САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ……3
I САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ… 5
1.1 Салық жүйесінің түсінігі, құрылымы, принциптері, функциялары…….5
1.2 Салық жүйесінің міндет — талаптары және салық салу әдістері…..12

II ҚАЗАҚСТАН САЛЫҚ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ КЕЗЕҢДЕГІ ДАМУЫНА ТАЛДАУ ……14
2.1 Қазақстан Республикасындағы салықтардың түрлері…..14
2.2 Қазақстандағы салық саясатының басты бағыттары…..24

III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ…..27
3.1 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары…….27

ҚОРЫТЫНДЫ…..29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…..31

КІРІСПЕ

Осы жазған курстық жұмысымның басты мақсаты — салықтық жүйе жөнінде неғұрлым толық мәліметтер жинап, танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу мағынасын барынша ашып беру және жетілдіру жолдарын қарастыру, салықтық жүйенің қоғамда, ел экономикасында орны мен ролін қандай екендігіне жауап беру.

Нарықтық қатынастардың даму жағдайында реформалардың басты бір міндеттері болып нәтижелі салықтың механизімін нарықтық экономиканың инстументтерінің бірі болып құрылатын және әр түрлі деңгейдегі бюджеттердің табысының көбею мәселесін шешуді рұқсат етеді, сондай-ақ бөлек шаруашылық субъектілер мен барлық эканомиканың тұтасымен түсімдік дамуына қызмет етеді.

Тәуелсіз Қазақстанның салық жүйесіне 18 жыл болды. Дамыған елдер өздерінің салық жүйесін құруда жіберген қателіктерін қайталауға тарих бізге аз уақыт қалдырды, сондықтан қазіргі кезде бұл құнды тәжірибені өзіміздің істе қолданып жүрміз.

Жұмыстың негізгі мақсаты — қалыптасудың барлық кезеңдеріндегі елдің экономикасы үшін салықтық жүйенің маңызын, оның нарықтық өзгерістерге, экономикалық өсімге, инвестицияларды  тарту, кәсіпкерлікті дамытуға әсерін және дүниежүзілік салықтық жүйелерге әсерін анықтаумен сипатталады.

Ол үшін келесідей міндеттер қойылады:

1) салық жүйесінің нарықтық экономикадағы маңыздылық ашу;

2) шет мемлекеттер салық жүйесінің ерекшеліктерін қарастыру;

3) Қазақстан Республикасының салық жүйесіне сипаттама беру.

Жұмыстың әдістемелік негізі болып, Қазақстан мемлекетінің салық туралы заңдары белгілеген ғылымдар мен экономист қызметкерлердің монографиялары, мақалалары негіз болды. Бюджет өзінің қызметін атқару үшін салық жүйесін ұйымдастыру қажет. Себебі, салық бюджеттің кіріс бөлігін толтыратын негізгі көзі болып табылады.

Салық органдары да, салық төлеушілер де бюджеттің кіріс бөлігін қалыптастыру үшін ел экономикасындағы өзінің ролінтүсінуі керек. Қаржы министрлігі кәсіпорындардың проблемасына жаңаша қарап, оларды шешуге дайын. Сондай-ақ елдің аса ірі кәсіпорындарының және ірі аумақтық салық төлеушілердің қызметіне сапалы бақылау жасау және оны әкімшіліктендіру үшін өз қолына жаңа құралдар алады.Дамыған елдер әрқашанда өздерінің салықтарын төмендетуге тырысады. Кез-келген мемлекетте мемлекеттік реттеу, мемлекеттік тапсырыс, кәсіпкерлік, ақша-несиелік реттеу мен бюджеттік-салықтық реттеу сияқты құралдарға негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдардың ішінде маңыздысы салық жүйесі болып табылады. Салық жүйесі мемлекеттің маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуі үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге құрылған. Салық жүйесінің бөлінбес бөлігі болып табылатын салықтар, салықтық жеңілдіктер мен қаржылық санкциялар арқылы мемлекет қоғамдық өндірістің барлық қатысушыларына қолайлы жағдай жасай отыра, кәсіпорынның экономикалық әрекетіне әсер етеді, инфляциямен күреседі. Экономикалық дамудағы циклдық тербелістерді бәсендетеді, өндірістік және әлеуметтік құрылымды дамытады. Салықтарды алудың әдістері мен формаларының дамуында үш ірі кезеңді бөліп көрсетуге болады:

Бірінші кезең — бұл көне әлемнен орта ғасырға дейінгі даму, мемлекеттің салықтарды жинау және анықтау бойынша қаржылық аппараты жоқ. Мемлекет тек қана алғысы келетін қаражаттардың жалпы сомасын ғана анықтайды, ал салық жинауды тайпаға немесе қалаға жүктейді.

Екінші кезең (XVI – XIX ғасырдың басы) — бұл елде мемлекеттік мекемелер жүйесі, оның ішінде қаржылық пайда болып, мемлекет қызметтердің бір бөлігін өз мойнына алады: салық салу  квотасын белгілейді, салық жинау процесін бақылайды.

Үшінші кезең — қазіргі мемлекет салықты белгілеу және жинау бойынша барлық қызметтерді және салық салудың өңделген.

Осыған орай курстық жұмысымның мақсаты – Республикамыздағы салық жүйесімен танысу, оның құрылымына толығырақ тоқталып, міндеттері мен функцияларын білу және жетілдіру жолдарын қарастыру болса, ал міндеті — осы мақсатқа жету үшін салық жүйесі, оның құрылымы, принциптері, әдіс-тәсілдері, жанама және тікелей салықтар, салық жүйесін жетілдіру жолдары деген сұрақтарды талқылап, Қазақстан Республикасының Салық жүйесінің маңызын, көрінісін көрсету болып табылады.

Салықтар дегеніміз — мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде және мерзімде түсетін міндетті ақшалай төлемдері болып табылады.

 Курстық жұмыс / 32 бет