерге өлтіру уақытында
жасалған зақымдардың сипаттамасы және өзін ақтайтын дәлелдердің
шынайылығы. >
Кісі өлтірушілер мәйітті немесе оның бөліктерін жәбірленушінің кім екендігін танытпау үшін жасыруға тырысады.Мәйіт басының кесіліп алынуы, бүлдірілуі(құлақ, мұрын, ерін, көз шығарылуы мүмкін), бас терісін сыпыруы, өртеуі, суға батырылуы, дененің бөлшектелініп тасталуы мүмкін.
Қылмыскер өлім болған жердегі өз-өзіне жэне киіміне түскен таңбаларын жоюға тырысады. Іздер мен басқа да заттар айғақтар сәйкес материалдары болуға, қылмыскердің іс-әрекеттері туралы айтуға мүмкіндік береді.
Өлтіру құралдарындағы қол іздер кейде кісі өлтірушінің солақай екендігін анықтауға мүмкіндік туғызады.
Қылмыс жасау тәсілдері туралы мәліметтерді пайдаланып, негізгі тұлғалардың арасынан қылмысты кім жасағанын анықтап, болжауға болады.
Қылмыстар деректі жағдайда жасалады. Жағдайды зерттеп, қылмыскер мен жэбірленушінің эрекеттеріне әсер еткен объективтік факторларды, оқиға тетігін,, өлтіру тэсілдерін анықтауға болады.
^ Мысалы: қаладан алыс емес (ағаш отырғызылған) жерден жас ер адамның мәйіті табылған. Мәйіттің жанында жатқан қанды еске түсіретін, қызыл қышқыл түсті шаш жабысқан үлкен тас, тергеушінің пікірінше кісі өлтіру құралы деп танылады. Оқиға бодған жерде алыс-жұлыс іздері болмаған. Өлтірілген адамның жаңа костюмі мен аяқ киімі, қалтасында ақша болған. Осылардың бәрі өлтіру қасақана емес, таластан, кек алудан, жәбірленушінің таныстары тарапынан болған деген ойға экелді.
Қылмыскер мен жәбірленуші туралы мәліметтер криминалистік сипаттаманың маңызды бөлігін қүрайды. Оларды зерттеу, әсіресе тергеудің бастапқы кезеңінде жасалған қылмыстың себебі мен оларға әсер еткен жағдайларды ашуға көмектеседі. Көптеген адамдар қылмыс жасағандарына дейін жүйелі түрде қоғамдық тәртіпті бүзып, күш көрсерумен айналысатындығын байқатқан.
Қылмыскерлер жүйелі түрде спирт ішімдіктерін шамадан тыс ішіп, құқық бұзу әрекеттерін мас күйлерінде жасайды. Өлтіру алдында жағдайлар болады, болашақ жәбірленушілер кей жағдайларда өздерін дұрыс ұстамайды. Көбінесе, әйелдер ерлерінің өмірі мен денсаулығына қастандық жасайды: мастықтан, қол жұмсаудан, қорлық көрсетуден.
Егер өлтіру себептеріне көңіл бөлінбесе, олар: бүзақылық пиғылдар, қызғанушылық, пайдақорлық, басқа қылмысты жасыруға тырысуы және т.б. онда қылмыскердің жеке тұлғасы толық зерттелмейді.