20-30 жылдардағы Испания

20-30 жылдардағы Испания туралы қазақша реферат

1914-1918 жылдардағы бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Испания ұстанған бейтараптық саясатты елдің буржуазиясы мен помещиктері баю үшін пайдаланды. Соғысушы екі жақтың да стратегиялық шикізат, азық-түлік тапсырыстарын орындау зор пайда келтірді. Елдің экономикасында өнеркәсіптің үлесі артты: жалпы капиталы 500 млн. песетті құрайтын жаңадан 500 кәсіпорын ашылды. Көмір өндіру 67% өсті, металлургия әсіресе болат қорыту саласы дамыды/1/. Ірі буржуазияның қоғамдық және саяси өмірде ықпалы өсті. Бурбон монархиясының сүйеніші болып есептелінетін буржуазиялық-помещиктік блок монополистік капиталдың мүддесімен жер иеленуші аристократия мен шіркеу князьдерінің мүдделеріне қарағанда көбірек санасатын болды.

Осындай жетістіктерге қарамастан Испания әлі де ауыл шаруашылығында феодализмнің сарқыншақтары сақталған және өнеркәсібі баяуы дамыған артта қалған ел болып қала берді. Испан экономикасының дербес дамуын шетел, әсіресе ағылшын капиталы тұлшалады. Өйткені ағылшын капиталы испаниядағы шетелдік капиталының жартысынан көбісін иемденетін.

Халықтың, әсіресе қарапайым халықтың жағдайы Испания соғыс кезінде бейтараптық саясат ұстанғанымен де ауыр болды. 1914-1918 жылдары азық-түлік пен өнеркәсіп товарларының бағасы 107% өсті, ал нақты жалақы соғысқа дейінгі деңгейде қалып қойды/2/. Испанияның африкандық отарларындағы халықтың жағдайы адам төзгісіз болды. Соғыс аяқталғаннан кейін соғыс кезінде соғыс тапсырыстарын орындаған жүздеген завод-фабриклар жабылды, жұмыссыздар көбейді. Экспорт күрт қысқарды, песета 25% құнсызданды. Соғыс, соғыстан кейінгі дағдарыс жұмысшыларды тым күйзелтіп кетті. Осының салдарынан елді жаппай ереуілдік қозғалыс жайлады. Мысалы, 1918 жылы — 463, — 900, 1920 жылы — 1060 ереуіл болып өтті. Ереуілге шыққандардың саны күннен күнге көбейді. Егерде 1918 жылы 109 мың адам болса, жылы 245 мыңға жетті/3/. Жұмысшылар жалақыны көбейтуді, жұмыс күнін қысқартуды, қымбатшылықгы жоюды талап етті. Бірінші дүниежүзілік соғыс пен Ресейдегі Қазан революциясының әсерінен 1918-1920 жылдары ғасырлар бойы помещиктер мен католиктік шіркеу езіп келген испан шаруалары да бой көтерді.

Испанияда орын алған қозғалыстың ең ірілерінің бірі Каталония өнеркәсібінің басым көпшілігін электр энергиясымен жабдықтайтын Канадиенс электр компаниясы жұмысшыларының ереуілдері еді. Ереуіл 1919 жылы 21 ақпанда кәсіпкерлердің жалақыны төмендетуіне қарсылық ретінде басталды. Көп ұзамай ереуілшілдерге Каталонияның барлық фабрикаларының тоқымашылары қосылды. Үкімет Каталонияға қоршау жағдайын енгізіп, мұнда ірі әскери бөлімдерді, жандармерия мен полицияны әкеліп ереуілді тоқтатуға тырысты. Дегенмен жұмысшылардың табандылығы кәсіпкерлерді шегінуге мәжбүр етті. Кәсіпкерлер ереуілшілердің бәрін жұмысқа алуға, ереуілге шыққан күндеріне ақы төлеуге, жалақының төменгі минимумын белгілеуге уәде берді. Барселонада кәсіпкерлер осы уәделерін орындамауына байланысты 24 наурызда қайтадан жалпы ереуіл жарияланды. Осы жылдары испан жұмысшы табының ұйымшылдығы өсті. Ұлттық Еңбек конфедерациясының 1914 жылы 100 мың мүшесі болса, ол 1920 жылы 1200 мың адамға жетті. Оңшыл социалистер басқарған еңбекшілердің Жалпы одағы 1920 жылы 200 мыңнан астам жұмысшыларды біріктірді, ол 1915 жылдан екі есе артық. Алайда лидерлерінің реформистік және анархист-синдикалистік идеология мен тактикасы жұмысшыларының бірлескен күрес одағын құруға кедергі келтірді. Реформистер монархия мен кәсіпкерлердің іскерлік ынтымақтастығы туралы насихаттап, таптық күрестен бас тартты. Анархист-синдикалистер ереуілдік қозғалысты қолдады, бірақ жұмысшыларды саяси күрестен аулақтатты. Осының салдарынан табандылығына қарамастан испан пролетариаты жеңіске жете алған жоқ.

Испан жұмысшылары мен шаруаларының күресі Каталонияда, Басконияда, Галисияда ұлт-азаттық қозғалыстың жандануына әсер етті. Каталонияда, әсіресе оның басты қаласы Барселондағы көп адамдық митингілерге студенттер, жұмысшылар қатысып, автономия беруді талап етті. 1919 жылы төрт каталондық облыстардың қауымдық кеңес мүшелерінің арасында Каталонияға автономия беру мәселесі бойынша үкіметке петиция тапсыру туралы сайлау жүргізілді. Қауымдық кеңес мүшелерінің 97-і пайызы жақтап дауыс берді/4/. Бірақ оны үкімет қабылдамады.

Ұлт-азаттық қозғалыс Басконияда да кең өріс алды. 1918 жылы баскілер депутаттары испан парламентінде баскі провинцияларына автономия құқық беруді талап етті. 1919 жылы бұл првинциялар «автономия» алды, бірақ ол білім беру, денсаулық және жергілікті жерде жол салу құрылысы саларына ғана таралды. 1918 жылы Лугода өткен галилік ұлттық жиналыс автономия беру туралы король Альфонс ХІП-ден бірнеше рет өтінді, бірақ ешқандай нәтиже болмады. Каталондықтардың, баскілердің, галийліктердің ұлт-азаттық қозғалысын орта және ұсақ буржуазия басқарды. Буржуазия ұлттық аудандардың қалық бұқарасының қозғалысын Испания халқының экономикалық және саяси құқығы үшін жалпы күрсетен оқшаулауға тырысты.

Қазан революциясының, большевиктік партияның әсерімен 1920 жылы 15 сәуірде Мадридте Социалистік жастар федерациясының жиналысында Испания коммунистік партиясы құрылды/5/. Испания коммунистік партиясы құрылған соң да, анархистер мен оппуртунистердің позициясы жұмысшы қозғалысында өте ықпалды болды. Осы жағдай көп жылдар бойы экономикалық және саяси құқық үшін күрескен испан жұмысшыларының күресіне кері әсерін тигізді.

1920 жылды екінші жартысында консерватор Дато басқарған либералдар мен консерваторлардың коалициялық үкіметі халықтың наразылығын барынша басып-тастауға ашық бағыт алды. 1920 жылы қарашада үкімет Каталонияға генерал Мартинес Авидоны азаматтық губернатор, генерал Арлегиді полицияның бас инспекторы етіп тағайындады. Олар өз жұмыстарын Еңбектің Ұлттық Конфедерациясының 64 жетекшісін тұтқындау мен жұмысшылардың белсенді топтарына қастандық істеуден бастады/6/. Олардың оғынан республикандық — депутат Франсиско Лайрет сияқты демократиялық лидерлер қаза тапты. Испанияның барлық жерінде жұмысшылар мен олардың ұйымдарына қарсы террор басталды. Басқарушы топ оларға қарсы жандармерияны, полицияны, әскерді қолданды.

8 наурыз 192 жылы анархистер министрлер Кеңесінің төрағасы Датоны жақтырмай қалды. Жаңа кабинетті консерваторлар партиясы лидерлеріні бірі Альендесаласар басқарды. Бірақ та бұл үкіметте билік басында ұзақ тұра алмады. 1921 жылдың жазында Марокко халқына қарсы отарлық соғыста испан әскерінің жеңілуіне байланысты саяси дағдарыстың шиеленсуі Альендесаласар үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті.

Альендесаласар орнын консерваторлар партиясының екінші лидері Маура басты. Ол Мароккодағы оқиғаны жете білу комиссия арқылы шиеленісті бәсеңдетуге тырысты. Алайда халық қозғалысы толастамады. Компартияның шақыруы бойынша Мароккодағы соғысқа қарсы Бильбао жұмысшыларының жаппай ереуілі жарияланды. Үкіметтің Бильбао порты арқылы Мароккоға әскер жіберу жоспары іске аспай қалды. Марокко апатының айыптысы король Альфонс және оның жақындары деп тексерген комиссия дәлелдегенде, саяси жағдай одан әрі өршігі кетті. Әшкерелеу бурбондар монархиясын қолдап отырған либералдық және консервативтік партияларға сокқы болып тиді. 1922 жылы наурызда Маураны Санчес Герра ауыстырды, сол жылдың желтоқсанында либерал-демократ Гарсиа Прието бастаған үкімет құрылды.

Жұмысшылар монархия мен милитаризмге қарсы күресті күшейтті. Ереуілдер көбейді. 1922 жылдың мамыры мен тамызы арасында 25 мыңнан астам астуриялық шахтерлар жалақының азаюы мен жұмыс күнінің ұзаруына қарсы бас көтерді. Олардың ұраны «Бірде бір сантим кем және бір минутта артық болмасын!». Осымен қатар Бильбао металлургтерінің 20 мың адам қатысқан үлкен ереуілі болып өтті. 1923 жылы еңбекшілердің күресі барған сайын жанданды. Егер де 1922 жылы 120 мың адам қатысқан 487 ереуіл болса, 1923 жылы тек қыркүйектің өзінде 218 мың адам қатысқан 458 ереуіл болды. Әскерде де антимилитаристік қозғалыс өсті. Тамызда Малагада Африкаға жіберуге дайындалған батальон көтеріліс жасады. Осындай көтеріліс Гранаде мен Севильеде де болып өтті. Алайда жұмысшы қозғалысы революциялық басшылығы болған жоқ коммунистік партия саны жағынан аз әрі әлсіз еді. Осы жағдайда ірі буржуазия, жер аристократиясы, реакциялық әскерилер мен шіркеу үстемдіктің ашық террорлық түріне көшті.