Адам ағзасының қартаюы

Қартаю.

Адам ағзасының қартаю себептері туралы 300-ге жуық болжамдар айтылған. Олардың көбіне тек тарихи тұрғыдан ғана маңызы бар. Қартаю теориялары ішінен М. Рубнердің (1908) «қуаттық қартаю теориясын» атауға болады. Бұл теория бойынша әрбір ағзаның қуат қоры болады. Қуат қоры таусылса, сағаттың серіппесі босағандай, тіршілік те баяаулап, дүние салуға алып келеді. Ағзаның қуат қорын жұмсауы дененің сыртқы мөшеріне тәуелді болады, яғни ағза дене сыртына жылуды қаншалықты көп шығарса, соншалықты энергия алмасуы белсенді түрде болып, оның қоры тез таусылады және ондай ағзалар көп өмір сүрмейді. Ұсақ жануарлардың дене салмағына қарағанда оның үстінгі бетінің көлемі үлкен, сондықтан да олардың тіршілік ұзақтығы қысқа болады мысалы, егеуқұйрық 2-3 жыл, ит 20 жыл, піл 80 жыл өмір сүреді. Бірақ бұл тұжырымды барлық жануарлар үшін қолдана беруге болмайды, кейбіреулерінің тіршілік ұзақтығы бұл тұжырымға қайшы келеді. Мысалы, егеуқұйрықтарға туыс болып келетін тиіндер салмағы да, дене бітімінің көлемі де, онымен барабар, бірақ тиіндер белсенді қозғалып 15-20 тіршілік етеді, яғни егеуқұйрықтардан 10 есе артық өмір сүреді. Белсенді қозғалып тіршілік ететін сұр қояндар үй кроликтеріне қарағанда екі есе артық өмір сүреді.

И.И. Мечниковтың интоксикациялық (улану) теориясы бойынша қартаю құбылысы тек қана биологиялық факторға- физиологиялық, патологиялық т.с.с. тәуелді болмай, сол сияқты әлеуметтік факторларға да тәуелді болады. И.И. Мечниковтың пайымдауынша ағзаның өсуімен қатар әр түрлі заттардың алмасуы нәтижесінде жинақталған ыдырау өнімдері-аммиак, ағзаны улайды, мысалы бауыр, ми жасушаларын, ал дәнекер ұлпа жасушалары керісінше көбейеді. И.И. Мечников қартаю құбылысын тек фагоцитоз ілімі негізінде түсіндірмек болды. Ол ішекте шіру құбылысын болдырмау үшін шіріту бактерияларының тіршілігіне қолайсыз орта жасау керек, сондықтан сүт өнімдерімен көбірек қоректену қажет деп айтқан.

Көптеген зерттеушілермен қартайған жасушаларда гистондар санының өсетіндігі және олардың ДНК –мен мықты байланысатындығы, ДНК-ның түзілу жылдамдығының төмендейтіндігі, ДНК молекуласының репарациялық процестерінің бұзылуы әсерінен нүктелік мутациялардың жинақталғандығы анықталды.

Теломеразаны клеткалы ажалсыздыққа кiлтпен, жастықты көздермен санайды. Торшаларға бұл фермент қартаюсыз жылдам балалауға мүмкiндiк бередi. Мысалы, оларға кездеме және органдар қалыптастыра үздiксiз жiктелуге мүмкiндiк берген теломеразаны экспрессируюттiң ұрықтардың дiңгек торшалары. Экспрессируетсяның теломеразаның ересек организмдарында жиi жiктелуi керек болатын торшалардағы, дегенмен соматиялық торшалардың көпшiлiгi оларды өндiрiп алмайды.Қарттықтың өте анық белгiлерiнiң бiрi — сүрiктiң торшаларының баяулан белсендiлiгi. Теломеразамен емдеу мәселелер бұдан кем дегенде құтылта алатынын есептейдi. Revive Skincare және TaSciences.com серiктестiктер теломеразалардың негiзiнде косметикалық өнiмдердi шығарады. Reviveнiң өтiнiштерi бойынша, теломеразаның бiр граммының өндiрiсi 4 миллион Ақш долдарындағы серiктестiгiне қарайды. Рнк теломеразалар болатын құрамда пқа өте жайыл рибок нуклеазамен жып-жылдам бiлемдейтiндiгiнен, косметикалық препараттардағы белсендi теломеразасы жоқ және болуы мүмкiн емес.

Жасушалар өсіп — өніп көбеюі, тіршілігін жоғалтқанда жасушалардың орнын толтыру үшін олардың тектік құралдарындағы ақпарат бойынша ДНҚ, РНҚ нәруыздар  түзіліп тұруы керек. Ал, қартайған организмдерде олардың түзілуі, жасушалардың жаңаруы қатты азаяды. Оның себебін жасушалардың қабықтарындағы қанықпаған май қышқылдарының асқан тотығуға ілігіп кетуімен түсіндіруге болады. Қартаю кезінде байқалатын созылмалы гипоксияның, ойсоққылық жағдайлардың т.б. нәтижелерінде ферменттік және ферменттік емес антиоксиданттық жүйелердің тапшылығы дамып ішкі ағзалар мен тіндердің жасушалармен олардың ішіндегі құрылымдардың  мембраналарында майлардың асқын тотығуы артып кетеді. Осыдан оларда бос радикалдар,  гидлоасқын  тотықтар жиналып қалады. Бұлардың әсерлерінен  жасушалардың ядроларында ДНҚ молекуласының өзгерістері пайда болады, РНҚ, нәруыздардың түзілуі бұзылады. Бұл өз алдына жасушалардың өсіп — өнуіне бөгет жасайды.

Сондықтан қартайған организмдерде:

—       Ферменттердің,  нәруыздардың,  пептидтік гормондардың,  қан жасушаларының аз өндірілуі;

—       Микробтарға қарсы антиденелердің аз түзілуі;

—       Мида жаңа шартты байланыстардың бекімеуі т.с.с көптеген құбылыстар байқалады.

Шын мәнінде сүйек кемігінің бағаналы  жасушалары мен  ішек үңгіршектерінің жасушалары жас ұлғаюына қарай азаятыны белгілі.

Тағы бір назар аударатын жай – ол жасушалардың  екіге болініп өсіп — өнуі екі қарама – қарсы реттеуіш ықпалдардың қатысуымен болады. Олардың біріншісі жасушалардың бөлініп көбеюін артыратын цитокиндер, екіншісі оны тежейтін цитокиндер. Қартаю кезінде бұлардың екеуінің де өндірілуі азаяды. Сонымен бірге, бөлінетін жасушалардың бұл цитокиндерге сезімтелдығы төмендейді. Осыдан жасушалардың өсіп — өніп  кетуі де мүмкін. Қарттарда өспелердің жиі дамуында осы келтірілген құбылыс маңызды болуы ықтимал.

Жалпы қарттардың барлық жасушаларында көптеген құрылымдық және функциялық өзгерістер байқалады. Жасушалардың ядросының құрылымы өзгереді, митохондтиялардың көлемі үлкейіп, құрылымы бұзылыады, нәруыз түзетін рибосомалары азаяды, лизосоиалары көбейеді, плазмолеммалары қалыңдайды.  Бұндай жасушаларда жиі қуыстар пайда болады,  энергия түзілуі бұзылады. Жасуша сыртындағы  мембраналарында рецепторлардың қызметі бұзылудан олардың сезімталдығы көтеріледі немесе төмендейді және жүйкелік – сұйықтық реттелулері бұзылады. Жасушаладың өзара қатынасы мен байланыстары өзгереді.  Тіндердегі рецепторлардың сезімталдығы көтерілуінен кейде тіпті әлсіз, қалыпты жағдауларда әсер етпейтін, қоздырғыштардың  әсерлерінен қарттық дерттердің туындауы байқалады. Мәселен, терінің суық температураны  қабылдайтын  рецепторларының сезімталдығы көтерілуінен жасы ұлғайған адамдар өте тоңғыш болады, оларда бір жерлерінен жел үрлеп тұрған сияқты сезім қалыптасады.  Қартаю организмнің барлық функцияларының кемуіне әкеледі. Осыдан қоршаған ортаның өзгеріп тұратын ықпалдарына организмнің бейімделу қабілеті шектеледі. Қарт адамдар жиі ауыршаң болады. Өйткені организмнің жүйелері мен ішкі ағзаларында, жасушаларында адамның қарсы тұратын ферменттері жетіспейді.