Психолингвистика

Психолингвистика туралы қазақша реферат

Психолингвистика пәнаралық ғылым ретінде. Психолингвистиканың нысаны мен пәні. Оның ғылым саласындағы мәні. Психолингвистиканың анықтамасы.

4.1. Ғылыми ұғым ретіндегі мәні.

Адам құлығы және оның сөйлесімдік формасы. Адам құлығын талдаудың үш түрі: 1) лингвистикалық тұрғыдан – Ф.Соссюрдің, И.А.Бодуэн де Куртэненің, Л.В.Щербаның тілдік зерттеулеріндегі психолингвистикалық аспектілері; 2) психологиялық тұрғыдан – Дж.Уотс мен Э.Толменнің құлық теориясы; 3) ақпараттық тұрғыдан – «код», «белгі», «хабарлама», «кодтау», «кодсыздау» түсініктері. Сөйлесімдік қарым-қатынас белгілі бір стимулға жетудің  реакциясы секілді (бихевиоризм). Ч.Осгудтың тілдік құлығының үш деңгейлі моделі. Құлық пен қарым-қатынас: К.Бюлердің белгі, симптом және символ туралы теориясы; бихевиоризм жөніндегі сыны.

Адам құлығын талдаудың жаратылыстану-ғылыми және гуманитарлық амалдары. Дәл және жалған ұғымдар. Бихевиористік психолингвистиканың жаратылыстану ғылымы ұстанымы жөніндегі хабары. А.А.Ухтомский оқуларындағы психолингвистика үшін оның маңыздылығын көрсететін құлық факторы ретіндегі тірек сөздің гуманитарлық қыры.

Тілдік мүмкіншіліктерді және тілдік белсенділікті түзуші (Н.Хомский, Дж.миллер) ретіндегі сөйлесімдік құлық. ХҮІІ ғасырдағы құлық пен ойлау табиғатын зерттеуші ғылыми теориясы аталмыш тұжырымдаманың философиялық негізі болып саналады (Декарттың философиясы, картезиандық тіл білімі, Х.Гуарттың теориясы). Трансформацияның психологиялық дәлдігі негізінде қалыптасқан психолингвистикалық зерттеулер (Дж.Миллердің, К.Мак-Киннің, Г.Сэвиннің, Э.Перчоноктың эксперименттері). Семантикалық компоненттің кіріспесінде қалыптасқан психолингвистикалық эксперименттер. Дж.Миллердің психолингвистикаға көзқарасы. Адамзат санасында берілетін тілдерді үйрену және білім жүйесі арасындағы байланыс (Н.Хомский). Н.Хомский мен Дж.Миллер тұжырымдамаларының күшті және әлсіз жақтары.

4.2. Психолингвистикалық аспектідегі ойлау.

Эгоцентризм мен децентризмнен бастап объективті ұстанымға дейінгі ойлау мен сөйлесімнің дамуы (Ж.Пиаждың тектік теориясы). Әлеуметтік тектегі ойлаудың қалыптасуы: Л.Леви-Брюльдің ойлаудың пралогикалық және логикалық типтері туралы пікірі. Л.С.Выготский мен А.Баллонның тектік теориясының сыналуы. Ойлау мен сөйлесімнің іскери табиғаты. Оның дамуын түсіну сыртқы қызметтердің интериоризациясы сынды. Л.С.Выготскийдің ішкі сөйлесім жөніндегі ойлары. Оның негізгі мазмұны. Ойлаудың дамуын қарастыру қызметтің басты түрлерінің ауысуы секілді (А.Н.Леонтьев). Вербальды және вербальсыз ойлау.

4.3. Оның вербальды және вербальсыз қарым-қатынастың санасыздығы.

Санасыздықтың екі тұжырымдамасы: З.Фрейд және А.А.Ухтомский. Интеллектуалды әрекет құрылымындағы санасыздықтың рөлі. Саналылық пен санасыздықтың өзара арақатынасы  тұлғаның психологиялық типінің бір мазмұны ретінде (К.Юнг). Санасыздық және тіл (Ж.Лакан).

4.4. Айтылымның негізгі моделі.

Модел түсінігі. Қарым-қатынас моделі (Дж.Синклер, Дж.Брунер). Л.С.Выготскийдің моделі: ішкі сөйлесім арқылы уәжден семантикалық жоспар мен сыртқы сөйлесімге дейін. А.Р.Луридің деңгейлік моделі. А.А.Леонтьев пен Т.В.Рябовтың (Ахутин) айтылым моделі.

4.5. Ойлау мен сөйлесім онтогенезінің психолингвистикалық қыры.

Тілді ұқсастыру жолымен меңгеру және ұқсату тәсілімен әрекет ету (бихевиористикалық және небихевиористикалық зерттеулер). Баланың тілдік қабілетінің тумалығы туралы қағида жалпы грамматикалық ұстанымдардың түсінігі ретінде (Н.Хомский). Әлеуметтендіру баланың интеллектуалды және сөйлесім әрекеті қалыптасуының негізін салушы ретінде қарастырылады (Л.С.Выготский). Баланың қарым-қатынасын кешенді түрде зерттеу аспектінің үш жағы ретінде саналады, олар: дамудың формасы, құралы, қарастырылуы, сондай-ақ қарым-қатынас.

4.6. Сөйлесім ауытқушылығының психолингвистикалық аспектісі.

Сөйлесім ауытқушылығы және оны зерттеудің психолингвистикалық тәсілдері. Өндіріс пен сөйлесім кезінде синтагматиканың немесе парадигматиканың бұзылуы негізінде афазияның таптастырылуы (А.Р.Лурия). Осы бұзылудың сол жарты шардың белгілі бір аймақтағы бұзылумен өзара арақатынасы. Жарты шар арасындағы асимметрия проблемасы. Адамның сөйлесім және интеллектуалды әрекеті кезінде оң жарты шардың қызметі.

4.7. Бұқаралық ақпарат қатынасының ықпалын зерттеу саласында психолингвистиканың мақсат-міндеті.

Психолингвистикалық зерттеулердің болашағы.