Загрузка...

Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері

Загрузка...

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 Өндіріс тиімділігін арттырудың теориялық негіздері
1.1 Өндіріс тиімділігінің экономикалық мәні және маңызы
1.2 Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмі
1.3 Шетел тәжірибесіндегі өндірістің тиімділігін арттырудағы қаржылардың ролі

2 Өндіріс тиімділігін арттырудағы қаржының негізгі принциптері
2.1 Өндіріс тиімділігі экономикалық өсу мен қоғамның дамуының негізі
2.2 Өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудағы ынталандыру
2.3 Өндірістің экономикалық тиімділігін бағалау көрсеткіштері

3 Экономикалық өндiрiстiң өсуі қоғамдық игiлiктердiң қамтамасыз етiлуi
3.1 Инвестиция қаржыны ұтымды пайдаланудың көзі, оның өндіріс дамуына қосар үлесі
3.2 Инновация — өндіріс тиімділігін жоғарылатудың негізі

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарынан нық орын алу жөніндегі стратегиялық міндеттің орындалуы үшін әлемдік экономиканың өсімінен тұрақты түрде асып отыратын экономикалық даму қажет. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Бұл үшін қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты сақтай отырып шаруашылық жүргізудің қолайлы жолдарын туғызу қажет, халықаралық еңбек бөлінісіне, ел экономикасының өсуіне тиімді жағдай орната отырып, белсене қатысу керек.

Экономикалық өсуді жеделдетудің және өндірістің тиімділігін арттырудың басты факторы — жоғары өнімді еңбекке уәждеме жасау, белсенді еңбекке экономикалық ынталандыру. Қазақстанда экономикалық реформаларды жедел жүргізу нәтижесінде өндірістің барлық факторы ырықтандырылды, тиімділікті көтеруге бағытталған ынталандыру уәждемелері де жүргізіліп келеді.

Өндіріс тиімділігін ынталандырудың оңтайлы жүйесін қалыптастыруға, біздіңше, адамды экономикалық түрлендіруден, еңбектің меншіктен, жеке мүдде мен ұжымдық мүдденің алшақтауы кері әсерін тигізді.

Жұмыскерлерді жоғары өнімді еңбекке құлшындыратын уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесін қалыптастыру, еңбекті жоғары бағалау, жалпы адам факторына байланысты проблемалардың шешілуі мемлекет алдындағы аса маңызды экономикалық және әлеуметтік мәселелердің бірі болуы керек. Өндірістің пәрменділігіне уәждемелер мен ынталандырмалардың тиімді жүйесіне қол жеткізуде мына талаптардың бірінші кезекте орындалуы қажет: бір жағынан, постиндустриалық қоғамның жұмыскерге қоятын міндеттеріне байланысты біліктілік пен кәсібилікке талапты күшейту, ал екінші жағынан, «еңбек» деген ұғымның құнсыздануы және еңбек бағасының төмендету барысын жеңу.

Өндірісті тиімді қамтамасыз етудегі қаржы механизмінің экономикаға және әлеуметтік аяға ықпалы, бір жа¬ғынан, қаржы механизм құрылымының және оның түрлі бөліктері¬нің нақты міңдеттерді шешу¬ге және нақты нәтижеге қол жеткізуге бағытталуы арқы¬лы, екінші жағынан, шаруа¬шылық жүргізуші субъектілер мен мемлекеттің қарамағында құралатын және қо¬ғамның (мемлекеттің, оның аумақтық құрылымдарының, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, азаматтардың) қажеттерін қанағаттаңдыруға жұмсалатын қаржы қорлары арқылы жүзеге асырылады.

Өндіріс тиімділігін арттырудың объективтік қажеттілігі кеңейтілген ұдайы өндіріс процесінің экономикалық мүддемен тікелей байланыстылығында. Дамудың қозғаушы басым күштерінің бірінен саналатын экономикалық мүдделер, өндіріс тиімділігінің артуына ынталандырудың ғылыми негізделген жүйесін ұтымды қолдану арқылы әсер етеді. Сонымен қатар, экономикалық мүдделер, ынталандыруды қоғамның заңдылықтарымен байланыстырып тұратын орталық буын болып табылады.

Қазiргi заманғы және дамыған ғылыми-инновациялық және өндiрiстiк инфрақұрылымды құру, бiлiктiлiгi жоғары басқарушы, ғылыми, инженерлік, техникалық кадрлар мен жұмысшы кадрларын даярлаудың тиiмдi жүйесiн құру есебiнен инвестициялар, технологиялар трансфертi, ғылыми жетiстiктермен алмасу үшiн Қазақстанның тартымдылық деңгейi жоғарылайды.

 Курстық жұмыс / 34 бет

Загрузка...