Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі реформасы

Мазмұны

Кіріспе

1 Салық жүйесінің теориялық аспектілері және салық реформасы
1.1 Салықтың шығу тарихы мен мәні
1.2 Салық рефорасының ерекшеліктері
1.3 Салықтарды салудың шетелдiк тәжiрибесі

2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесіндегі салық салуды ұйымдастыруды талдау
2.1 ҚР салық жүйесін талдау
2.2 ҚР мемлекеттік бюджеттегі салық түсымдерін талдау

3 Қазақстан Республикасының салық жүйесі дамыту жолдары, және оған салық реформасының әсері

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Нарықтық экономиканың даму жолын таңдаған кез келген мемлекеттің шыныйы тәуелсіздігі мен егемендігі үшін мықты әрі тұрақты қаржылық негіздің болуы міндетті. Ал, салцықтар мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің қайнар көзі болып қана қоймай, материаллдық, экономикалық және құқықтық категория ретінде қарама қайшылығы мол, күрделі құбылыс әрі тауар өндірісінің барысына тікелей ықпал ететін және мемлекттің экономикалық дамуының маңызды факторы болып табылады.

Мемлекеттегі қолданылып жүрген салықтардың жиынтығы, салықтық қызмет органдарының жүйесі және салықтық заңнама мемлекеттің салықтық жүйесін құрайды. Салықтардың және бүтіндей салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мемлекеттің экономикалық дамуы мен өркендеунің сенімді арқауы болады. Дегенмен, салықтардың мәнін түсінбей, салықтардың қалыптасуы мен дамуының тарихын білмей, басқа мемлекеттердің салықтық жүйелерінің қалыптасу және даму ерекшеліктерін анықтамай салықтық жүйенің тиімділігіне қол жеткізу мүмкін емес.

Қазіргі уақытта, тәуелсіздігін алып, егемендігін жариялаған, экономикалық дамудың нарықтық жолын таңдаған Қазақстан Республикасы үшін өзіндік салықтық жүйесін қалыптастыру аса маңызды мәселе болып отыр. Кез келген мемлекеттің егемендігі оның экономикалық дамуының көрсеткіштерімен және қаржылық негіздерімен айқындалады. Ал, қарапайым салық төлеушілерден, яғни азаматтардан және шаруашылық субъектілерінен жиналатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдер мемлекеттің қаржылық қуатының басты тірегі болып табылады.

Мемлекеттің экономикасында болып жатқан елеулі өзгерістер салық салу саласында пайда болатын қоғамдық қатынастарға қатысты қоғамның немесе көпшіліктің қызығушылығын тудырды. Мемлекеттік бюджеттің тапшылығы жағдайында салық түріндегі түсімдер және бүтіндей салықтық жүйенің қаражат көзі ретінде маңызы арта түсті. Сондықтан да, мемлекет бюджеттің табыс бөлігінің негізгі қайнар көзі болып табылатын салықтар мәселесі экономистер мен құқықтанушылар арасында белсенді ізденісті ынталандырады. Іздену және зерттеу жұмыстары негізінен салықтық жүйенің сол мемлекетте немесе елде қалыптасып келе жатқан экономикалық қатынастарға тән үлгісін анықтау бағытында жүргізіледі.

Салықтарды және салықтық жүйені зеттеу салық салудың және салық жүйесінің теориялық негіздерін ашуды, елдегі салықтық жүйені ұйымдастырудың принциптерін анықтап алуды, бюджетті қалыптастырудың ерекшеліктерін, салықтық қызмет органдарының құрылымын, міндеттері мен құқықтарын, салықтық жүйені одан әрі жетілдірудің негізгі бағыттарын анықтауды талап етеді.

Салықтық жүйені жетілдіру алдыңғы қатарлы, дамығын өркениетті елдердің тәжірибесін талдау негізінде, Қазақстан Республикасы экономикасының және салықтық жұйесінің ерекшеліктері ескеріле отырып жүргізілуге тиіс.

Дамыған елдердің салықтық жүйелерін зерттеп, талдау салықтық механизмнің дамуының және қызмет етуінің жалпы заңдылықтарын анықтауға, сондай-ақ нарықтық экономикасы қалыптасқан мемлекеттердің салық салу саласындағы тәжірибесін ескеруге мүмкіндік береді. Батыс мемлекеттерінің салықтық жүйелерін ұйымдастырудың маңызды қағидаларының бірі орталық бюджект пен жергілікті бюджеттің немесе басқа деңгейдегі бюджеттердің табысын нақты ажыратып көрсету болып табылады. Әрине, ол елдің мемлекеттік саяси құрылымының типіне байланысты анықталатындығы баршамызға белгілі. Мысалы, федеративтік мемлекеттерде федеративтік, аумақтық, жергілікті бюджеттер және тиісінше федеративтік, аумақтық, жергілікті салықтар көзделсе, унитарлық мемлекеттерде орталық және жергілікті бюджеттер мен тиісінше, орталық және жергілікті салықтар болып бөлінеді.

Қазіргі уақытта Еуропа елдерінің өзінде салық салу мәселесі бойынша түбегейлі өзгерістердің болуы ықтимал. Айталық, Еуропалық қауымдастықта «салықтарды гармонизациялау» тақырыбында пікір таластар туындауда. Еуропалық Одақта салықтық саясаттың біртұтас моделі қолданылмайтын болғандықтан, Еуропалық одаққа мүше болып табылатын әрбір мемлекет өзінің салықтық саясатын қалыптастырады. Бірақ, Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттер өздерінің салықтық саясатын қалыптастыру барысында Еуропалық Одақтың біртұтас салықтық саясат құрмақ мақсатында қабылдаған директивалары мен нұсқауларын басшылыққа алатындығын естен шығармаған жөн. Еуропалық Одақтағы «салықтарды гармонизациялау» шараларының мақсаты салықтық шекеараларды жою және ішкі рыноктағы корпорациялар үшін бәсекелестіктің тең жағдайынжасау болып табылады.

Қазақстан Республикаснда іс жүзінде қолданудың оң және теріс жақтарын анықтау мақсатында қажетті талдау, зерделеу жұмыстарын жүргізу үшін Еуропалық Одақтың құрамына кіретін мемлекеттердегі және Шығыс Еуропа елдеріндегі салық салу тәртібін реформалау шараларына, әсіресе, корпоративтік салықты өзгертудің мән жайларына көз қырын сала жүрген жөн болады.

Салықтар бүгінгі күні мемлекет бюджетінің кіріс бөлігінің негізгі тармағы және экономиканы реттеудің аса маңызды құралы әрі ел экономикасының дамуының басты арқауы және мемлекет тарапынан жүзеге асырылатын әлеуметтік шараларды қаржыландырудың басты қайнар көзі болып табылады. Дегенмен, елдегі экономикалық және әлеуметтік жағдайдың өзгеруіне, нарықтық қатынастардың дамуына қарай салықтық жүйе де жетілдіріліп отыруды қажет етеді.

 Курстық жұмыс / 45 бет