Загрузка...

Абайдың шығармашылығы

Загрузка...

Абайдың шығармашылығы туралы қазақша реферат

Абайдың шығармашылығында философиялық, этикалық, танымдық және әзіл-сықақ, кеңес беру түрінде жазылған қара сөздер маңызды орын алады. Онда ойшылдың мәні мен мақсаты, адам тіршілігінің негізі туралы түсініктері іштей қабасқан. Мұнда философ ақын адамдардың рухани толысуын, адамдық қасиеттер жүйесін, әлеуметтік этика мен қоғамды көркейтудің жолдарын көрсетпекші болды. Таза философиялық терминдерге бой ұрмай әлеуметтік топтағы адамдарға жетілуді түсінікті түрде ұғындырып, қоғамдық сананы айқындай бейнелі түрде жеткізді. Оның сөздері қазақтың жүрегіне өтімді, өйткені ол ұлттық психологияның негізіне,барлығында тарихи жадында сақтап калған халықтың ойына бағытталған. Абай ойы қазақ арасында зор мәнге ие болып, күнделікті өмірде қолданылатын мақал-мәтел дәрежесіне көтерілді. Абай шығармашылығындағы адам мәселесі зерттеу барысында әлеуметтік философияға айналды. Ақынның қоғамға, оның құрылымына көзқарасы, ұлттық бірлік туралы зерделі ойы, рулық, тайпалық жаулықты жою, сайлау, билер соты жайлы,пікірлері ұлттық сананың өсуіне өріс ашты.

Ұлы ақынның өмірінің соңында жазылған 45 қара сөзі мен өлеңдерінің біршамасында қоғамдық ой-пікірлері ашық та айқын жазылған. Ол қазақ халқын өнер үйренуге, тіпті сауданың да мәнісін білуге шақырды. «Егіннің ебін, сауданың тетігін үйреніп, ойлын, мал тап», дейді. Қазақ елінде ойын-сауыққа көп әуестеніп, бір үйден бір үйге, бір ауылдан бір ауылға селтеңдеп қыдырып жүретін келеңсіз әдет барын ашына ескертіп, одан аулақ болуды арман етті. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, Аздылар адам баласын», — деп түйіндейді. «Қырық екінші сөзде» Абай қазақты пайдасыз, жұмыссыз, қаңғырып жүруге құмар деп санады. Абай өзінің өлеңдерінде, әңгіме, өсиеттерінде жан-жандағында қара, көршілес өзбек, татар халықтарынан өнеге ал, солардан үйрен дейді. Ең алдымен Абай орыс халқымен дос болып, тілін үйренуге, өнерін білуге шақырды. Тек сол арқылы қазақ халқының көзі ашылатынын айтты. «Орысша оқу керек, тек хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да – бәрі орыста тұр. Зарарынан қашық болуға, пайдасына ортақ болуға, тілін, білімін, оқуын, ғылымын білмек керек. Оның үшін дүниенің тілін біледі, мұндай болды. Сен оның тілін білсең, көкірек-көзің ашылады. Әрбіреудің тілін, өнерін білген кісі сонымен бірдейлік даулығысына   кіреді… Орыстың ғылымы, өнері – дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ түседі», — дейді Абай «Жиырма бесінші сөзінде».

Загрузка...