19 ҒАСЫРДАҒЫ РЕСМИ ІС-ҚАҒАЗДАР ТІЛІ

19 ғасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші кезеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының құрамына кірді. Ел басқару билігін патша өз қолына алды. Орта жүз бен Сібірді мекендеген қазақтар үшін 1822 жылы «Сібір қазақтары туралы Устав» шығарылды. Бұл Устав 1860 жылға дейін күшінде болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын билеу үшін «Ел басқарудың дистанциялық системасы» деген құжат шығарылды.

Бұл кезенде қазақ даласында сот билігінің үш түрі болды:

1.Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінде соттап, жазалайтын билер соты.

2.Ірі қылмыстар мен саяси қылмыстарды қарайтын Россия империялық сот системасы.

3.Шариғат жолымен сот билігін жүргізу.

Қазақ даласында ел билеу, әкімшілік-сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда болды.

Хандар дәуірінде белгілі бір заңға сүйеніп салынатын мемлекеттік алым-салық дейтін жоқ болатын. Ата-баба дәстүріне сүйенген сый тарту, жол-жора түрлері болатын. 19 ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына мемлекеттік салық келді.

Қазақ даласындағы мұндай өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды.

1822 жылғы Устав бойынша қазақ балаларына орыс мектептерінде оқуға право берілді, Орынбор, Омбы кадет корпустарында қазақ балалары оқи бастады. Бұл кезде қазақ даласында баспасөз, ана тіліндегі мектептер, таза қазақ тілінде кітап бастырып шығару ісі болмады.

19 ғасырдағы қазақ тілінде жазылған іс қағаздары нұсқасының бірқатары

1807 жылғы 12 наурыз. Жағалбайлы руының старшыны Т.Төлегеновтың Верхнеуральск қаласының коменданты полковник М. Суховицкийге өзінің егіншілікпен айналысуға рұқсат ету туралы өтініші.

1820 жыл. Старшын Қ. Байсынқараевтың отырықшылық қоныс үшін қазақтарға қолайлы жер бөліп беру туралы Сібір генерал-губернаторының атына жазған өтініші.

1812 жылғы 14 желтоқсан. Кедей қазақ Б.Қаражігітовтың өз қызын сату туралы Хорунжий И. Замятинмен жасасқан шарты.

1806 жылғы 31 мамыр. Хан кеңесіне арнап Мемлекеттік сыртқы істер коллегиясында әзірленген ережелер.

1809 жылғы қараша. Айшуақ хан мен оның ұлдарының Жантөре ханның өлтірілу жайын баяндап, Шерғазы Айшуақұлы Сұлтанды хан етіп тағайындау туралы император 1 Александрға өтініші.

1822 жылғы 22 шілде. «Сібір қырғыздары туралы Жарғыны» күшіне енгізу туралы жарлық.

1822 жылғы 22 маусым. Сібір қырғыздары туралы Жарғы.

1825 жылғы 25 маусым. Қасым Абылайханов сұлтанның Орынбор әскери губернаторына Көкшетау округтік приказын жабуды өтініп жазған хаты.

1837 жылғы 11 маусым Беріш руы қазақтарының Орынбор генерал-губернаторы В. Перовскийге өтініші.

1837 жылғы 5 қараша Подполковник Гекенің Орынбор әскери губернаторына Исатай Тайманұлының көтерілісі туралы рапорты.

1837 жылғы 17 қараша. Подполковник Гекенің Исатай Тайманұлына қарсы жазалау отрядының іс-қимылы туралы Орынбор әскери губернаторына рапорты.

Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хаты.

Жәңгір ханның «Түрлі рулардың құрметті адамдары мен старшындарына және бүкіл қара халыққа» әмірі.

1837 жыл 24 қараша. Подполковник Гекенің Исатай Тайманұлының серіктері және Исатай Тайманұлы көтерілісіне қатысушыларға қарсы жазалау қимылдары туралы Орынбор әскери губернаторына рапорты.

1838 жылғы 26 маусым. Орынбор әскери губернаторы В.Перовскийдің Бөкей хандығындағы көтерілістің басшысы И.Тайманұлы туралы Сыртқы істер министрлігінің басқарушысы К. Нессельродеге хаты.

1838 жылғы 20 наурыз. Сібір кедендік округі бастығының Кенесары Қасымұлы сұлтанның сауда керуендеріне шабуыл жасағаны туралы және оған қарсы батыл шаралар қолдану қажет екені туралы Финанс министріне хабары.

1844 жылғы 14 маусым. Орынбор қазақтарын басқару туралы Ережеден.

1845 жылғы 13 қараша. Бөкей хандығының басқарушысы Бөкейханов сұлтанның Жәңгір хан тұсында зекет және соғым жинаудың сомасы мен тәртібі туралы Орынбор шекара комиссиясына хабары.

1847 жылғы 23 маусым. Ұлы жүз сұлтандары мен билерінің сұлтан К. Қасымұлына өздерінің көзқарасы туралы қаулысы.

1847 жылғы 20 тамыз. Жанқожа Нұрмұхаметов батырдың Райым бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке Хиуа феодалдарының қазақтарға шабуылы туралы хаты.

19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ тілін танытатын көркем әдебиет үлгілерімен қатар ресми-эпистолярлық әдебиет болды. Жоғарыда келтірілген құжаттарды сол ресми-эпистолярлық әдебиет үлгілеріне жатқызуға болады. Бұл құжаттар тіл тарихын зерттеуге, сол кезеңдегі саяси-әлеуметтік жағдайды көрсетуге септігін тигізумен қатар, қазақ даласындағы 19 ғасырдың бірінші жартысында ресми іс қағаздар болғандығын, қазақ әдебиетінде дәл қазіргідей нормаға түсе қоймаса да ресми стиль қалып-тасқандығының куәсі бола алады.

19 ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанның батыс өлкесіндегі халық өмірінде болған елеулі оқиға — Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдсбиетте ғана емес, іс қағаздар тарихында да өз ізін қалдырғанын М.Өтемісұлының М.Ладищинскийге жазған хатынан, Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына хатынан т.б. материалдардан көре аламыз.

19 ғасырдың бірінші жартысында қазақ даласындағы ел басқару системасы мен әлеуметтік құрылысты білдіретін хан, ханзада, ханым, ханша, төре, сұлтан, би, қазы, ақсүйек, бай, кедей, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт сөздері жиі қолданылған. Байтақ сөзі ел, жұрт мағынасында жұмсалған. Ел, халық мәнінде алаш сөзі де жиі қолданылады. Теңдік сөзінің мәні қазіргіден мүлде бөлек. Егер даугер айып пен пұлды төлете алса теңдік алды деп, төлете алмаған күнде теңдік бермеді дейтін болған, яғни, теңдік сөзінің ертедегі мағынасы әділет, заңдылық сөздерінің мағынасымен жуықтас.

19 ғасырдың бірінші жартысындағы ресми іс қағаздар тіліндегі лексикалық, грамматикалық, синтаксистік ерекшеліктер 18 ғасырдағы ресми іс қағаздар тіліне жақын болғанымен, бұл кезеңде ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады.

Әрине, 18 ғасырдың екінші жартысы мен 19 ғасырдың бірінші жартысында жазылған құжаттар тілі жайында ғалымдар әр түрлі пікірлер айтып келді. Осы күнге дейін олар шағатай, татар тілдерінде жазылды деген пікір басым.

«19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдеби тілі деген еңбегінде» Б. Әбілқасымов «Сөз жоқ, бұл документтердің тілінде түркі әдеби тілінің дәстүрлі орфографиясы, кейбір морфологиялық формалары, қалыптасқан сөз тіркестері мен жекелеген лексемалары сақталды, бірақ олардың негізгі төсегі — қазақтың байырғы сөздсрі мен дағдылы грамматикалық құрылысы еді.

Егер «кітаби тілді» түркі әдеби тілінің өзі емес, оның қазақ авторлары қолданған түрі, қазақ топырағындағы көрінісі ретінде қарайтын болсақ, оның да анықтауды қажет ететін жақтары баршылық» дей келе, өз ойын былай қорытады: «… біздіңше 19 ғасырдың екінші жартысында Ыбырай мен Абай негіздеген жаңа жазба әдсби тіл қалыптасқанға дейін қазақ қаламгерлерінің пайдаланған тілін «кітаби» тіл деп атамай, көне қазақ жазба әдеби тілі дсп атаған дұрыс. Өйткені туыстас түркі халықтарының ешбірінде «кітаби тіл» деген ұғым да, термин де жоқ, керісінше, қазіргі жазба әдеби тілдері қалыптасқанға дейінгі жазба туындыларын көне әдеби тілде жазылды дейді. …Сөйтіп қазақ қаламгерлері 16 ғасырдан өткен ғасырдың екінші жарымына дейін осы аталған қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты.»

 

«19 ғасырдың 1 жартысындағыресмиісқағаздартілі» тақырыбынақосымша 1812 жылғы 14 желтоқсанкедейқазақБ.ҚаражігітовтіңөзқызынсатутуралыхорунжийИ.Замятинменжасасқаншартынан

1812 жылғыжелтоқсанның 14-ікүні, қырғызқайсақтардыңКішіордадағыСыртқыредутымаңындакөшіпжүргенЖағалбайлыруынажататын, старшынБайзақАрыстанғұловтыңәміріндегіқырғызБөкенбайҚаражігітовөзініңкедейлігінебайланыстыжәнеасырауындажасбалаларсаныныңедәуірболуысебептісолардыңішіненменіңөзәйелімТамараменжалпыкелісуімбойыншажәнеөзстаршынымАрытанғұловтың, сондайақбүкілауылдағыжолдастарымныңрұқсатыменөзімніңалтыжастағытуғанқызымӘтікейдіпереселендердіңСыртқыредутыныңхорунжийіИванЗамятингеоныңбіржолаиеленуінежарлықнегізіндеоныңесімінебағасы 14 сомғасаттым, бұл 1808 жылғымамырдың 23-ікүніболды; 14 сомақшанытүгелалдым, солжөніндеөзімніңосындайтаңбамдысаламын… 

Жәңгірханның Исатай Тайманұлына хатынан

… «ӘртүрліадамдарданСізхалықтытәртіпбұзуғажәнеменіңбұйрықтарымдыорындамауғаайдапсалып, сіздіңүйретуіңізбенкейбіреулербүлікшығарыпжатырдегенжайсызхабарларалыпотырмын. СіздіңақылпарасатыңыздыбілгендіктенменСіздіөзсенімімненайырғымкелмейді, алайдабұлжайындаанығынбілгімкеліп, ментікелейкеліссөзжүргізуүшінСіздіңмағанкелуіңіздіталапетемін, бірақСізменөзіңіздіосындайқылығыңызүшінашуымдыбілдіругешақырыпотырдепойламаңыз, егерменСізгеашулыболсам, өзімешақырмаседім. ЕгерСіз, старшын, меніңсөзімесенбей, келмейқалсаңыз, менСіздіөзкінәңіздісезініп, Сіздіңбұрынадалқызмететугеқабылдағанантыңызғақарсышығыпотырдепойлаймын. Әлбетте, менсеніңтілегіңдібілемін, бірақсенныспыңныңталапеткенінтыйып, сондықтандаталапететінөзтілектерінңіңорындалуынкүтугетиіссің, бірақөзіңдіжолдассанап, өзіңментерезесітеңадамғажауласқанкездемейірімділіккүтудегеннеболмақ: бұлкүтуемес, қайтатеккүштептартыпалуғанаболады. Менмұнысеніңқызметтекөрсеткенынтаықыласыңдыкөбірекойлапжазыпотырмын: әйтпесебосойларғасалыңып, сонансоңолардыжайыпжіберетіндергежазбайтынымаешкүмәнжок. » 

БерішруықазақтарыныңОрынборгенералгубернаторыК. ІІеровскийгеөтінішінен 1837 жылғы 11 маусым

«БіздіңүстімізденқойылғанханЖәңгірБөкеевбіздіәділетсізсоттаудажәнебіздіңдініміздіңережелерінеешбірсәйкескелмейді, солсебептібізешқандайәділцомкөрмей, жаппайжандауысымызшығыпжүрміз, олкүнөткенсайынжержердекүшейгенүстінекүшейетүсуде; өйткенібізүшінжәбіржапаменқысымкүнненкүнгеүдепбарады. Сұлтандар, билерменқожалар, ханныңеркінорындаушыларбізгебарлықжердеқысымкөрсетіп, біздіешкінәмізболмасада, ұрыпсоғыпазаптайды, біздіңменшігіміздіеріксізтартыпалады, олардыңүстіненшағымайтуөзіңепәлетілепалужәнекөрінеуталантаражығатүсудегенсөз. Біздіқорғаушыадамжоқжәнебізөз: билеушілерімізарасынанқорлаудан, жәбіржапаменалуантүрліқысымкөруденбақаешқанағатжәнебіздіңқайыршылықжағдайымызғақандайболсадажаныашығандықтабаалмаймыз, Ендібіздіңбірғанаүмітімізқалды, олжоғарыдәрежелісіздіңмархабаттықамқорлығыңызғажүгіну.

БізжоғарымәртебеліСізденбіздіңОралведомствосыныңқызметадамдарықұрамынакіругерұқсатетудімейліншеқаттыөтініпотырмыз, яғнибізгеОралғажақынжердетұруга, императорағзамныңқызметінекөмектесугежәнеалыстағықалаларға, мысалы, НовоАлександровскбекінісінежәнебасқадасолсияқтыжерлергебаруымызғарұқсатберілсеекен. Бізбәрімен: ам, қой, түйе, алқажетболғанжағдайда, адалберілгенресейліктерденталапетілетінісияқты, адамдардыңөзіндеберіпқызмететугеәзірміз.

СоныменбіргебізберішруыныңстаршыныИсатайТайманұлыныңбасқаруындақалаберудіасақұрметпенөтінеміз, біздібасқаратынбастықтардыңбарлықбұйрықтарыменәкімдерінсоларқылыалғымызкеледі. ОсыИсатайстаршынболмайынша, бізөзімізденталапетілетінміндеттердідәлатқарааламыздепсенбейміз; өйткенібіздіңарамыздатыныштықпентәртіптіәрқашанорнатыпкелгенсол.

Егербізбілдіргентілеконыөзіміздіңбаяндағанымыздайетіпорындалмайтынболса, бізболашақтабұдандазорбейшаралықтыбастанкешіргенкүйіміздеқалаберемізде, біздіңхалқымызмүлдемкүйзеліп, барыншажоқшылыққаұшырайды «. 

1832 жылғы 18 маусым. СүйікАбылайхановсұлтанныңҚазақхандығытарапынанқазақхалқынаналымсалықжинаутуралыОмбыоблысыныңгубернаторынахатынан

ЖоғарыдәрежеліСізгеқоқандықтардыңұлымәртебелітақсыримператордыңбодандарыболыптабылатынмағанқарастықырғыздарданқазір 50 және 40 қойданбіздіңешбіркелісімімізсізбірбіреуденбажсалығынжинапалғанынхабарлайаламын, соныңсалдарынанкөзжастарынкөлетіп, егербізшынмәніндеРесейдіңбоданыболсақ, оныңтарапынанешқандайқорғауболмайотырғанынеліктен? — деседі. Солсебептібарлықжақсыбилержиналып, мененжоғарыдәрежеліСізгеөздеріжәнехалықүшінізгіниетбілдіругеөтінішжасаудысұрады. Тағыбірайтатыным: қоқандықтарАлматыөзенініңағысыбойынша, Ақсарыөзенінежақынқарақырғыздарқонысынаайналасы 80 сажын, қалындығы 2 аршынболатынқорғансалды, ондабірдуанбегіжәнеоныменбірге 100 адамғажететінәскерібар. ҚұланжәнеӘлисұлтандардыеріксізәкетіп, солқорғандақалдырды, қазіронданеболыпжатқаныбірқұдайғағанамәлім. Албізөзтарапымызданоларданқаттықорқамыз, өйткенібіздіңРесейбоданыекеніміздібілгенолардыңбізгеқандайболсадазұлымдықістеуімүмкін

Осыныкуәлаңдырып, 8-кластысұлтанСүйікАбылайхановөзмөрінбасты

1832 жылғы 5 шілде. Сүйік Абылайханов сұлтанның Қоқан езгісінің күшейгені туралы Омбы облысының губернаторына хатынан

… Біздің болысымыз қаптағайлықтар мен садырлықтардың көп малды барымталап әкетуі салдарынан қазір қатты күйзеліске ұшырады; болыстың өзі қоныстанған жерінен Іле өзенінің арғы жағына қуып тасталды; сонан соң Қоқан ханымен құшбектің әмірімен бізге келген сансыз көп жасауылдар бізді өздеріне бодан болып, салық төлеуге әмір етті. Егер біз қол құсырмайтын және салық төлемейтін болсақ,, олар біздің бүкіл болысымызды тонауға салатын болды, сондықтан оларға салық төлеуге мәжбүр болдық; бұл өткен жылы болған еді. Ал биыл, бізге Ташкенттің құшбегінен дуан бегі Құдайберді басқарған 300 адам тағы да келіп, барлық болыстарды аралап жүр, салық, жинап, түрлі реніштер туғызуда… 

1847 жылғы 20 тамыз. Жанқожа Нұрмұхаметов батырдың Райым бекінісінің бастығы подполковник Ерофеевке Хиуа феодалдарының қазақтарға шабуылы туралы хаты

Аса қадірлі подполковник Ерофеев! Мен Сізге аса тағзым ете отырып, мыналарды хабарлаймын: Қожа Нияз бастаған хиуалықтар, Жанғазы және Ілкей сұлтанды жақтайтын қырғыздар бекіністе көп болып жиналып, осы жақка өтті; менің қырғыздарымды талап, тонап жүр; оларды бәріңді қырып тастаймыз деп қорқытады. Қырғыздар бұдан өте қорқады, сондықтан да көпшілігі арғы бетке көшіп жатыр, мен оларды еш тоқтата алар емеспін. Маған адал болып қалған 1000 шаңырак, болатын қырғыздарға хиуалықтар мен Жанғазының адамдары шабуыл жасады, олардың барлық мүлкін тонап алып, барлық малын айдап, балалары мен қарттарын тұтқындап жетті. Сөйтіп, 1000-нанастамүйкүйзеліскеұшырады, олардан 21 әйелменбалаайдапәкетілді, 30 баласыменқызысуғатасталды. Менқарауылғажіберген 5 адамдыоларұстапалыпты; олардың 4-іөлтірілген; олардыңбасыншауыпалып, суғатастапты, албесіншісіЖақанайбидіңбаласынтірідейтұтқындап, Хиуағаәкетіпті.

ЕгерСіз, подполковникЕрофеев, мағандосболсаңыздаржәнеосындашынмәніндебіздіқорғауүшінкеліп, өзпатшаңыздыңәміріменсолүшінбекініссалсаңыздар, ондамағанкөмектесіңіздержәнетонаушылыққатыйымсалыңыздар, алоныңіздерінменіңауылдарымнанөзкөзіңізбенкөреаласыз. Осыбірқанқұйлыадамдардыңәрекеттері, міне, мынадай: оларкиізүйлердіөртеп, барлықнәрестелердіңбесіктерінталқандап, алөздерінсуғатастаған. ЕгерСізкөмекбермесеңіз, ондаменөзқырғыздарымакепілболаалмаймын. БіржағынантонауғаұшырапжәнеСізденқорғанкөрмегенсоңбәріСырдарияөзенініңарғыбетінеөтіпкетедіде, сондабіздіңхалқымыздыңқайғықасіретікүшейетүседі; толассызөзарақырқыспайды, өйткеніосындаорыстаркеліп, бекініссалғанкезденбастап, олжақтакөшіпжүргенқырғыздарменіңқырғыздарымакөпашулы. МенмұныСізгебұрындахабарлағанмынжәнеЖанғазыныңөзімағанжазғанхаттарындаСізбендостығымүшінменіқорқытқанеді. Мен губернатор мырзада болғанымда, менің орыстармен достығым мені Ілкей мен Жанғазыға ғана емес, сонымен қатар хиуалық пен қоқандықтарға да қарсы каруландырады. Сондықтан да Сізге өз өтінішімді қайталаймын: мені жауларымнан қорғаңыз; менде сіздерден, орыстардан басқа дос қалған жоқ.

Жанкожа батыр әз мөрін басты, оның хатшысы Төлеген қолын басты. 

1823 ж. Ұлы жүз сұлтандарының, билерінің және атақты қазақтарының Ресей бодандығына берген анты

«Төменде аталатын мен өзімнің асқан мархабатты ұлы тақсырым император, бүкіл Ресейдің самодержеці және ұлы мәртебелі император атағымен бүкіл ресейлік тақтың заңды мұрагері ұлы мәртебелі Александр Павловичке алдағы уақытта бұйырса адал, ізгілікті және айтқанынан шық-пайтын боданы болуға, адал боданға лайықты ұлы мәртебеліге ынта-ықыласпен қызмет етуге және ашық та, жасырын да ешқандай қарсылық жасамауға, қайта барлық, нәрседе ұлы мәртебелі императордың жарлығы бойынша іс істеп, жан-тәнімді аямай орындауға; ал өзіме бағынышты халықты әділ сот бойынша тыныштықта ұстауға және ұлы мәртебелі императордың мүдделеріне және өз боданым қырғыз-қайсақ халқының пайдасына қарсы қандай болса да іс-әрекеттен аулақ ұстауға; ал егер өзім мұны істей алмасам, ол жөнінде Ресей шекара командирлеріне дер кезінде хабарлауға тиіспін және солай істеймін деп құдіреті күшті құдайдың атымен уәде беріп ант етемін.

Өзімнің осы антымның қорытындысында құранды сүйіп, өз мөрімді басып отырмын «.

(Бұдан әрі Ұлы жүз сұлтандарының, билері мен атақты қазақтарының 33 мөрі мен таңбалары бар).

Сұлтандар мен билерден Ресей бодандығына ант алған —губерниялық хатшы Тасболат Бекболатов.

Сұлтандар мен билерден ант алған — заңды имам Мұхамед Мұхамедов.

Ант алуды аударғанда губерниялық хатшы Кринкин аудармашы болды. 

1845 жылғы 5 мамыр. Ұлы жүздің барлық рулары мен бөлімшелері сұлтандарының, билерінің, құрметті қазақтарының өздерін Ресей бодандығына қабылдау туралы өтініші

Үйсін болысының сұлтандарынан, жалайыр, албан, дулат, суан, шапырашты, ысты, андас руларының, көшек, мырза, сүбітай, қалқа, ақбұйым, арықтыным, байшігір, сиыршы, қарасыбан, балғалы бөлімшелерінің; албан руының, айтбозың, сегізсары, қызылбөрік, қоңыр бөрік, әлжан бөлімшелерінің; дулат руының, сыйқым, жаныс, шымыр, бот-бай, сары үйсін бөлімшелерінің цян руының, байтөлеу, тұрдымбет, мұрат бөлімшелерінің; шапырашты руының, асыл, шыбыл, әпкіш, екей, есқожа бөлімшелерінің; ысты руының ойық,, тілік бөлімшелерінің билері мен атақты қырғыздарынан:  

ӨТІНІШ

Сізден біздің Ресей үкіметінің адал бодандығына өткіміз келетінін, егеп бастықтарға қолайлы болса, биылғы жазда Каратамда округ ашуды сұрайтынымызды жоғарыдағы бастықтардың назарына жеткізуіңізді сұрайды.

Сондықтан мөріміз бен таңбамызды басамыз (Бұдан әрі 31 мөр мен таңба басылған). 

«ЖЕТІ ЖАРҒЫ» ЗАҢДАР ЖҮЙЕСІ

I бөлім. Мемлекет мүддесі

1-бап. Мемлекет тұтастығы мен бірлігіне іріткі салып, бүлік жасаған – өлім жазасына кесіледі.

ІІ бөлім. Ұлт тазалығы

2-бап. Жеті ата ішінде қан алмастыру өлімге немесе ағайындар белгілеген жазаға бұйырылады.

ІІІ бөлім. Дін тазалығы

3-бап. Жеті адам куә болып, Құдайға тіл тигізгені дәлелденсе, тас боран қылып өлтіріледі.

4-бап. Өзге дінге кіріп – кәпір болған адам мал-мүлкінен айрылады.

5-бап. Өзіне-өзі қол салғандар бөлек жерленеді.

ІV бөлім. Жанұяның біртұтастығы

6-бап. Егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екіқабат әйел жасаса, жазадан босатылады, бірақ қарғысқа ұшырайды).

7-бап. Егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді.

8-бап. Егер екіқабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса: 5 айлық бала үшін – 5 ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға – әр айына 1 түйе төлейді. (1 түйе 3 атқа немесе 10 қойға тең).

9-бап. Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі.

Мұндай қылмыс үшін еріне немесе қыздың ата-анасына құн төлеуге тиіс, егер жігіт өзі зорлаған қызға қалың төлеп үйленсе, жазадан босатылады. 10-бап. Әйелі ерінің көзіне шөп салу үстінде ұсталса, ері оны өлтіруге хақылы. Бірақ қылмысты сол сәтінде жария етуге тиіс. Әйелінен сезіктенген еркектің сөзін төрт сенімді адам дәлелдеп беруі керек. Егер олар теріске шығарса, әйел күнәсіз деп табылып, жазадан босатылады. 11-бап. Біреудің әйелін күйеуінің келісімінсіз алып қашқан адам өлімге бұйырылады немесе ердің құнын төлейді. Егер әйелдің келісімімен әкетсе, күйеуіне қалың төлеп, қосымшасына қалыңсыз кыз беруге тиіс.

12-бап. Ата-анасына тіл тигізген ұлды мойнына құрым байлаған күйі қара сиырға теріс мінгізіп, өзін қамшымен сабап, ауылды айнала шапқылатады. Ал қыз болса қол-аяғы байланып, анасының билігіне беріледі.

13-бап. Ерінің ұрлығын біле тұра хабарламаған әйелі мен баласы жазаға тар-тылмайды, өйткені үлкеннің үстінен шағым айту әбестік саналады.

V бөлім. Қылмыс пен жаза

14-бап. Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құны төленеді.(Ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500 кой).

15-бап.Ұрлық, қарақшылық және зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесіледі. Жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады.

16-бап. Денеге закым келтірілсе, соған сәйкес құн толенеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой).

17-бап. Ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды. Ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына кесіледі.

18-бап. Ұрлық жасаған адам үш тоғызымен қайтаруға тиіс.

19-бап.Ұрлық пен кісі өлтіруді қоса жасаған адам екі бірдей жазаға тартылады.

20-бап. Барымтадан қайтқан мал төлімен қайтарылуға тиіс.

21-бап. Жауынгер атты ұрлаған өлім жазасына кесіледі.

22-бап. Өлтірілген аңшы иті немесе бүркіті үшін иесінің құл немесе күң беруді талап етуге хақысы бар.

VІ бөлім. Адам құқығы және мүлік меншігі

23-бап. Егер әкесінен енші алған ұл баласыз болып өлген болса, онда оның қожалығы өзінің әкесіне беріледі. Жасы кіші балалар жақын туыстарының қамқорлығына беріледі, ал олар болмаған болса, бөтен, бірақ сенімді адамдарға беріледі. 24-бап. Әйелді ренжіткен адам, одан кешірім сұрауға тиіс. Кешірім сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады.

25-бап. Кімде-кім азғындыққа жетелеген немесе зорлықпен бұзықтық жолға салған әйелдің ар-намысы үшін сол адам өлтіріледі немесе азғындығы үшін одан 200 жылқы өндіріліп алынады. 26-бап.Төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді. (Төре мен қожалар сауатты болғандықтан, мемлекеттің ерекше қамқорлығында болған). 27-бап. Құл өмірі құнсыз. Ол қожайынның билігінде (қазақ құлдарды жалшы, малшы ретінде ұстап, кейін бөлек шығарып отырған).

VП бөлім. Билік тәртібі

28-бап. Үлкен дау-дамайды шешуді және күнәһарға үкім шығаруды хан ше-шеді. Егер ханның өзі болмаса, онда талапкер мен жауапкер тұратын ауылдың билері мен ақсақалдары талдауға, оларға қоса екі жақ сайлаған екі сарапшыны шақыра отырып шешуге тиіс.

29-бап. Егер жауапкердің билерге күмәні болса, онда ол оларды өзгерте алады.

30-бап. Кіші дауларды шешу билер мен ақсақалдарға жүктеледі.

31-бап. Куәлікке кемінде екі немесе үш адам жүреді.

32-бап. Өсиет – ағайындар мен молданың қатысуы арқылы жасалады.

*** “Жеті жарғы” өзінің баптарында–”қылмыс” – деген ұғымды ешқандай мазмұнда түсіндіріп, мәнін ашып көрсетпейді.

Қылмыстық жауапқа адамдар 13 жастан бастап тартылған.

Мақау, есі дұрыс емес адамды жауапқа тартпаған.

Құлдары жасаған қылмысқа – қожайыны жауап берген.

Қылмыскерді “күнәһар” деп атап, жын-пері соққан, құдай атқан деп бағалаған.

“Жеті жарғыда” талион принципі (қанға қан, жанға жан) басым болғанымен, қазақтардың күнделікті тұрмысында жазаны мал-мүлікпен өтеу басым болған.***